АҚ
Президент • 12 Қаңтар, 2022
Президент:Табысты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз!
Мемлекеттің басты міндеті - отандастарымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету. Адал бәсекелестікті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы – жаңа экономикалық бағыттың басты құрамдас бөлігі, деп жазды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасына, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 12 Қаңтар, 2022
Қазақстанда карантиндік шектеулер күшейтіледі
Бүгін, 12 қаңтарда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022
Еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі аяқталды
Қазақстанның бірнеше облысында төтенше жағдай режимінің күші жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қаңтар, 2022
Әлем көшбасшылары ҚР Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстандағы қайғылы оқиғаларға байланысты әлемдік көшбасшылар мен халықаралық құрылымдар өкілдерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қаңтар, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады
Кездесу барысында Президент Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысына көңілі толғанын айтып, ҰҚШҰ бойынша одақтастарына террористік акті кезінде Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022
«Шымбұлақ» курорты жұмысын қайта бастайды
Ертеңнен бастап Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» демалыс орны өз жұмысын қайта жалғастыра бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz тау-шаңғы курортының ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022
Ақтөбе әкімдігі 300 миллион шығынға батқан
Ақтөбедегі жаппай тәртіпсіздік кезінде көшелерде тонау фактілері тіркелген жоқ. Алайда облыс әкімдігінің ғимараты зардап шекті, келтірілген шығын шамамен 300 млн теңгені құрады. Бұл туралы тікелей эфир барысында облыс әкімінің орынбасары Руслан Қамбаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Қаңтар, 2022
АҚШ Қазақстан Үкіметіне алғыс білдірді
Алматыдан АҚШ консулдығының кейбір қызметкерлері, азаматтары мен басқа да шетелдіктер уақытша эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қаңтар, 2022
Мемлекет басшысы қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы қайғылы оқиғалар барысында қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті. Президент мемлекет тарапынан оларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қаржы • 12 Қаңтар, 2022
Капиталды елден негізсіз шығаруға қарсы нақты шаралар қабылданады
ҚР Қаржы министрлігі Президенттің тапсырмаларын дереу орындау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 12 Қаңтар, 2022
Көмір тұтынушыларға үзіліссіз жеткізіледі - ҚТЖ
Қазіргі уақытта темір жол арқылы әлеуметтік маңызы бар жүк-тас көмірді тасымалдау жоспар бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қаңтар, 2022
Президент Алматыда жедел штабтың отырысын өткізді
Мемлекет басшысының төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Онда Үкіметтік комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев және Ішкі істер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Қаңтар, 2022
Жолаушылар тасымалы барлық бағытта қалпына келді
Бүгінгі таңда жолаушылар пойыздары кесте бойынша және барлық бағытта жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 12 Қаңтар, 2022
Алматы қаласының бас санитары тағайындалды
Сәдуақас Байғабұлов Алматының бас санитар дәрігері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2022
Нан бағасын тұрақтандыру үшін субсидия беріледі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев АӨК-ті дамытуға қатысты бірқатар шаралар жөнінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Қаңтар, 2022
Әлихан Смайылов күш құрылымдарының қызметкерлеріне алғыс айтты
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет атынан күш құрылымдарының қызметкерлеріне елдегі қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру жөніндегі іс-әрекеттері үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің сайтына сілтеме жасап.
Білім • 12 Қаңтар, 2022
Білім капиталы қашан да басты құндылық саналған
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Парламент Мәжілісінде саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешуде ең маңызды вектор ретінде сапалы білім екендігін атап өтті.
Коронавирус • 12 Қаңтар, 2022
Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 12 Қаңтар, 2022
«Қызыл» аймаққа екі өңір қосылды
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 11 Қаңтар, 2022
Асқар Омаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Асқар Омаров Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2022
Алматы еріктілері ыстық тамаққа ақша жинағандарын жоққа шығарды
Жалған ақпарат «Алматы. Волонтеры питание» Telegram-арнасында жарияланды. Қаражат полиция мен дәрігерлер үшін ыстық тамақ ұйымдастыру үшін қажет екені жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022
Ақтөбеде 83 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Ақтөбе қаласында коменданттық сағат тәртібіне бағынғысы келмейтіндердің саны азаяр емес. Өткен түні 83 тұрғын тәртіпке бас игісі келмей, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022
Лаңкестер «Қазақтелеком» кеңселерін басып алмақ болған
Лаңкестер «Қазақтелеком» ұлттық байланыс операторының кеңселерін басып алмақ болған. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ басшысы Қуанышбек Есекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022
Жалған ақпарат таратқан Байқоңыр тұрғыны жауапқа тартылды
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының 49 жастағы тұрғынының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қаңтар, 2022
Билік өкілдерінің жалақысын өсіруге 5 жылдық мораторий жарияланды
Президент Үкімет мүшелерінің, әкімдер мен депутаттардың жалақысын көтеруге 5 жылдық мораторий жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қаңтар, 2022
Құқық қорғау жүйесін реформалауға түзетулер енгізу қажет - Президент
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында құқық қорғау жүйесін реформалауға шұғыл түзетулер енгізу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қаңтар, 2022
Қазақстанда 10 мыңға жуық адам ұсталды - ІІМ
11 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 9900 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2022
ҰҚШҰ Қазақстанда әскери контингентті өрістетуді аяқтады
ҰҚШҰ Қазақстанда әскери контингентті өрістетуді толық көлемде аяқтады. Бұл туралы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2022
Қазақстанға ҰҚШҰ-ның қанша әскері келді?
Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасында саны 2030 адам және 250 бірлік техника ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері өрістетіліп, қойылған міндеттерді орындауға кірісті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қаңтар, 2022
Елдегі конституциялық тәртіп қалпына келтірілді - Президент
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясында Қазақстанда конституциялық тәртіп қалпына келтірілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.