и
Оқиға • 22 Қыркүйек, 2022
Өскеменде есірткі қолданған жігіт «Сергекке» түсіп қалған
Өскеменде полиция қызметкерлері есірткіні пайдаланған және сақтаған деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын ұстады. Құқық бұзушы «Сергек» кешенді камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2022
Президент сайлауы: Үміткерлерге қандай талап қойылады?
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан Президенттігіне өз кандидатурасын ұсынатын үміткерлерге қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2022
Сенат Тұңғыш Президент күнін мерекелер тізімінен алып тастауға келісті
Палатаның жалпы отырысында Сенат депутаттары Тұңғыш Президент күнінің мәртебесін қайта қарастыратын заң жобасын қолдады. Құжат Мемлекет басшысының қарауына жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 22 Қыркүйек, 2022
Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы заң қабылданды
Сенат депутаттары 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу туралы заң жобасын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2022
Ақтауда триатлоннан Азия чемпионаты аяқталды
Жарысқа Азия елдерінен келген 70-тен астам қатысушы қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 22 Қыркүйек, 2022
Әлемде алғаш рет клондалған қасқыр пайда болды
Өліп қалған арктикалық қасқырдың генетикалық үлгілерінен жасалған эмбрион иттің құрсағына салынған, деп хабарлайды Egemen.kz euronews.com сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 22 Қыркүйек, 2022
Елімізде 148 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр
22 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 8 805 адам коронавирус инфекциясынан (–8 664+ және 141 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 148 пациент стационарда, 8 657 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 22 Қыркүйек, 2022
Тасмания аралында 230-ға жуық кит жағаға шықты
Тасманияның батыс жағалауында 230-ға жуық кит аралдың жағасына шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2022
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді
21 қыркүйек күні Қазақстанда 151 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің телеграм каналына сілтеме жасап.
Үкімет • 22 Қыркүйек, 2022
Қазақстан ДДҰ-мен тәжірибе алмасуға дайын – Әлихан Смайылов
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесіп, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту мәселелерін және Қазақстанның медицина саласындағы халықаралық бастамаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теннис • 21 Қыркүйек, 2022
Александр Бублик Франциядағы турнирді сәтті бастады
Бірінші айналым матчында Қазақстанның үздік теннисшісі Франция өкілі Эван Фернесспен кездесті. Матч 5-7, 6-4, 7-6 (7-5) есебімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022
ОСК сайлауға дайындықты бастады
Ертең, 22 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2022
Си Цзиньпин Қытай армиясына әскери дайындықты күшейтуді тапсырды
21 қыркүйекте ҚХР Төрағасы, ҚХР Орталық әскери кеңесінің Төрағасы Си Цзиньпин Қытай Халық азаттық армиясы нақты ұрыс қимылдарына қатысуға дайындалуы керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2022
Үкімет Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын қолдайды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Eni» компаниясының бас өндірістік директоры Гвидо Брускомен, барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022
Қазақстан мен Румыния бизнес-форум өткізуге ниетті
Бұл туралы Қазақстан елшісі Нұрбах Рүстемов пен Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Румыния үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) тең төрағасы, Румынияның Энергетика министрі Вирджил Попескумен кездесу кезінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2022
Су тасқынына дайындықты қазірден бастау керек - Үкімет басшысы
Премьер-Министр Әлихан Смайылов су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Қыркүйек, 2022
Басты мемлекеттік институттарды қайта құрамыз - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда қоғам алдына сайлау алдындағы тұғырнамасын ұсынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Президент бүгін қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қыркүйек, 2022
Жер және оның қойнауы халыққа тиесілі - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде Конституцияға енгізілген саяси жаңашылдықтар жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Қыркүйек, 2022
Елордадағы жұмыс жәрмеңкесінде екі мыңға жуық орын ұсынылды
Жыл басынан бері Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке бес рет өткізілді, оған 300-ге жуық елордалық жұмыс беруші қатысты. Кезекті жәрмеңке «Жастар» сарайында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 21 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеу жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ауа райы • 21 Қыркүйек, 2022
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Синоптиктер Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ауа райы болатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2022
Қазақстан мен Қытай кәсіпорындары коммерциялық құжаттарға қол қойды
19-23 қыркүйек аралығында Үрімші қаласында (Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, ШҰАА) гибридті форматта ШҰАА мен Еуразия елдері арасындағы сауда, қаржы, инвестициялар, туризм, ғылым, жаңа технологиялар және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған VII Халықаралық «Қытай – Еуразия» көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ-ге сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022
Төтенше жағдайлар министрі отставкаға кетуге дайын
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстанда жиілеп кеткен өртке байланысты отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2022
Паратеннистен алғаш рет Қазақстан чемпионаты өтті
Алматы қаласында паралимпиалық теннистен бірінші рет Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022
Прагада Қазақстан мәдениеті күндері өтіп жатыр
Қазақстандық дипломаттар қонақтарға қазақ-чех мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022
Қазақстан мен ДДҰ Аралды құтқару мақсатында күш біріктіреді
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клугемен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2022
Рыбакина Токиода өткен ірі турнирде жеңіліс тапты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина TORAY Pan Pacific Open турнирінде өзінің жалғыз разрядтағы бірінші матчында ұтылды. Токио кортына шыққан қазақстандық ресейлік Людмила Самсоновадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2022
Ресейде әскерге жұмылдыру басталды
Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасап, әскерге ішінара жұмылдыру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Жұмылдыру шаралары 21 қыркүйектен, яғни бүгіннен бастап іске асырыла бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2022
«Ата-Мекен-2021» қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр
ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Ата-мекен 2021» қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022
Президент АҚШ-қа сапарының екі күнінде 27 кездесу өткізді
20 қыркүйектің басты оқиғасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебаты болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.