е
Әлем • 13 Қаңтар, 2025
6,6 балл: Жапонияда жер сілкінді
Дүмпудің жойқын болғаны соншалық 6,6 балға жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 13 Қаңтар, 2025
Оралда есірткі сатқан күдікті ұсталды
Орал қаласының полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысты деген күдікке ілінген Қостанай облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2025
Ерлан Қошанов: Еліміздегі инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі ұдайы Президент бақылауында
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен бір топ депутат Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындарымен кездесті. Сапар аясында Ерлан Қошанов Сәтбаев қаласындағы №1 жылу стансасының жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен және қала жұртшылығымен кездесіп, олармен экология және «қара қар» мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2025
Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты Жетісу облысындағы жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қаңтар, 2025
Тәртіп сақшылары жасөспірімнің өмірін сақтап қалды
Түркістан облысындағы Төле би ауданының полицейлері денсаулығы нашарлаған қызға алғашқы медициналық көмек көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 13 Қаңтар, 2025
Ақтөбеде қылмысын жасырмақ болғандар кісі өлтірген
Ақтөбе облысының екі тұрғыны есірткі зертханасын ұйымдастырған. Олар осы қылмысы үшін жауапкершіліктен жалтару мақсатында өңір тұрғынын өлтірген, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 13 Қаңтар, 2025
Астанада Абайдың 180 жылдығын мерекелеу басталды
Астанадағы №87 мектеп-гимназиясында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 13 Қаңтар, 2025
10 жастағы оқушы дүниежүзілік Олимпиадада «алтын» иеленді
10 жастағы оқушы Кәрім Дүйсеков оқушылар арасында өткен дүниежүзілік Олимпиадада жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2025
«Балаларыңызға қамқор болыңыздар»: полицейлер тұрғындарға үндеу жасады
Алматы полициясының қызметкерлері балаларды көлікте арнайы орындықтарда тасымалдау қажет екенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Қаңтар, 2025
«Пышақтап, өртеп жіберген»: Шымкентте ер адам анасын аяусыз өлтірген
Шымкентте ер адам өз анасын қатігездікпен өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 13 Қаңтар, 2025
Бокстан әйелдер құрамасы жаңа маусымға дайындықты бастады
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына арналған оқу-жаттығу жиынын бастады. Осы бағытта алғаш рет әйелдер, жастар және жасөспірімдер командаларының ауқымды оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 13 Қаңтар, 2025
Теннисші Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде бақ сынайды
Спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунисте өтетін WTT Youth Contender атты ірі турнирге қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қаңтар, 2025
Спортта қарсыласыңды жек көру керек - Ислам Байрамуков
2024 Олимпиада жылы болуымен де есте қалды. Ел атлеттері Парижде жеті жүлде қанжығалады. Көңілді көкке көтеретін нәтиже болмағанмен, Токио Олимпиадасының қорытындысынан тәуір. Жаңа белеске жету үшін өткен сында сүрінген сәттен сабақ алу маңызды. Бұл тұжырым елге бос қайтқан еркін күресшілерге де қатысты болып отыр. XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында балуандардың Олимп шыңын бағындыра алмауының себебін 2000 жылы Сидней төрінде күміспен күптелген еркін күрес шебері Ислам Байрамуков атап берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қаңтар, 2025
Айыппұлды төлегені туралы жалған түбіртек берген астаналық сотталды
Астана қаласы прокуратурасы қала тұрғынының 240,3 млн теңге көлеміндегі айыппұл жазасына кесілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қаңтар, 2025
Суретшілер арасындағы байқауға өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Қазақстанда кәсіби суретшілер арасында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Қаңтар, 2025
Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 2 есе артады
2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2025
Өткен жылы 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 13 Қаңтар, 2025
Қарағанды өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасына басшы тағайындалды
Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып Асқар Ғазалиев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2025
Енді туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады
Әділет министрлігі 2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 13 Қаңтар, 2025
«Астана Опера» труппасына жаңа басшы тағайындалды
«Астана Опера» театрының директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров операның жетекші шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаевтың опера труппасының директоры лауазымына тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қаңтар, 2025
Қысқы Универсиада: Хоккейден бір жеңіс, бір жеңіліс
Студент-спортшылар арасындағы дүбірлі додада шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы ойында Швецияны (9-2) жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Қаңтар, 2025
Арал теңізіндегі су көлемі артты
Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су көлемі артты. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Қаңтар, 2025
Аптаның алғашқы күнінде еліміздің басым бөлігін тұман басады
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, дүйсенбі, 13 қаңтарда ірі антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құрғақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2025
Заңсыз шетел асқан ақшаға жаңа спорт кешені салынады
Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында шетелге заңсыз асқан ақша есебінен спорт кешені салынады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Қаңтар, 2025
Чехияда мейрамханадағы жарылыстан алты адам көз жұмды
Чехияның солтүстік-батысындағы Мост қаласында «U Kojota» мейрамханасында газ жарылып, салдарынан алты адам қаза тауып, сегіз адам түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Қаңтар, 2025
Лос-Анджелестегі өрттен қаза тапқандар саны артты
Калифорнияның оңтүстігін шарпыған орман өрті салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тауып, оннан астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz ABC News арнасына сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Қаңтар, 2025
Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ Новосибирскіде ұсталды
Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында 24 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ол үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Театр • 13 Қаңтар, 2025
Бүгін қазақ драма театры құрылған күн
1926 жылдың 13 қаңтарында Қошке (Қошмұхамбет) Кемеңгердің «Алтын сақина» пьесасымен қазақтың бірінші кәсіби ұлттық театры Қазақ драма театрының (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры) ресми ашылу рәсімі өткен болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2025
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
Семей қаласының Шығыс кентінде жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде ана мен баланы қағып кетті. деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2025
Желіде біреуге жала жапқан әйел айыппұл арқалады
Әлеуметтік желіні дұрыс қолдана білмесеңіз оның да зияны бар. Мәселен, Қызылорда тұрғыны әлеуметтік желі арқылы әйел адамға жала жауып, абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені үшін айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.