ек
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Түркістан облысына Өзбекстаннан 142 мың қорап дәрі-дәрмек жеткізілді
Көрші елден жеткізілген дәрі-дәрмектер арасында "аскорбин қышқылы" мен "дексаметозон" және "гепарин" сынды препараттар бар. Науқастарға аса қажетті дәрілер облыс аумағындағы барлық ауруханалар мен емханаларға таратылады.
Әлем • 14 Шілде, 2020
Ұлыбританияда дәрігерлер коронавирустың екінші толқыны туралы айтып берді
Егер вирустың таралуын бақылау бойынша елеулі шаралар қолданылмаса, осы қыста күтілетін COVID-19 таралуының екінші толқыны кезінде Ұлыбританияда коронавирусты жұқтырғаннан кейін 120 мыңға жуық адам көз жұмуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz Ұлыбританияның медицина ғылымдары академиясының зерттеу деректеріне сілтеме жасап.
Медицина • 14 Шілде, 2020
Мониторингтік топ елорда дәріханаларын тексерді
Соңғы екі күнде елордаға 1 млн 200 мың қаптама дәрі-дәрмек әкелінді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Әулиеаталық Еңбек Ері елге көмек беруде
Бүгінгідей күрделі кезеңде еліміздің қайырымды азаматтары көпшілікке қолдан келген көмегін көрсетіп, оларға қолдау білдіруде.
Медицина • 14 Шілде, 2020
Карантин шаралары елорда дәрігерлерінің жүктемесін азайтты
Нұр-Сұлтанда 5 шілдеде карантин шаралары енгеннен бері, медицина қызметкерлері мен медициналық мекемелердің жүктемесі төмендеді. Егер бұрын күніне 500-ге жуық науқас келіп түссе, қазір екі есе төмен көрсеткіш байқалады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Үкімет • 14 Шілде, 2020
Электронды еңбек биржа арқылы 281 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Премьер-Министр Асқар Маминннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-еңбек саласындағы Президент тапсырмаларын іске асыру туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Маңғыстауда “Халыққа көмек” қоғамдық штабы құрылды
Өңірдің бірнеше белсенді кәсіпкер азаматтары, оның ішінде Ақтау қаласы мәслихатының депутаттары бастама көтеріп, облыс әкімі және Ақтау қаласы әкімімен ақылдаса отырып, биылғы жылдың 11 шілдесінде "Халыққа көмек" қоғамдық штабын құрды. Қоғамдық штабты басқару Еділ Жаңбыршинге тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Маңғыстауға БАӘ-нен медициналық жабдықтар жетті
Біріккен Араб Әмірлігінен аймаққа гуманитарлық көмек жеткізілді. 7,5 тонна жүк тиелген әуе кемесі Ақтау халықаралық әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Шілде, 2020
Аймақтарға ыстық түсіретін және антибактериалды препараттардың бір айлық қоры жөнелтілді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз ету үшін Үндістан мен Ресейге ұшақ жіберілетінін мәлім етті, деп жазады Egemen.kz
Технология • 14 Шілде, 2020
Жасанды интеллект адамзатты коронавирустан емдей ала ма?
Қытайда COVID-19 инфекциясының эпидемиясы басталғаннан сәттен бастап оларда жасанды интеллект осы бағытта қолданыла бастады. Қазір көптеген стартап осы вирусты тоқтату бағытында жасалып жатыр. Көрші елде жасанды интеллектті өкпенің рентген кескініне қарап ауруды анықтауға, видеоға қарап дене температурасын өлшеу мен жүрек соғысын анықтауға үйретіп жатыр. Сонымен қатар, осы тәсілмен әр өңірде аурудың ахуалын қадағалау мен оны модельдеу де қолға алынуда. Жасанды интеллекттің заманауи алгоритмдері ғалымдарға коронавирустың құрылымын зерттеп, жақын арада оның вакцинасын жасап шығаруға көмектесуде.
Қазақстан • 14 Шілде, 2020
Оқушылар 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқитын болды
Қазақстанда оқушылар 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқитын болды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Елорда әкімдігі дәрі-дәрмектердің тұтынушыға дейін жеткізілуін қадағалайды
Кеше Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қалалық басқарма басшыларымен, дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізетін дистрибьюторлармен бейнеконференция өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 14 Шілде, 2020
Денсаулық сақтау министрі қыркүйекте барлық мектепте оқушыларды қашықтан оқытуды ұсынды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылында барлық орта мектепте балаларды қашықтан оқытуды ұсынды, деп жазады Egemen.kz
Медицина • 14 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанға 16 тонна дәрі-дәрмекпен тағы бір жүк ұшағы келді
Нұр-Сұлтанға тағы бір жүк ұшағымен коронавирус, пневмония және басқа да бірқатар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмек келді, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 13 Шілде, 2020
Елімізде карантин тағы 2 аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Жамбыл облысына қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткізілді
Бүгін Жамбыл облысына коронавирус пен пневмонияны емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің үлкен партиясы жеткізілді. Осы арқылы өңірде дәрі тапшылығы мәселесі шешілуде.
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Түркістан қаласының дәріханаларында дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі анықталды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев бастаған жедел топ Түркістан қаласында орналасқан дәріханаларға арнайы барып, дәрілік заттардың баға тұрақтылығына және сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 13 Шілде, 2020
Ұлықбек Есдәулет: Әр қазақ – Қазақстан қазынасы!
Күллі әлемді құйындай жайпап өткен кесірлі, кесапатты кесел Қазақстан халқына ауыр тиді. Жұқпалы науқасқа шалдыққандар, көз жұмғандар саны күрт өсті. Күн сайын түрлі жаманат хабардан жер селкілдейді. Әлеуметтік желіге кіруге қорқатын болдық. Ковид пен пневмония десе жұрттың жүрегі дірілдейді. Бейне бір ешкімді әскерге алмай-ақ, сапқа тұрғызбай-ақ, қан майданның қасабына ұшырататын, көзге көрінбейтін қырғын соғыс жүріп жатқандай.
Қоғам • 13 Шілде, 2020
Темірхан Медетбек: Бұл - "мылтықсыз майдан"
Бұл кезең - қазақтың басына ғана емес, барша адамзат баласына келген зұлмат кезең болып отыр. Шартарапты шарлаған індеттен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын.
Қазақстан • 13 Шілде, 2020
Алексей Цой індеттен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Коронавирус пандемиясының құрбандарын ұлттық аза тұту күні денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы індеттің салдарынан жақындарынан, туған-туыс, бауырларынан, әріптестерінен айырылған еліміздің барша тұрғындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Шілде, 2020
Түркістанда тұрғындарға аса қажетті дәрі-дәрмек шекті бағамен сатылуда ма?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев бастаған жедел топ дәріханаларға барып, дәрілік заттардың баға тұрақтылығына және сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанға жүк ұшағымен COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сайкес Үкімет дәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл жұмысты елорда әкімдігі де жүзеге асыруда, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Шілде, 2020
Атырауда интернеттің жылдамдығын тексеріп жатыр
Өткен оқу жылында өңірдегі 196 мектепте 129 500 оқушы білім алған еді. Енді биыл оқушылардың саны 131 мыңнан асқалы отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Шілде, 2020
Өзбекстанда карантин күшейтіледі
Бұл туралы арнайы республикалық комиссияның кезекті шешімінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz uznews.uz-ге сілтеме жасап.
Қазақстан • 12 Шілде, 2020
Жекешелендірудің үшінші толқыны басталады
"Бұл жолы не сатылады?" деген мәселе қазір тренд болып тұр. Себебі біздің ел әлеуметтік саясатқа басымдық беретін әлемдегі санаулы ғана елдердің қатарында тұр. Егер оны кезең-кезеңмен бөліп қарасақ, 2016 жылдың аяғына дейін жекешелендірілген нысандардың 90 пайызы – коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Шілде, 2020
Елордада дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр
Елордада дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда. Адам көп жиналатын орындарға: саябақтарды, тынымбақтарды, бульварларды және т.б. дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Шілде, 2020
Елордада 12 жаңа мектеп салынып, 16 мектеп жөндеуден өтеді
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бірқатар білім беру мекемелерін жөндеу барысымен танысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Әлем • 10 Шілде, 2020
Гонгконгта мектептер қайта жабылады
Гонконгтың барлық мектебі вирусты жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қайта жабылады. Бұл туралы South China Morning Post газетіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 10 Шілде, 2020
Алматыда 3 күнде заңсыз дәрі-дәрмек сату бойынша 11 фактінің жолы кесілді
Бұған дейін Алматы полиция Департаментінде дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтеріп жіберудің алдын алу, олардың заңсыз сатылуын болдырмау мақсатында арнайы мобильді топтар құрылғандығы туралы хабарланған болатын, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 09 Шілде, 2020
Жемқор шенеуніктер "Жол картасын" кертіп жеуге кірісті ме?
"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында биыл Алматы облысында 109,2 млрд теңге қаражат бөлінген болатын. Мол қаржының нәтижесінде аймақтағы еңбек нарығына да сұраныс артып, 23 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Қазір осы мақсатта мыңға жуық жоба мақұлданып, өңірдің барлық аудандарында жұмыс қызып тұр. Бірақ...