қаза
Президент • 01 Қараша, 2023
Қазақстан мен Франция президенттері келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды салтанатты түрде қарсы алды
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Франция Президенті Эмманюэль Макронды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 01 Қараша, 2023
V Бүкіләлемдік жауынгерлік ойындары мәресіне жетті
Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядта V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары аяқталды. Қазақстан делегациясы 12 алтын, 13 күміс, 23 қола медальдармен жалпы есепте 3-орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Көлікті қысқы кезеңге қалай дайындау керек?
Қыс мезгілінің қатал аязы адам үшін де, автомобиль үшін де ерекше сынақ, сондықтан осы кезеңге дайындықты байыппен қараған жөн. Осы тұста Шығыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкерлері көлікті қысқы мезгілге қалай дайындау керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Келесі жылдан бастап заң қазақ тілінде жазылады
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан 2024 жылдан бастап Үкімет заңды қазақша жазатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 31 Қазан, 2023
Қазақстан ЮНЕСКО клубтарының Дүниежүзілік федерациясын басқарады
Корея Республикасының астанасы Сеул қаласында өткен X Дүниежүзілік конгресс шеңберінде Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының президенті Болат Ақшолақов Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz unesco.org сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Елдің қай қалаларында пәтер жалдау арзандады?
Сарапшылар Қазақстанның 8 қаласында пәтерді жалға беру құны арзандағанын байқады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Қорғаныс министрі Қытайдағы Сяншань форумына қатысып жатыр
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Бейжіңде жүр. Пекинде өтетін Х Сяншань форумында әлемдегі қауіпсіздікті сақтау саласындағы мәселелер талқыланбақ. Биыл оны Қытайдың халықаралық стратегиялық зерттеулер институты (CIISS) ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Қазан, 2023
Аты аңызға айналған балуан Қазақстанда шеберлік байқасады
Еркін күрестен алты дүркін әлем чемпионы америкалық Джордан Берроуз халықаралық турнирге қатысу үшін Қазақстанға келеді. Бұл туралы Prosports.kz сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Қазан, 2023
Кеншілер қазасына байланысты көңіл айту жеделхаттары түсіп жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қарағанды облысындағы кен орнында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары әлі келіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Қазан, 2023
Қазақ ұлтының саны 3 миллионға артты
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының қорытындыларын жариялады. Санақ бойынша еліміздегі халықтың ұлттық құрамының өсуі де көңіл қуантады.
Қазақстан • 30 Қазан, 2023
Елімізде жаңа ғылыми-зерттеу институты құрылады
Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті қаулының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Қазан, 2023
Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 28 Қазан, 2023
Ертең Turkistan Marathon 2023 өтпейтін болды
Қазақстанда аза тұту күні жариялануына байланысты «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры 29 қазанда Түркістанда өтуі тиіс Turkistan Marathon 2023 өтпейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қазан, 2023
Президент: Бұл мекеме тарихымыздағы ең нашар компания болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 28 Қазан, 2023
Мәулен Әшімбаев қаза тапқан кеншілердің жақындарына көңіл айтты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында Костенко шахтасында болған төтенше жағдайдан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілеулес екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Қазан, 2023
Ертең − Жалпыұлттық аза тұту күні
Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қазан, 2023
Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды
Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қазан, 2023
Костенко шахтасында 11 кенші қаза болды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко шахтасынан өрт шықты. Өкінішке қарай, апат кезінде 11 кенші көз жұмып, 18 адам түрлі жарақат бойынша ауруханаға жеткізілді.
Қоғам • 27 Қазан, 2023
Тегіңізді қазақшалағыңыз келсе…
Бүгінде -ов, -ев, - ова, - ева жалғауы бар тектерді иеленген ел азаматтарын жиі кездестіреміз. Қазіргі таңда аты-жөнді өзгерту соншалықты қиын іс емес. Оған көп құжат жинап, сабылудың да қажеті жоқ. Egemen.kz тілшісі мұндай жалғаудан арылғысы келетін оқырмандарға аз-кем ақпарат ұсынады.
Қоғам • 27 Қазан, 2023
Елімізде баласына алимент төлемеген 150-ге жуық әйел іздестіріліп жатыр
Бұрын баласынан бас тартқан әкелер туралы көп еститін едік. Қазір баласынан безген аналарды да кездестіретін болдық. Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде баласына алимент төлемеген 150-ге жуық әйел бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қазан, 2023
Аягөзде қаза тапқан балалар туралы тың деректер жарияланды
Абай облысы Аягөз қаласында болған өрттен қаза тапқан балалар туралы жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 26 Қазан, 2023
Шет мемлекеттер басшылары қазақ халқын әлі де құттықтап жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Республика күніне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары толассыз түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Қазан, 2023
Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді
1 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Қазан, 2023
Қазақстанда автоматты түрде тағайындалатын жәрдемақылар
Қазан айында зейнетақы алатын мүгедектерге арнайы жәрдемақы тағайындалды. Сондай-ақ тағы жеті төлемді ресімдеу мерзімі қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Қазан, 2023
Қадыр Мырзалиев: 1990 жылғы 25 қазан күнгі 18 сағат 55 минөтті есімізге сақтайық
Егемендік декларациясы қабылданар тұста «Социалистік Қазақстан» газетінде тарихи құжат туралы бірқатар мақала жарияланды. Газеттің 1990 жылғы қазан айындағы шығарылымдарын ақтарып отырып соның бірнешеуіне көзіміз түсті. Мәселен басылымның 26 қазандағы нөмірі егемендігімізді сүйіншілеген. Газеттің маңдайшасына «Кеше, 1990 жылғы 25 қазанда, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің екінші сессиясы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендігің құтты болсын, елім!», деп жазылған. Парламенттегі тілшілер Г.Еңсепова мен Ә.Әлібековтың «Егемендік ел үміті еді» атты мақаласы бірінші бетке беріліпті.
Қоғам • 24 Қазан, 2023
Елордада «Егемен Қазақстан: Жастар Дауысы» атты форум өтті
Maqsut Narikbayev University-де Республика күніне орай «Егемен Қазақстан: Жастар Дауысы» атты форум өтті. Аталған іс-шараны Конституциялық және саяси зерттеулер институты ұйымдастырды. Форумның мақсаты – әртүрлі буын заңгерлеріне Қазақстанның егеменді дамуының өзекті мәселелерін және құқықты интерактивті платформада талқылауға мүмкіндік беру.
Пікір • 24 Қазан, 2023
Бұрын жазушылар төрт томдық шығармасының қаламақысына он пәтер сатып алатын - Смағұл Елубай
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Араға 30 жыл салып, биыл алғаш рет беріліп отырған «Қазақстанның халық жазушысы» марапатын бірнеше жазушылар иеленді. Оның ішінде қазақ халқының кеңестік дәуірде бастан кешкен нәубетті кезеңдері туралы жазған Смағұл Елубай Мемлекет басшысына алғысын білдіріп, марапатқа қатысты пікірімен бөлісті.
Қаржы • 24 Қазан, 2023
Ел азаматтарының орташа жалақысы қанша?
Биыл Қазақстанда жұмыс істейтін азаматтардың орташа жалақысы 322 мың 845 теңгені құрады. Ерлерде - 361 мың 481 теңге, әйелдерде - 285 мың 744 теңге. Мұндай мәліметтерді елдің Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қазан, 2023
Президент Республика күнінің мән-маңызын атап өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын тойланатын айтулы мерекенің мәні мен маңызы туралы сөз қозғап, ел азаматтарын Отанға деген шынайы сүйіспеншілікті дәріптеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.