Үкімет
Саясат • 17 Шілде, 2020
Ресей үкіметі Қазақстанға экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағдарламасын ұсынды
"Ресей Қазақстанға 2025 жылға дейін ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағдарламасын іске қосуды ұсынады", деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігі таратқан дереккөздерге сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Шілде, 2020
Үкімет басшысы пандемиямен күрес тиімділігін арттыру үшін құзырлы органдарға бірқатар міндет жүктеді
Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды, деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 14 Шілде, 2020
Қазақстанда "бизнеске арналған үкімет" бірыңғай сервисі қыркүйекте іске қосылады
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов "Бизнеске арналған үкімет" бірыңғай сервисі қыркүйекте толыққанды іске қосылатынын мәлім етті, деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 14 Шілде, 2020
Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілетінін мәлім етті, деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 07 Шілде, 2020
Асқар Маминнің коронавирус жұқтырғаны туралы жалған ақпарат тарады
Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Президент • 01 Шілде, 2020
Үкімет 14 күнге карантин жариялау туралы жоспарын ұсынды - Тоқаев
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 30 Маусым, 2020
Қазақстан оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту мәселесі қаралды. Білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов баяндады,- деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 30 Маусым, 2020
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту бюджетке 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі шаралар қаралды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 30 Маусым, 2020
Асқар Мамин елдегі цифрландыруды дамытуды тапсырды
Премьер-Министр Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне Цифрлық даму министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп "цифрлық білім беру" бағдарламасының ауқымды іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Маусым, 2020
29 маусым күні Мемлекет басшысы Үкіметпен коронавирусқа қарсы шаралар туралы кеңес өткізеді
Ертең 29 маусым күнi Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 27 Маусым, 2020
Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Премьер-Министр Асқар Мамин қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Президент • 26 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына тапсырма жүктеді
Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына тапсырма бергенін хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Қазақстан мұнай өндіруді қысқарта береді
Үкімет "Экспорттық көлемдерге пропорционалды орта, ірі және алып кен орындары үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы" Қаулы қабылдады, - деп хабарлайды primeminister.kz.
Қазақстан • 23 Маусым, 2020
Алдағы жылыту маусымында көмір тапшылығы болмайды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалағымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысын баяндады, - деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Үкімет • 22 Маусым, 2020
Асқар Мамин Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді
Премьер-Министр Асқар Мамин Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 19 Маусым, 2020
Англия билігі алдағы қыркүйекте мектептерін ашуға ниетті
Англияның Мектеп хатшысы Ник Гибб үкіметтің алдағы қыркүйек айында барлық оқушыларды ағылшын мектептеріне қайтаруға "нақты ниеті" бар екенін айтты. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Үкімет • 19 Маусым, 2020
Үкімет еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қарады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Маусым, 2020
Мемлекеттік комиссия бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Бизнесті қолдау мәселелері және жаңа экономикалық бағытты қалыптастыру тәсілдері қаралды, - деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Парламент • 09 Маусым, 2020
"Автомобиль көлігі туралы" заңға түзетулер қаралды
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызмет.