Астана
Елорда • 26 Маусым, 2024
Астанада тағы бір автобус жолағы пайда болады
Астанада қоғамдық көліктерге арналған тағы бір арнайы жолақ – Bus Lane енгізіледі. Бұл туралы 2024 жылдың 26 маусымында «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Маусым, 2024
Алматы мен Астанада аптап ыстық болады
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Маусым, 2024
«Qazaq Arlany»: Елордада жас боксшылар арасында турнир өтіп жатыр
Бокстан Астана күніне арналған 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы «Qazaq Arlany» ашық республикалық турнирі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Маусым, 2024
Елордада жігітті пышақтап, көшеде тастап кеткен
Астанада Иманов көшесіндегі ойын-сауық мекемесінің жанынан қансырап жатқан жігіт табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Маусым, 2024
Астанада абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр
Астанада қаланы абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы жылы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2024
Қылмысты ашу үшін сыни ойлау қажет - криминалист
Криминалист – қылмыстық құрамы бар оқиға орынына басқадан бұрын жететін зерттеуші. Осы мамандардың кәсіби әрекеті, қырағылығы - күрмеулі қылмыстың түйінін тарқатудың алғышарты. Тәулігі түрліше құбылатын криминалистиканың қыр-сырын білмекке құмартушылар көп. Біз 2008 жылдан бері Құқық қорғау қызметінде, 2013 жылдан криминалистикада елеулі еңбек етіп жүрген Астана қаласы Есіл аудандық полиция бөлімнің қызметкері Ринат Мұқышевпен саланың сан қырын сараладық.
Спорт • 24 Маусым, 2024
Астанада садақ атудан халықаралық турнир өтеді
27 маусымда басталатын «Астана Гран-приі» III халықаралық турнирі 3 шілдеге дейін өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 24 Маусым, 2024
Астанада жаңа оқу жылы кеш басталуы мүмкін
ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін іс-шаралар кезінде жолдардағы кептелісті азайту мақсатында қандай шаралар қабылданатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Маусым, 2024
Астанада өртенген тұрғын үй бюджет қаржысына жөнделе ме?
22 маусым күні Астанадағы «Rixos Khan Shatyr Residences» тұрғын үй кешенінің сыртқы жабыны өртеніп, пәтерлер зақымданған еді. Әкімдік үйді жөндеу мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 24 Маусым, 2024
Астанада екі көше қиылысы уақытша жабылды
Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа-Ә.Жангелдин көшелері қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 23 Маусым, 2024
Астананың сол жағалауындағы алапат өрттің себебі анықталды
Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы көпқабатты үйдегі өрттің алдын ала себебін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Маусым, 2024
Астанада тұрғын үйдің 26-қабатынан алапат өрт шықты
Астанада Ханшатыр сауда орталығының маңындағы көпқабатты тұрғын үй өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 22 Маусым, 2024
Астана әуежайында ұшу кестесі өзгерді
Астана халықаралық әуежайындағы жағдайға байланысты әуе компаниялары жолаушыларға ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Маусым, 2024
Елордалық тұрғын балалар емханасында жанжал шығарды
Астанадағы балалар емханасында әйел мен дәрігер арасында жанжал туды. Жанжал кезінде әйел дәрігердің телефонын сындырды. Бұл туралы 21 маусымда елорда әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Маусым, 2024
Астана тұрғыны автосалонды сотқа беріп, 16 миллион теңгеден астам ақша өндіріп алды
Астаналық тұрғын автосалондардың бірінен құны 15 млн теңге тұратын көлікті сатып алған. Үш айдан кейін көліктен ақаулар табылған, деп хабарлайды Egemen.kz Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Маусым, 2024
Гендерлік теңдікті ілгерілету: Астанада дипломатиядағы әйелдер рөлі талқыланды
Бүгін Астанада Қазақстандағы БҰҰ, Maqsut Narikbayev University мен Қазақстан қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен 24 маусымда атап өтілетін Дипломатиядағы әйелдер халықаралық күніне орай «Кедергілерді бұзу: дипломатиядағы әйелдер» атты панельдік талқылау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Маусым, 2024
Астанада жүк көлігінің салмағын өлшейтін жүйе орнатылады
Астанада 23 маусымда Өндіріс тас жолының бір бөлігі жабылып, жүк көлігінің салмағын өлшейтін жүйе орнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2024
Жас жігітті судан аман алып шыққан полицей марапатталды
15 маусым күні Астанадағы «Серуен» көпірінен секіріп кеткен жас жігітті құтқарып қалған Нұрғали Әсілхан құрметке бөленді, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 20 Маусым, 2024
ШЫҰ жастары «Жасыл күн тәртібін» талқылады
Астанада «Экологиялық ортадағы жастар көшбасшылығы: ШЫҰ шеңберінде тұрақты болашаққа жол салу» тақырыбында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің XVII отырысы өтті. Ұйымдастырушы – «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанаты. Іс-шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Маусым, 2024
Астана әуежайы көлікті жалға беру қызметін енгізді
Елорда әуежайында халықаралық компанияның көлікті жалға беру қызметі пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Маусым, 2024
«Мерейлі отбасы-2024»: Астанада қалалық комиссия отырысы өтті
Елордада «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Айбын • 19 Маусым, 2024
Жасөспірімді ажалдан құтқарған ұландықтар марапатталды
Бүгін Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің саптық алаңында жасөспірімді ажалдан құтқарып қалған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды. Іс-шараға әскери бөлім командирі генерал-майор Аян Есжанов, «Ақ жол» ҚДП Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары, Мәслихат депутаты Абзал Әбенов, партияның Жастар саясаты бойынша кеңесшісі Ұлан Құсайынов, Астана қаласының Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғаныс подполковнигі Мадияр Мырзагелдинов қатысты, деп жазады Egemen.kz ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 19 Маусым, 2024
Астанада есірткіге қарсы акция ұйымдастырылады
26 маусым - Халықаралық есірткі заттарын пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні. Осы күнге орай Астанада «Астана – есірткісіз қала!» ауқымды акциясы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 19 Маусым, 2024
Астанада Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылының Р.Қошқарбаев даңғылынын бастап Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 18 Маусым, 2024
Астанада балабақшалар екі күн бойы жұмыс істемейді
3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Осыған байланысты елордадағы балабақшалар екі күн бойы жұмыс істемейді, деп жазады Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Елорда • 17 Маусым, 2024
Астанада тағы бір орталық көше жабылады
Астана қаласының әкімдігі Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін Қабанбай батыр даңғылының бойындағы учаске толығымен жабылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 17 Маусым, 2024
«Астана-Зеленстройдың» бұрынғы басшысы қылмысын жасырмақшы болды
«Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2024
Астанада жатақханадан шыққан өрттен қария зардап шекті
Өткен түні Астана қаласының Сарыарқа ауданында жатақханаға айналдырылған екі қабатты үйден өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 14 Маусым, 2024
Астана әуежайында түнгі рейстер саны артады
Жаз айларында Астана әуежайы жолаушыларға ыңғайлы болу үшін пайдалану ережелерін ұзартып, жыл соңына дейін енгізілген техникалық үзілістерді қысқартады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚГА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Маусым, 2024
Нұртөре Жүсіп Астана әкімдігінің технологиялық колледжінің ұжымымен кездесті
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Астана әкімдігінің технологиялық колледжінде болды. Сенатор кітапхананың материалдық-техникалық базасымен және кітап қорымен танысты, сондай-ақ білім беру мекемесінің басшылығымен және педагогикалық құрамымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.