ек
Саясат • 18 Маусым, 2020
Қазақстан пандемия жағдайында мигранттарға көмек көрсетеді
Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым БҰҰ-ның 90 мүше-мемлекеттің, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамның 300-ге жуық өкілдерінің қатысуымен COVID-19 пандемиясы жағдайында мигранттарды қорғау мәселесі бойынша вебинар өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 18 Маусым, 2020
"Еңбек" бағдарламасына 224 мыңнан астам адам қатысты
1 маусымдағы жағдай бойынша 224,7 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 184 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 99 мыңы – тұрақты жұмысқа орналастырылды, - деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.
Видео • 18 Маусым, 2020
COVID-19 вирусы анықталғанда не істеген жөн?
COVID-19 вирусы алғаш анықталғанда қарапайым, бірақ аса маңызды ережелерді ескерген абзал. Дер кезінде қажетті шараларды қолдану - індеттен жылдам арылып, оның таралмауы үшін жасаған әрекетіңіз болмақ.
Әлем • 18 Маусым, 2020
Жапония аспанында белгісіз шар пайда болды
Сэндай қаласының аспанында пайда болған шар тәріздес формадағы объекті жапон полициясын әбден әбігерге салды. Белгісіз объекті туралы қала тұрғындарынан жаппай хабарламалар мен шағымдар келіп түсті, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Қылмыстың ізін суытпай ашудағы камераның пайдасы
Қызылжардың “Копай” ауданының тұрғыны үйіне келсе кіреберіс екі есігінің де бұзылып, терезелері шағылып қалғанын көреді. Үйге ұры кіргені бірден сезіледі. Үстел үстінде тұратын “Асер” ноутбугы да қолды болғаны көрініп тұрады. Үй иесі ақша тыққан жерін қараса, ол да бос қалыпты. Келтірілген шығынның бәрі 170 мың теңгедей екен, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Маусым, 2020
А. Мамин Қырғыз Республикасының Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының жаңа Премьер-Министрі Кубатбек Бороновпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды primeminister.kz
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Оралда түлектер әкіммен онлайн кездесті
Биыл Орал қаласында 2013 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 86 түлек алтын белгі иегері атанды. Үлкен өмірге қанат қаққан түлектермен Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков онлайн кездесу өткізді. Жиын соңы сыйлықсыз болмады, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 17 Маусым, 2020
Африкада қанша инфекция тіркелді?
Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Африкада коронавирустың таралуы жеделдеп жатқандығын ескертті, деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 17 Маусым, 2020
Роман Скляр мен Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысындағы жобалармен танысты
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысындағы жол құрылысы барысымен және ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты.
Экономика • 17 Маусым, 2020
Айыппұл көлеміне қатысты түсініктеме берілді
Аталмыш шара бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын болады. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын бұзғаны үшін Алматыда бизнес субектілеріне салынатын айыппұл мөлшері 4 млн теңгеге жетуі мүмкін деп хабарланған болатын, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 17 Маусым, 2020
Екі ел министрлері су қатынастары мәселелерін талқылады
Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен бейнеконференцбайланыс режимінде кездесу өткізді, деп хабарлады ЭГТРМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Бәйтеректіктер жол азабын неге тартты?
