и
Коронавирус • 09 Қазан, 2022
116 қазақстандық індеттен емделіп жатыр
9 қазандағы жағдай бойынша, індет жұқтырған 1 082 адам ем алуды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 08 Қазан, 2022
9 өңірде дауылды ескерту жарияланды
9 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қатты жел, тұман және шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 08 Қазан, 2022
Тимофей Скатов Parma Challenger финалына өтті
Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов 135 мың еуро жүлде қорымен итальяндық Парма корттарындағы ірі қара турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қазан, 2022
Маңғыстаулық спортшы еркін күрестен әлем чемпионы атанды
Маңғыстаулық спортшы Абай Смағұлов Болгарияның Пловдив қаласында ардагерлер арасында еркін күрестен әлем чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Қазан, 2022
Президент «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысына ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 08 Қазан, 2022
Президент Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілін қабылдады
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Әлем • 08 Қазан, 2022
«Eurovision-2023» қайда өтетіні белгілі болды
«Eurovision-2023» Ливерпульде өтетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 08 Қазан, 2022
1 099 қазақстандық індеттен емделіп жатыр
8 қазандағы жағдай бойынша, 1 099 адам коронавирус індетінен ем алуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 08 Қазан, 2022
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Чехияның Острава қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Қазан, 2022
Ирландияда жарылыс болып, үш адам қаза тапты
Ирландияның Донегал округіндегі жанармай құю станциясында жарылыс болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Қазан, 2022
Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеожағдайлар күтілуде
8 қазанда Астана, Алматы, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Қазан, 2022
Қарақат Әбден Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды
Қазақстан Республикасы Президенттігіне «Ұлттық альянс» қоғамдық ұйымынан Қарақат Әбден кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қазан, 2022
ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын Коалицияның құжаттарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттары ҚР ОСК-на жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Қазан, 2022
Президент ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президентімен қатар Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 07 Қазан, 2022
Қазақстан мен Аустрия арасындағы байланыс нығаяды
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Венаға жұмыс сапары аясында Аустрия ресми өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 07 Қазан, 2022
Армения мен Әзербайжан бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындады
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Прагада Франция президенті Эммануэль Макронмен, Еуропалық Одақ Кеңесінің Президенті Чарльз Мишельмен және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz АЗЕРТАДЖ сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Қазан, 2022
Есірткі сатқандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады
Елордалық полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының нашақорлықтың алдын алу, Ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің бастығы Сергей Ильиных заңнамада көзделген есірткі қылмысы үшін жауапкершілік ауыр екенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 07 Қазан, 2022
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте бір сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Оқиға • 07 Қазан, 2022
Марат Шайхутдиновке қатысты сот үкімі шықты
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекеттік опасыздық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 07 Қазан, 2022
Аргентинада футбол стадионында жаппай тәртіпсіздік болды
Аргентинаның Ла-Плата қаласында жергілікті футбол клубтары арасындағы ойын тәртіпсіздікке ұласты. Салдарынан кезінде бір адам қаза тауып, 100-ге жуығы жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Қазан, 2022
Президент ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады
Бұл туралы Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Теннис • 07 Қазан, 2022
Astana Open турнирінің ширек финалына шыққан ойыншылар анықталды
Astana Open ATP 500 турнирінің ширек финалына шыққан барлық ойыншылар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 07 Қазан, 2022
Таиландта экс-полиция қызметкері 30-дан астам адамды өлтірген
Таиландта есірткіге байланысты істі болған қаскүнем балабақшаға қарумен басып кірді. Құрбан болғандардың арасында 22 бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Президент • 07 Қазан, 2022
Президент алдағы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 07 Қазан, 2022
Ақтөбеде жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетті
Ақтөбеде жүргізуші жасөспірімді қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 07 Қазан, 2022
Тимофей Скатов Италияда өтіп жатқан турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Парма қаласында ерлер арасындағы Челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 07 Қазан, 2022
Қанат Ислам салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Қазақстандық боксшы, «қазақ» лақап аты бар Қанат Ислам (28-1, 22 КО) АҚШ-та өтетін кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 07 Қазан, 2022
Елімізде 1 102 адам коронавирус инфекциясынан емделуде
7 қазандағы мәлімет бойынша, 1 102 адам коронавирус инфекциясынан (–966 + және 136 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 117 пациент стационарда, 985 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Қазан, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаушылар форумына қатысты
Мемлекет басшысының қатысуымен қолдаушылар форумы өтті. Жиында халықтық коалиция Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Қазан, 2022
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың сегізінші пакетін бекітті
Еуропалық Одақ Ресейге қатысты санкциялардың сегізінші пакетін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.