П
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Алғаш рет әйел ғалымдарға арналған марапат тағайындалды
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік іс-шара өтті. Алғаш рет Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел академигі Найля Базанова атындағы әйел ғалымдарға арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Наурыз, 2024
Үкімет басшысы Павлодар мұнай-химия зауытының жаңғырту жоспарымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысында мұнай өңдеуді ұлғайту және мұнай-химия секторы кәсіпорындарын толық қуатына шығару жөніндегі шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Әйелдердің тісін емдеу үшін жәрдемақы берілуі мүмкін
Депутат Ерлан Саиров Мәжілістің бүгінгі отырысында ана капиталына назар аударып, ұрпақ өрбітетін аналардың денсаулығына қаржылай қолдау көрсету мақсатында бала туу жасындағы әйелдерге тісін емдету үшін бірреттік жәрдемақы беруді ұсынды. Ол осы мазмұндағы сауалын Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 06 Наурыз, 2024
«Ешқандай талдау жоқ» - Депутат министрдің жұмысын сынап тастады
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылымды бюджеттен қаржыландыру жұмыстарындағы кемшіліктерін атап, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 06 Наурыз, 2024
258 миллион теңге жымқырған депутат: Антикор істің мән-жайын тарқатты
Отандық БАҚ-та Солтүстік Қазақстан облысы мәслихат депутаты Павел Булаевтың сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған еді. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі деректі растап, іске қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 06 Наурыз, 2024
«Марапатты сатып алу қажет»: оқушылар олимпиадасы әділ өтпей ме?
Әлеуметтік желіде байқаудың марапаттау рәсімі ақылы түрде өтетіні, құны 25 мың теңге тұратыны туралы хабар тарап, ата-аналардың наразылығын тудырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Наурыз, 2024
Қазақстанда киберқылмыспен күрес бойынша дербес қызмет құрылады
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Президентке елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Наурыз, 2024
Оқушылар тірідей жанып кетті: Ақтөбеде жол апатынан 8 адам қайтыс болды
Ақтөбе облысында жол-көлік апаты бүгін сағат 08:36-да тіркеліп, 8 адам көз жұмған. Бір көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Парламент • 06 Наурыз, 2024
Мәжілістің жаңа депутаты ант қабылдады
Мәжілістің жалпы отырысында «Amanat» фракциясының жаңа депутаты Нұрсұлтан Байтілесов Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Сыбайлас жемқорлықпен күрес − ортақ міндет
Түп-тамырымен дендеп кеткен жемқорлықтың адымын басу оңай болмай тұр. Қоғамның қай бұрышын да қамтыған бұл дерттің емі бар ма өзі?! Жемқорларға жазаны арттырып, айыппұл мөлшерін өсіргенімізбен, жұрттың қаржысын қалтаға басатындардың саны азайған жоқ. Керісінше асқынып бара жатқандай көрінеді. Әрине бұл ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атқарып жатқан қызметін жоққа шығаруға болмайды. Олар әшкерелеген жемқорлар қанша, әлі ашылмаған қылмыс қанша? Әлі бірталай іс тергеп-тексеріліп жатқаны, сондай-ақ беймәлім жағдайлары да бары белгілі.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
200 мың доллар пара сұраған шенеунік сотта жылады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Мақсұт Исахов өткен жылдың жазында қамауға алынған еді. Ол 200 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2024
Қыз зорлады деп айыпталған бұрынғы полиция басшысы сотта есінен танып қалды
Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты сот залынан жедел жәрдем көлігімен алып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 06 Наурыз, 2024
Биылғы Рамазан айында пітір садақа мөлшері қанша теңге болады?
ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов пітір садақа мөлшері қанша теңге белгіленгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 05 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев Моңғолияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхуумен кездесті. Сұхбат барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және екі ел арасындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағзым • 05 Наурыз, 2024
«Алаш идеясы – мәңгілік идея!» Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан ұлықталды
Бүгін Алаш арысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 158 жыл толуына орай, Alash.kz ұлттық порталының ұйымдастыруымен Астанадағы Қаламгерлер аллеясында орналасқан «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 05 Наурыз, 2024
Мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды
Көктемгі мереке күндері ұлттық тасымалдаушы қызметі қосымша 30 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы 2024 жылы 5 наурызда «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 05 Наурыз, 2024
Көкпар – көшпелілердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық-жауынгерлік ойын өнері. Аталмыш ойынның шығу төркіні жайлы зерттеушілер, «Қазіргі көкпар тарту әуелде әлеуметтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған. Түркі қағандығы кезінде «дербес жасақты» осындай жаттығудан өтіп, сыналған жауынгерлерден жасақтаған. Әскери машықтың бұл түрі бейбіт күндерде көкпар тарту ойынына ұласып отырған» дейді.
Оқиға • 05 Наурыз, 2024
Ақтауда спортшы қызды зорлықпен өлтірген қылмыскер сотталды
Ақтауда 21 жастағы Валерия Шальнованы зорлықпен өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2024
Халық әртісі Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып қалды
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова WhatsApp желісінде өзінің атынан жалған сілтеме жіберіліп жатқанын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 05 Наурыз, 2024
Елордада бұрымдылар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді
Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласында ат спортынан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 05 Наурыз, 2024
Өзбекстанда да жер сілкінісі болды
Жер сілкінісінің эпицентрі Ташкент облысының Бостанлық ауданында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Наурыз, 2024
Лондон олимпиадасының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров облыс әкіміне кеңесші болады
2012 жылы XXX Лондон олимпиадасында еркін күрестен қола медальға қол жеткізген спортшы Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Наурыз, 2024
Биыл Қазақстандағы мәслихат институтына 30 жыл толады
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Президентке Парламент Сенатының реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарының өткен айлардағы қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 05 Наурыз, 2024
«Байбектің кезінде мұндай болмап еді»: Тележүргізуші жер сілкінісі туралы айтты
Тележүргізуші Дина Төлепберген кеше бүкіл алматылықтарды дүрліктірген зілзала жайында пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz. Іnbusiness.kz сайты жазғандай, тележүргізуші кешегі қуатты жер сілкінісінен қатты қорқып қалған.
Қазақстан • 05 Наурыз, 2024
Қазақстанда бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізілді
Бүгін Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков елімізде стандарт жинақы құрылысты енгізу туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2024
Танымал спорт комментаторы өмірден өтті
1968-2003 жылдары Қазақ телевизиясында редактор, комментатор қызметін атқарған ардагер журналист Рабат Жәнібеков өмірден өтті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 05 Наурыз, 2024
Елордада жалға берілетін пәтер иелерінің тізімі белгілі болды
Астанада сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй иелерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2024
Алматыда тағы да автобус апатқа ұшырады
Алматыда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылып қалды, жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Наурыз, 2024
Олжас Бектенов Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді
Үкімет отырысында Алматы қаласындағы жер сілкінісіне қатысты жағдай қаралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Наурыз, 2024
Ақтөбелік полицей Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Ақтөбе облысы полиция департаменті тергеушісі Ғафур Рамазанұлы Азия чемпионатында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.