Батыс Қазақстан облысында биыл 37,7 млрд теңге қаражатқа республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 437,3 км жолды жөндеу, сондай-ақ "Ауыл – Ел бесігі" және "Жұмыспен қамту картасы" мемлекеттік бағдарламалары аясында облыс аумағындағы көше-жол жөндеу жұмыстары жоспарланған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Маусым, 2020
COVID - 19: Бейжің қаласында қоғамдық көліктерге шектеу қойылды
Бейжіңде муниципалитет қоғамдық көліктерді пайдалануға шектеулер қойды. Бұл туралы euronews.com агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 16 Маусым, 2020
Көпшілігі екпенің өзіне емес, оның сапасына қарсы - Аида Балаева
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасының алдын алу екпелерін салуға қатысты кейбір тармақтар қоғамның қызу талқысына түсіп, өзекті мәселеге айналғандығын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Алматының Әуезов ауданында 1 200 орынды жаңа мектеп ашылады
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданы тұрғындарының балабақшалар мен мектептерде орын тапшылығы, абаттандыру және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі өтініштерін шешу жолдарымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2020
Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде қазақтың қос мықтысы жұдырықтасады
Алматыда MTK Global компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтетіні жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Маңғыстауда Азаматтық процестік кодекстің толықтырулары талқыланды
Маңғыстау облыстық сотында Азаматтық процестік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау мақсатында семинар өткізілді, - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Қоғам • 16 Маусым, 2020
6,5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында 6,5 мың мүгедектігі бар адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар құрамына қосылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 2 мыңға жуық адам, уақытша жұмысқа – 4,5 мың адам орналастырылды, - деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 16 Маусым, 2020
"Міндетті екпе: Қолдаушылар мен қарсы болушылар" атты кездесу өтеді
16 маусым күні сағат 15.00-де "Міндетті екпе: Қолдаушылар мен қарсы болушылар" атты кездесу өтеді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің баспасөз қызметі Telegram арнасында хабарлады, - деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Ақмолада "Жас маман" жобасы іске асырылуда
Облыс бойынша "Жас маман" жобасына іріктеліп алынған 5 оқу орнының бірі Шағалалы елді мекеніндегі жоғары агротехникалық колледжі, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Атырауда көпірден секірген бойжеткен қайтыс болды
Қаланың қақ ортасындағы көпірден секірген 21 жастағы бойжеткен суға батып кетті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 15 Маусым, 2020
Атырауда 3000-нан астам түлек диплом алады
Жақында үш жоғары оқу орнын бітірген 3 мыңнан астам түлек диплом алғалы отыр. Олар 11 факультетте білім нәрімен сусындап, 79 мамандықтың иесі атанды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Атырауда масаны улау екі ауысыммен жүргізіледі
Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласында сәуірден бері көпқабатты 1188 тұрғын үйдің жертөлесі мен кіреберістеріне дезинсекциялау жүргізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Блокпосттағы оқиға: Зардап шеккен үшінші полицей ауруханадан шығады
Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Көксай шағын ауданының аумағында көлік апаты болып, қапелімде екі тәртіп сақшысы тіл тартпай кетті. Оқиға орнында үшінші қызметкердің жарақат алғаны белгілі болған еді. Зардап шеккен үшінші полицей бүгін ауруханадан шығады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Атырауда бекіре тұқымдас 289 балық ауланды
Көктемгі маусымда судан маржан сүзген балықшылар осынша балықты бекіре шабағын өсіретін екі зауытқа тапсырды, - деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Маусым, 2020
Бейжіңде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 36 жаңа жағдайы тіркелді
Қытай астанасы Бейжіңде екінші толқынның қаупі аясында коронавирус індетінің 36 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 15 Маусым, 2020
ҰБТ: Түлектер үшін қандай жеңілдіктер енгізілді?
Биыл ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Тест тапсыруға 132 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Эпидемия кезінде қашықтан оқуға көшкен мектеп түлектері үшін Білім және ғылым министрлігі бірқатар жеңілдік енгізді, - деп жазады Egemen.kz
Әдебиет • 15 Маусым, 2020
"Балалар жүрекпен үн қатады" атты байқау өз мәресіне жетті
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай әлеуметтік желілерде ұйымдастырған «Балалар жүрекпен үн қатады» атты байқауы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Видео • 15 Маусым, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саладағы реформалары
Мемлекет басшысы бір жылдың ішінде көптеген маңызды шешім қабылдады.
Спорт • 15 Маусым, 2020
ПСЖ-ның екі мықтысы командамен қоштасады
Францияның бетке ұстар футбол клубы "Пари-Сен Жермен" командасының екі мықты ойыншысы, яғни бразилиялық қорғаушы Тиаго Силва мен уругвайлық шабуылшы Эдинсон Кавани осы жазда құрамамен қоштасатын болады, - деп жазады Egemen.kz