ас
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Ақмолада медицина қызметкерлеріне баспана салынады
Зеренді ауданының денсаулық сақтау саласының 36 қызметкерінің баспанасы жоқ. "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасымен келген 16 маман үй кезегінде тұр, - деп жазады Egemen.kz
Елбасы • 22 Маусым, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Өзбекстан Президенті Елбасына тезірек коронавирус сырқатынан сауығып, бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне оралуына тілектестік білдірді. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 22 Маусым, 2020
ҚазҰУ-дың бұрынғы ректоры қайтыс болды
ҚазҰУ-дың бұрынғы ректоры, ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Көпжаcар Нәрібаев көз жұмды. Бұл туралы профессор Дүкен Мәсімханұлы Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлады Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Берік Уәли коронавирустан айығып, ауруханадан шықты
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирустан айығып, ауруханадан шықты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Ертеңнен бастап Нұр-Сұлтандағы барлық балабақшалар жабылады
Эпидемиологиялық жағдайды және тәрбиешілердің COVID-19 жұқтыру фактілерін ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Видео • 22 Маусым, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15-21 маусым аралығындағы жұмысына бейне шолу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15-21 маусым аралығындағы апталық жұмысына бейне шолуды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминнің, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есептерін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Үй ауласына есірткі еккен қызылордалық ұсталды
Қызылорда облысында 59 жастағы тұрғын үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдік еккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Түркістан облысында биыл астықтан жоғары өнім алу жоспарланып отыр
Елімізде бірінші болып астық ору науқанын бастаған Түркістан облысында 230,0 мың гектардан жалпы 478 мың тонна астық жинау болжамдалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 22 Маусым, 2020
Елбасының атына Иордания Королі ІІ Абдалладан жеделхат келіп түсті
Иордания Королі Қазақстанның Тұңғыш Президентіне тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 22 Маусым, 2020
120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында (бұдан әрі – ЖҚЖК) 5 954 жобаны жүзеге асыру басталып, олардың ауқымында 120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Үкімет • 22 Маусым, 2020
Асқар Мамин Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді
Премьер-Министр Асқар Мамин Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Температурасы бар түлектер тестке жіберілмейді
Елдің барлық аймақтарындағы ҰБТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар қатаң ұстану арқылы өткізілуде. Осылайша, күні кеше жоғары температурамен анықталған 2 тестіленуші ҰБТ-ға жіберілмеді. Оларға басқа күндері немесе бөлек аудиторияда жалғыз тапсыру ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты, - деп жазады Egemen.kz
Спорт • 22 Маусым, 2020
Осыдан дәл 50 жыл бұрын, яғни 1970 жылдың 21 маусымында Мексикада ұйымдастырылған әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 20 күнге созылған доп додасы Бразилия футболшыларының айқын жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
1 шілдеден бастап көпбалалы отбасыларға өзгерген жәрдемақы беріледі
Жыл басынан бері Қазақстанда 400 мыңға жуық көпбалалы отбасы арнайы жәрдемақы алды. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды - министрлік
2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 5 954 жобаны жүзеге асыру басталып, олардың ауқымында 120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 22 Маусым, 2020
Ирландық әуе компания 500 жұмыс орнын қысқартады
Пандемияның салдарынан ирландық Aer Lingus әуе компаниясы 500-ге дейін жұмыс орнын қысқартпақшы, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Коронавирус жұқтырған симптомсыз 964 тасымалдаушы тіркелді
2020 жылғы 21 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 964 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Аймақтар • 21 Маусым, 2020
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы орталығында "Алтын сақа" атты алаң салынып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 21 Маусым, 2020
Сербия Президенті Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтен жеделхат келіп түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 21 Маусым, 2020
Елбасының атына Гурбангулы Бердімұхамедовтен жеделхат келіп түсті
Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады, - деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Медицина • 21 Маусым, 2020
Асқар Мамин қазақстандық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Үкімет басшысы Асқар Мамин медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Маусым, 2020
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 20 Маусым, 2020
Елбасының атына Си Цзиньпиннен жеделхат келіп түсті
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтыруына байланысты алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 20 Маусым, 2020
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Тәжікстанның Президентінен жеделхат келіп түсті
Эмомали Рахмон Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдады, - деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Елбасы • 20 Маусым, 2020
Елбасының атына Хорватияның бұрынғы Президентінен жеделхат келіп түсті
Степан Месич Қазақстанның Тұңғыш Президентіне коронавирус жұқтыруына байланысты тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, - деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.
Экология • 19 Маусым, 2020
Алматыдағы Бутаковкада бақылау құрылғылары орнатылады
Соңғы үш жылда ұзындығы 325 шақырым болатын 25 тау жолы абаттандырылды. Үлкен Алматы шатқалындағы 200 шақырымнан астам тау маршруттарын жабдықтау жоспарланды. Үлкен Алматы көлі мен Бутаковка шатқалындағы танымал туристік орындарда көру алаңдары орнатылады, Фурманов шыңындағы бұрылыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Алматыда 3,5 мыңға жуық нысан тексерілді
Алматыда коронавирус инфекциясымен күрес барысында санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылау үшін мониторингтік топтар жұмыстарын бастап кетті, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Алматы дәрігерлері коронавирусты қалай емдеп жатыр?
Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева мен инфекционист дәрігер Тамара Утаганова коронавирусты емдеу және диагностикалау хаттамаларын түсіндірді, сонымен бірге үй карантинін ұйымдастыру, ауруханаға жатқызу және коронавирус зардаптарына байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz