у
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Дубайда қатты жауын: Air Astana рейстері ертеңге қалдырылды
Дубай қаласында қатты нөсерлі жауын салдарынан әуе айлақты су басып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Жамбылда мектеп оқушысын зорлаған депутаттың күйеуі 20 жыл арқалады
Жамбыл облысындағы Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Галина Мороздың 55 жастағы күйеуі оқушы қызды зорлап, жүкті қылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 16 Сәуір, 2024
Орталық Азия елдеріндегі ауыл шаруашылығы жерлерінің ластану проблемалары талқыланды
Бүгін Алматыда InterContinental Almaty қонақ үйінде Орталық Азия елдерінде жасыл ауыл шаруашылығын дамыту үшін ластанған ауылшаруашылық топырағының био және фиторемедиациялық технологиялары бойынша халықаралық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Сәуір, 2024
БҚО-дағы эвакуация пункттерінде 630 бала қашықтан білім алып жатыр
БҚО-дағы эвакуация пункттерінде 603 оқушы онлайн режимінде оқып жатыр. Олар кедергісіз білім алу үшін компьютер және интернетпен қамтылған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Сәуір, 2024
Ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күші жойылады - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай обылысына жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Президент ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күші жойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Жайық бойында 100 км қорғаныс бөгеттері салынды
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын нығайту, сондай-ақ басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу және су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 16 Сәуір, 2024
Қызылорда облысындағы көлдер арнасына толды
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстандағы су арналары мен өзен-көлдердегі қазіргі сыйымдылық көрсеткішін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2024
Алаяқтар су тасқыны жағдайын азаматтарды алдау үшін пайдалана бастады
«Жеке сәйкестендіру нөміріңізді теріп төлемдердің бар-жоғын тексеріңіз», «Сілтемені басып, 3 млн теңгеге дейін өтемақы алыңыз,», «Мемлекеттен тезірек жәрдемақы алыңыз». Қаскүнемдер әлеуметтік желілерде осындай сынды жалған ақпарат орналастырып, ел азаматтырының дербес деректерін ұрлай бастады. Алаяқтықтың бұл түрі кеше-бүгін пайда болған жоқ, алайда кейбір азаматтар алаяқтардың айла-шарғыларының құрбаны болып жатады. Fingramota.kz негізгі қауіпсіздік шараларын еске салады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Сәуір, 2024
Президент су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа типтегі үй салуды тапсырды
Президент Тобыл қаласында орналасқан жедел штабта су тасқынынан зардап шеккен Қостанай ауданына қарасты ауылдардың тұрғындарымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2024
Су тасқыны кезінде 112,5 мың бас мал эвакуацияланды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 112,5 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2024
Шымкенттен қыз алып қашқан жігіт сотталды
Әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды алып қашпақ болған жігіт 4 жылға сотталды. Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Сәуір, 2024
Президент Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайын бақылады
Солтүстік Қазақстан облысынан кейін Президент ұшағы Қостанай облысына қонды. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқан аумақтарды аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Атырауда Жайыққа түсіп кеткен жылқы құтқарылды
Атыраудағы Жайық өзеніне жылқы түсіп кетті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Сәуір, 2024
Бүгін Париж Олимпиадасының алауы тұтатылды
Бұл туралы Sportqazaq телеграм арнасы хабарлады. Париж Олимпиадасының алауы Грекияда тұтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 16 Сәуір, 2024
Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған Мұқағали Мақатаев шығармашылығын насихаттау мақсатындағы «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» деп аталған онлайн-челлендж мәресіне жетті. Бұл челлендж өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында өтуімен ерекшеленді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2024
Атырауда шетелдіктен 90 мың доллар тәркіленді
Атырау әуежайында шетелдіктен 90 мың доллар тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Сәуір, 2024
Жайық жағалауын шетелдіктер де нығайтып жатыр
Жергілікті тұрғындармен бірге Жайық жағалауын нығайту жұмыстарына шетел азаматтары да қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Сәуір, 2024
Президент су тасқынымен күресіп жүрген азаматтарға алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облсына жұмыс сапары барысында аймақтағы ахуалмен танысты. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі жағдай туралы баяндаса, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Ержан Ыбыраев Солтүстік Қазақстан облысындағы төтенше жағдайдың зардаптарын жою туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 16 Сәуір, 2024
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Еуропада орнықты дамудың дебюттік облигацияларын шығарды
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Vienna MTF алаңында 100 млрд теңге сомасына және айналыс мерзімі 3 жылға орнықты даму еурооблигацияларының дебюттік шығарылымын сәтті жүзеге асырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Петропавл су торабына барды
Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмысы сапары барысында Петропавл су торабының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» • 16 Сәуір, 2024
Киелі мекен: Жетісуда тазалық акциясы жалғасты
Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты. Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, студенттері және Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты. Іс-шара аясында жастар табиғат аясында ақынның өлеңдерін оқыды. Дәл осындай тағылымды эко-шара Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай да ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Сәуір, 2024
Жақын арадағы 10 күн өте қауіпті болады деп ойлаймын - Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумағын тікұшақпен аралап көргеннен кейін қарғын су салдарынан эвакуацияланған аудандардың тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 16 Сәуір, 2024
Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі салауатты өмір сүретін білімді жастардың қолында екені хақ. Денсаулықты күтіп баптаудың бірден-бір жолы - дұрыс тамақтану. Қазіргі таңда күйбең тіршілікке бар уақытын арнап жүрген адамдар тамақтану әдебіне салғырт қарайды. Күнделікті тамақтануға ерекше көңіл бөліп, тамақ құрамының құндылығына назар аударған жөн.
Білім • 16 Сәуір, 2024
ҚазҰПУ-ның жас ғалымдары 30-ға жуық жобаны іске асырып жатыр
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ғылыми зерттеулерді жүргізу және ғылыми кадрларды даярлау тәжірибесінің нәтижесінде Ғылым комитетінің қаржыландыруымен университет базасында жүзеге асып жатқан 55 жобаның 28-іне жас ғалымдар жетекшілік етіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 16 Сәуір, 2024
Сенаторлар тасқын судан зардап шеккен облыстардың тұрғындарымен кездесті
Депутат Серік Өтешов Қарағанды облысында өңір аудандарының жағдайымен танысты. Сенатор қорғаныс бөгеттерін күшейту, ойпат жерлерге тастар мен топырақ төгу жұмыстарының барысын қадағалап, құм салынған қаптар қойылған учаскелерді қарап шықты. Сондай-ақ депутат Шет ауданына су басқан үйлердің тұрғындарымен жүздесіп, тасқыннан зардап шеккен адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Атырауда Жайық жағасындағы саяжай тұрғындарына көшу ұсынылды
Атырау қаласындағы Қайыршақты ауылдық округінде орналасқан саяжайлар тұрғындарына көшу ұсынылып отыр. Бұл туралы округ әкімі Шапхат Қалиевтың бірнеше саяжай қауымдастығының тұрғындарына жолдаған хатында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2024
«Қазақтың қуанышы көбейсін»: Жәнібек Әлімханұлы қызыл судан зардап шеккендерге қолдау білдірді
Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, отандастарына қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған пилоттық жоба іске қосылды
Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге eGov Mobile қосымшасы арқылы көмекке жүгіну бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Бокс • 16 Сәуір, 2024
Қазақ боксшылары Өзбекстан, Куба чемпиондарымен жаттығып жатыр
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы төрт жылдықтың дүбірлі додасына дайындықты бастап кетті. Париж Олимпиадасына жолдама алған қазақ боксшылары Түркістан облысында өзбек оғландары, Куба қырандарымен бірлескен жаттығу өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2024
Ақтау тұрғынын өлтіріп, пәтерін өртемек болған күдікті ұсталды
Ақтау қаласында кісі өлтіру фактісі тіркелді. Өрт туралы хабарлама алған ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерге кіріп, әйел адамның мәйітін тауып алған. Полиция оқиға бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.