П
Коронавирус • 19 Наурыз, 2021
Коронавирус пневмониясы тағы 50 адамнан анықталды
17 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 50 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 19 Наурыз, 2021
Өткен тәулікте коронавирустан жазылғандар саны белгілі болды
Қазақстанда өткен тәулікте 749 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2021
Шиеліде екі жасөспірім суға батып қайтыс болды
Қызылорда облысы Шиелі ауданында екі жасөспірім көлдегі суға батып қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 18 Наурыз, 2021
Енді ПТР анықтамасы жоқ туристер Қазақстанға кіре алмайды
Елдегі туроператорлар қауымдастығы осындай шешім шығарды. Қазір жаңа қаулыны күтіп отыр. Қатаң тәртіп шетел азаматтармен қатар өзге мемлекетке сапарлап кеткен отандастарымызға да ортақ. Яғни елге оралу үшін міндетті түрде коронавирусқа тексерілу керек. Қазір авиакомпаниялар жаңа ережеден хабардар етіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 18 Наурыз, 2021
Мемлекет басшысының бір жыл ішінде атқарған жұмысы туралы жинақ жарық көрді
2020 жыл бүкіл әлем COVID-19 пандемиясына қарсы жұмыла күрескен жыл ретінде тарих жылнамасына жазылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 18 Наурыз, 2021
Самусев пен Жәнібекуулу арасында өтетін айқасқа аз күн қалды
NAIZA Fighting Championship промоушенінің уақытша чемпионы атағы үшін қазақстандық файтер Николай Самусев пен қырғыз батыры Қаныбек Жәнібек уулу арасындағы кездесу миксфайттың жанкүйерлері арасында дау-дамай мен тартысты өрбітуді жалғастыруда. Жанкүйерлер, спорт сарапшылары, кәсіби жауынгерлер – бүкіл ММА қауымдастығы NFC 30 басты оқиғасын асыға күтуде, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Биыл елорда әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 400 грант беруді жоспарлап отыр
Биыл гранттың ең жоғарғы сомасы - 583 400 теңге. Жыл басынан бері комиссия 87 өтінішті қарап, оның 37-ін мақұлдады. Оған жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер, сол сияқты өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген азаматтар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып саналады. Бұл туралы Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Спорт • 17 Наурыз, 2021
Алматыда садақ атудан ел үздіктері анықталады
Алматы қаласында садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 17 Наурыз, 2021
Қауіпсіздік Кеңесінде жаңа тағайындаулар болды
Қауіпсіздік Кеңесінде Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі мен Ахуалдық орталығының меңгерушісі тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Тұңғыш Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 17 Наурыз, 2021
Қауіпсіздік Кеңесінің бірнеше лауазым иесі қызметтен босатылды
Елбасының ресми сайты Қауіпсіздік Кеңесінің екі лауазым иесі қызметтерінен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Тәуелсіздік • 17 Наурыз, 2021
Эстонияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пошта маркасы шығарылды
Қазақстанның Эстониядағы елшілігі «Eesti post» пошта операторымен бірлесіп, еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық пошта маркаларын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Павлодарда 100 млн теңгені қолды еткен алаяқ ұсталды
Павлодар қаласында 100 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасаған күдікті қолға түсті. Ер адамның алаяқтықтың тағы 40 фактісіне қатысы бар екені туралы ақпарат бар, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 17 Наурыз, 2021
Жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 109,7 мың адам қатысты
1 наурыздағы жағдай бойынша 109,7 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Павлодарда ауыл тұрғынынан тіркелмеген қару тәркіленді
Павлодар облысының Шарбақты ауданында ауыл тұрғынынан тіркелмеген қару тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өнер • 16 Наурыз, 2021
Үш елдің сахнасынан самғаған ән
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина «Достардан махаббатпен» онлайн-концертін ұсынды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Құрманғалиевті еске алу құрметіне арналған музыкалық кеш «Астана Опера» (Нұр-Сұлтан), Үлкен театр (Мәскеу) мен «Израиль Операсы» (Тель Авив) солистерінің қатысуымен ерекшеленді. Сондай-ақ бұл жобаны ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында өткен айтулы мәдени шараның бірі деуге толық негіз бар.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
Қызылордалық полицейлер «делдалдықпен» айналыса ма?
