рт
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Жамбылдық полицейлер 220 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеген
Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, "Қарасора-2020" жедел алдын алу іс-шарасы барысында өңірден 220 келіден астам түрлі есірткі заттары анықталған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Маусым, 2020
Ресейде Жеңіс парады өтіп жатыр
Ресейдің 28 қаласында, соның ішінде қаһарман қалалары мен әскери округтер, армия және армия корпустары, флоттары орналасқан қалаларда Жеңістің 75 жылдығына арналған парад өтіп жатыр, - деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Әлем • 23 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Мәскеуде жүр
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады,- деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Тараз қаласында құрылыс қарқынды жүргізілуде
Бүгінгі таңда "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласынағы 389 жобаны қаржыландыруға 16 миллиард 965,8 миллион теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, қаладағы еңбек нарығына да сұраныс артады. Нәтижесінде, азаматтар 405 тұрақты және 5666 уақытша жұмыс орнымен қамтылады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 23 Маусым, 2020
Барселоналық театр концертіне тек өсімдіктер қатысты
Барселонадағы Лисео опера театры карантиннен кейінгі алғашқы концертін екі мың өсімдіктің алдында ойнады. Әртістер "Хризантема" миниатюрасын сахналаған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 23 Маусым, 2020
Достоевский қолтаңбасы 5,5 миллион рубльға сатылды
Аукционға қойылған Федор Достоевскийдің қолтаңбасы бар "Өлі үйдегі жазбалар" ("Записки из мёртвого дома") атты кітабы бес жарым миллион рубльға сатылды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Павлодар облысының әкімі тәртіп сақшыларын құттықтады
Полицейлерге арналған құттықтауды аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Алматылық меценаттар мен волонтерлар "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Республикалық Biz Birgemiz онлайн-форумының барысында COVID-19-бен күресте ерекше белсенділік танытқандардың еңбектері аталып өтті, олардың арасында дәрігерлер, полиция қызметкерлері, волонтерлар мен журналистер бар, - деп жазады Egemen.kz
Президент • 23 Маусым, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаевтың "BIZ BIRGEMIZ" жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
Спорт • 23 Маусым, 2020
Ертең Лионель Мессидің туған күні
Ертең әлемдік футболдың шоқ жұлдызы Лионель Мессидің туған күні. Аргентина ұлттық құрамасы мен Испанияның "Барселона" клубының сұрмергені 33 жасқа толады, - деп жазады Egemen.kz
Президент • 23 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Біз біргеміз" онлайн-форумында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғыс білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Маусым, 2020
АҚШ билігі бірқатар визаны беруді тоқтатты
АҚШ президенті Дональд Трамп жыл соңына дейін бірқатар визаны беруді тоқтатты және Green-карта ұстаушылардың кейбір жекелеген санатына кіруге тыйым салуды ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 23 Маусым, 2020
Ең күрделі спорт түрлерінің тізімі жарияланды
АҚШ-тың ESPN телеарнасының сарапшылары ең күрделі спорт түрлерінің рейтингін жариялады, - деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Спорт • 22 Маусым, 2020
Таеквондодан Қазақстан чемпионаты кейінге шегерілді
Таеквондодан балалар арасындағы Қазақстан чемпионатының уақыты ауыстырылды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Видео • 22 Маусым, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15-21 маусым аралығындағы жұмысына бейне шолу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15-21 маусым аралығындағы апталық жұмысына бейне шолуды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминнің, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есептерін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Үй ауласына есірткі еккен қызылордалық ұсталды
Қызылорда облысында 59 жастағы тұрғын үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдік еккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Білім • 22 Маусым, 2020
Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Eurosert сертификаты берілді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде "Парасат" орталығы ашылған сәттен бастап, жаңадан құрылған құрылымның алдына қойылған басты міндеттердің бірі - ИСО 37001-2016 жылғы халықаралық стандарт талаптары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің жүйесін (СЖҚМЖ) әзірлеу және енгізу болатын, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Маусым, 2020
Ешкімнен жеңілмеген күйі үлкен спортпен қош айтысты
Кәсіпқой бокстан WBC нұсқасы бойынша аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы 34 жастағы Ванхенг Менайотин былғары қолғабын шешеге ілгені жайында ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Маусым, 2020
Осыдан дәл 50 жыл бұрын, яғни 1970 жылдың 21 маусымында Мексикада ұйымдастырылған әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 20 күнге созылған доп додасы Бразилия футболшыларының айқын жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Маусым, 2020
Сирек кездесетін Күннің тұтылуы Азия елдерінде байқалды
Аспан әлемін бақылаушылардың айтуынша, Батыс Африканың кейбір жерінде, Араб түбегінде, Оңтүстік Азияда, Қытайдың оңтүстігінде және Таиваньда күннің күрт тұтылуы байқалған, деп жазады Egemen.kz
Видео • 22 Маусым, 2020
ҰБТ-ның алғашқы күні қалай өтті?
Кеше 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. Олардың қаншасы ҰБТ-ға келмей қалды? Кей талапкерлер ҰБТ-дан неге шеттетілді? Толығырақ видеода.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Таразда бірқатар нысандар қайта жаңғыртылады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Ол әуелі "Март" сауда және ойын-сауық орталығының жанында орналасқан "Арбат" жаяу жүргіншілер жолының үшінші кезеңінің құрылысымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды - министрлік
2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 5 954 жобаны жүзеге асыру басталып, олардың ауқымында 120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 21 Маусым, 2020
Ертіс ауданындағы су желісі монополистер қарауына берілуі мүмкін
Өңірдегі Ертіс ауданында орналасқан Беловод топтық су желісі арқылы берілетін су мемлекет тарапынан субсидиялануы мүмкін, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Маусым, 2020
Павлодар облысында 39 өрт сөндіру бекеті құрылды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, еліміздің "Азаматтық қорғау туралы" заңына сәйкес жергілікті әкімдіктердің құзыретіне өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жоқ ауылдарда өрт сөндіру бекеттерін құрып, оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету айтылған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Маусым, 2020
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Батыс өңірінде сарбаздар қарияларға азық-түлік таратты
Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімде әскери борышын өтеп жатқан Ұлттық ұлан жауынгерлері өз үйінде оқшауланған жалғызбасты қариялардың үйіне азық-түлік таратты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
Әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізуге толықтырулар енгізіледі
"Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.