Бас
Елорда • 25 Тамыз, 2020
Әлеуметтік баспананың кезекті партиясы қыркүйек айында тапсырылады
Әлеуметтік баспананың кезекті партиясын қыркүйек айында тапсыру жоспарланған. Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Тағайындау • 24 Тамыз, 2020
Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы тағайындалды
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Тұяқбаев Әлжан Әлішерұлы қалалық Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда аз қамтылған оқушыларға әлеуметтік көмек мөлшері көбейтілді
Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасынан шыққан әрбір оқушы мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден алады. Жалпы білім беру қоры аясында 17 мың балаға көмек көрсетіледі. Өткен жылмен салыстырғанда 4 мың 300 бала артық қамтылатын болады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов "Тамыз" кеңесінің онлайн отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 24 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Аюбаев қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Аюбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Білім • 21 Тамыз, 2020
Мектеп оқулықтарында біраз кемшілік бар – А.Аймағамбетов
Елімізде мектеп оқушыларына арналған оқулықтарда біраз кемшілік бар. Сондықтан оларды әзірлеудің жаңа жүйесі енгізілетін болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Республикалық "Тамыз" кеңесінің пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 21 Тамыз, 2020
Елордада жұмыс істейтін жастар үшін жалдамалы баспана салу жалғасады
Қала әкімі Алтай Көлгінов бүгін бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы "Сапар" орталығы мен "Жібек жолы" саябағын жоғары бағалады
Бүгін Түркістан облысына сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Сапар" орталығы мен "Жібек жолы" саябағын жоғары бағалады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Руханият • 20 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы: Түркістан – қазақтың алтын бесігі, рухани орталығы
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып қайтты. Бұл туралы Президенттің Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 20 Тамыз, 2020
Көлік мәселелері жөнінде заң жобасының тұжырымдамасы мақұлданды
Ағымдағы жылдың 13 тамызында Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Тұжырымдама мақұлданды. Бұл туралы Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Президент • 20 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы Мырзакенттегі жаңа ықшамауданның құрылысымен танысты
Қазақстан Президентінің Түркістан облысына сапары Сардоба су қоймасындағы апаттан зардап шеккен тұрғындар үшін Мырзакент ауылында салынып жатқан жаңа ықшамауданның құрылысымен танысудан басталды. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Елбасы • 18 Тамыз, 2020
Елбасы партияластарын праймеризге қатысуға шақырды
Бүкіл еліміз бойынша ауқымды праймериз өткізу биліктегі партияның "қайта жаңғыруының" нәтижесі болады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 18 Тамыз, 2020
Руслан Шпекбаев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды,деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Елбасы • 17 Тамыз, 2020
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Кездесу барысында Елбасы партияішілік іріктеу – праймериздерді сапалы өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы Elbasy.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Тағайындау • 17 Тамыз, 2020
Ақтау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Ақтау әкімінің орынбасары лауазымына Әбілқайыр Жанайұлы Байпақов тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Елбасы • 17 Тамыз, 2020
Елбасы "Nur Otan" Саяси кеңесі Бюросының отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойды
Елбасы "Nur Otan" Саяси кеңесі Бюросының отырысын 2020 жылғы 24 тамызда шақыру туралы Қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 17 Тамыз, 2020
Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы карантин алынғаннан кейін босаңсымауға шақырды
Барлық санитарлық-профилактикалық нормаларды қатаң сақтау ғана инфекция жұқтырудың қайта өсуін болдырмауға көмектеседі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Білім • 17 Тамыз, 2020
Әлеуметтік осал топтағы балаларды қолдау акциясы 18 тамызда басталады
Әлеуметтік осал топтағы балаларды қолдау акциясы 18 тамызда басталады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Оқиға • 14 Тамыз, 2020
"СК-Фармацияның" экс-басшысы қамауға алынды
"СК-Фармация" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 14 Тамыз, 2020
Атбасарда масаң күйде көлік басқарған тұрғын жауапкершілікке тартылды
Алкогольді масаң күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ақмола облысының Атбасар аудандық сотына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Елбасы • 13 Тамыз, 2020
Елбасы: ҚазАқпарат агенттігінің кәсіби қызметі бүгінгі алмағайып кезеңде де айрықша маңызды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Тағайындау • 13 Тамыз, 2020
Қазақстан Жолаушылар тасымалының жаңа басшысы тағайындалды
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің шешімі және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының келісімі бойынша "Жолаушылар тасымалы" АҚ жаңа Бас директоры болып DB Engineering&Consulting Азия-Тынық мұхиты аймағының дирекциясын басқарған неміс маманы Питер Штурм (Peter Sturm) тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 13 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы "ҚазАқпарат" ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 13 Тамыз, 2020
Түркістан облысында "Қамқорлық" бағдарламасы арқылы 34 отбасы баспаналы болды
Түркістан облысында жыл басынан бері "Қамқорлық" кешенді бағдарламасы аясында 1643 отбасы тізімге алынып, оларға көмек берілді. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2020
Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі
Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 12 Тамыз, 2020
Елордалық оқушыларға 34,5 мыңға жуық компьютер сатып алынады
Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Президент • 12 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы Ресей Президентіне жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге COVID-19 індетіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Спорт • 11 Тамыз, 2020
УЕФА қазақстандық клубтардың чартерлік рейстерін өз мойнына алды
УЕФА еурододалардың бірінші кезеңінде өнер көрсететін барлық командалардың чартерлік рейстерін өз мойнына алды. Бұл туралы Egemen.kz Спорт Экспресске сілтеме жасап хабарлайды.
Бағдарламалар • 11 Тамыз, 2020
"7-20-25" бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банікінің төрағасы Ерболат Досаев ҚР 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
«Қайрат» қарсыласына қайрат көрсете ала ма?
Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының да жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбасы • 10 Тамыз, 2020
Елбасы Александр Лукашенкоға құттықтау жеделхатын жолдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Egemen.kz Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.