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбектің Қызылордадағы заңсыздықтар туралы жазбасы жиілеп кетті. Жақында фейсбуктегі парақшасы арқылы облыстық Полиция департаментіне үндеу жариялаған заңгерге жергілікті құқық қорғаушылардың да айтар уәждері бар екен.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
Апатты үйлер мұнайлы Атыраудың абыройына сын емес пе?
Қазақ жеріндегі «қара алтынның» алғашқы тамшысы 1899 жылы Атырау облысындағы «Қарашүңгіл» кен орнынан алынған еді.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
Шығыс Қазақстанда екі бала газдан уланып қалды
Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өңірге қарасты Глубокое ауданында 15 наурыз күні екі бала газдан уланып қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 16 Наурыз, 2021
Шымкентте пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты аяқталды
Бүгін Шымкент қаласында пауэрлифтингтің штанганы жатып көтеру түрінен Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 16 Наурыз, 2021
Мәжілісте техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға арналған кеңейтілген отырыс өтті
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері: білім беру процесін жаңарту және колледждерді материалдық-техникалық жарақтандыру» атты бейнеконференция форматында кеңейтілген тақырыптық отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Наурыз, 2021
Мектептерде биометриялық деректер жиналатыны рас па?
Мектептерде балалардың ата-аналарының келісімінсіз биометриялық деректерді жинау және оқушыларды белгісіз бағытта алып кету жағдайлары туралы хабарлама қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды. Білім және ғылым министрлігі аталған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Наурыз, 2021
Бас Прокурор мен Ішкі істер министрі Атырау және Маңғыстау облыстарында болды
15-16 наурызда Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Атырау және Маңғыстау облыстарында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 16 Наурыз, 2021
Биатлоннан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтіп жатыр
Щучинск қаласында биатлоннан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
Алматыға кіреберістерде жаңарған экопостар жұмыс істей бастайды
Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде газанализатормен және түтін өлшеуішпен жабдықталған Құлжа трактісі бойындағы посттың дайындығын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 16 Наурыз, 2021
Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммдары анықталған жоқ - Алексей Цой
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен облыс әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 16 Наурыз, 2021
ЕАЭО елдеріндегі темекі өнімдеріне акциздердің индикативті ставкасы талқыланды
Бүгін Сенатта «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 16 Наурыз, 2021
Жапонияда сакура биыл ерте гүлдейді
Жапонияда биыл сакура ерте гүлдейді. Жапон метеорологиялық корпорациясы шие гүлденуінің 2021 жылға арналған болжамын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 16 Наурыз, 2021
Коронавирустық пневмониядан бір адам қайтыс болды
Елімізде коронавирустық пневмониядан 166 адам ем-дом алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 15 Наурыз, 2021
Атырауда 9 наурыздан бері мұғалімдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу басталды. Мәселен, соңғы үш күнде 605 атыраулық вакцина алды. Оның ішінде 408 педагог, 183 медицина қызметкері, 14 мемлекеттік қызметші бар.
Спорт • 15 Наурыз, 2021
Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC (Ultimate Fighting Championship) екені еш дау туғызбаса керек. Штаб-пәтері АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында орналасқан әйгілі промоушенде сайдың тасындай іріктелген сайыпқырандар ғана өнер көрсетеді. Ондай құрметке бөлену үшін түрлі халықаралық додада дара талантыңмен танылып, көптеген сынақтан мүдірмей өтуге тиіссің. Ал UFC-дің чемпиондық белбеуі тек «мыңнан тұлпар» шыққан марқасқаларға ғана бұйырады. Айтулы ұйымның мұрындық болуымен өтіп жүрген жарыстарда атой салған спортшылардың беделі бүгінгі таңда шарықтап тұр десек, асыра айтқанымыз емес.