Іс
Қоғам • 09 Мамыр, 2022
Мемлекеттік хатшы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоғын қойды
ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 06 Мамыр, 2022
Түркітілдес елдердің мүфтилер алқасы бірқатар бастама көтере алады - Бас мүфти
Түркітілдес мемлекеттердің мүфтилер алқасы рухани-діни консультативтік-кеңесші орган ретінде бірқатар бастамаға мұрындық бола алады. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласында өтіп жатқан «Мүфтилер алқасында» мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2022
Кеденде 165 млрд теңгенің құқықбұзушылықтары анықталды
Мемлекеттік кірістер комитеті Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топтың құрамымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен шекаралас өткізу пункттерінің қызметіне бірлескен тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2022
Түркістанда түркі халықтарының «Достық фестивалі» өтті
Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде түркі халықтарының «Достық фестивалі» өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 06 Мамыр, 2022
Түркістанда түркі мемлекеттерінің мүфтилері бас қосты
Түркістанда «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. Келелі басқосуда түркітілдес елдердің ортақ мұраларын дәріптеу мен Ахмет Ясауи мұраларын насихаттау мәселелері талқыға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Мамыр, 2022
Елордада соғыс ардагерлерінің құрметіне Мемориалдық кешен ашылды
Нұр-Сұлтанда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндері қарсаңында Ішкі істер министрлігінің Мемориалдық кешені ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Мамыр, 2022
Қате төленген мемлекеттік бажды қалай қайтарып алуға болады
Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік бажды бюджеттен қай жағдайда және қалай қайтаруға болатыны туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Мамыр, 2022
Түркістан облысында 68 автожол жобасы іске асырылады
Облыстық маңызы бар 760 км және аудандық маңызы бар 109 км жолдарға жөндеу және реконструкциялау жүргізіледі. Жұмыстар 68 нысанда, оның ішінде төрт көпірде жүргізіледі деп жазады Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Мамыр, 2022
Алматыда соғыс батырлары бейнеленген 40 билборд орнатылды
Биыл Алматыда Жеңіс күні жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Соғысқа қатысқандар мен тыл еңбеккерлеріне жергілікті биліктен де, ардагерлер кеңесінен де барынша көңіл бөлінеді. Бұл туралы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов брифинг барысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2022
Ақмола облысында 4 адам өрттен көз жұмды
Ақмола облысында өрт салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Мамыр, 2022
Илон Маск тағы бір ерекше жаңалығымен бөлісті
Илон Маск жүргізушісіз жүретін такси құрастыруға уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz Politico газетіне сілтеме жасап.
Парламент • 04 Мамыр, 2022
Мәжіліс референдум туралы заң жобасын қарауға алды
Мәжіліс депутаттары «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2022
Президент Жарлығымен елімізде үш жаңа облыс құрылды
Президент Жарлығымен елімізде Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Парламент • 04 Мамыр, 2022
Айдос Сарым Мәжілістегі басқа комитетке ауысты
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айдос Сарым палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 04 Мамыр, 2022
Закиржан Кузиев Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Закиржан Кузиев ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Мамыр, 2022
Қазақстанға әкелінген көліктің кедендік баж ставкасы өскен жоқ - комитет
Әлеуметтік желілерде Қазақстан аумағына әкелінген автокөлікті кедендік тазартудан өткізу үшін кедендік баж ставкасы ұлғайды деген ақпарат тарап жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 03 Мамыр, 2022
Елордаға 3 мың тонна көкөніс жеткізіледі
Елорда әкімдігі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру үшін бірқатар жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2022
Түркістан облысында Қонаевқа ескерткіш орнатылды
Төлеби ауданындағы Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Сарқырама елді мекенінде Социалистік Еңбек Ері, ғұлама ғалым, академик – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай ескерткіш орнатылды. Сондай-ақ мүсін орнатылған көшеге заңғар тұлғаның есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент • 03 Мамыр, 2022
Президент Жеңіс күніне орай бірқатар шараға қатысады
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Президенттің Жеңіс күні мейрамына орай өткізілетін іс-шараларға қатысуына байланысты БАҚ сауалдарына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz БОРТ N1 телеграм каналына сілтеме жасап.
Президент • 03 Мамыр, 2022
7 мамырда Мемлекет басшысының қатысуымен мерекелік жиын өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 және 9 мамыр күндері өтетін мерекелік іс-шараларға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Сәуір, 2022
Елорданың жасыл белдеуі аумағында өртке қарсы іс-шаралар өтеді
Өрт қаупі артқан маусымда Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және орман және дала өрттерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде жыл сайын елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Астана Орманы» ЖШС-мен бірлесіп тиісті алдын алу іс-шараларын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Сәуір, 2022
Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты тағайындалды
Зәкіржан Күзиев Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Сәуір, 2022
E-Salyq Business қосымшасы салық рәсімдерін жеңілдетті
Мемлекеттік кірістер комитеті E-Salyq Business мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 27 Сәуір, 2022
Қаржы пирамидасын жарнамалағандар жауапқа тартылады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қаржы пирамидаларына қарсы тұруға бағытталған заң жобасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Онда алаяқтық схемаларды жарнамалаған вайнерлер мен әртістерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 27 Сәуір, 2022
Әкімдерге партияда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынуы мүмкін
Әкімдерге партия филиалдарында лауазымды қызмет иеленуге шектеу қоюға қатысты тиісті заңдар қаралып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 27 Сәуір, 2022
Ерлан Қошанов Парламентті таратуға қатысты пікір білдірді
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Парламентті тарату мәселесі талқыланып жатпағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Сәуір, 2022
Пәкістан университеттерінің бірінде жарылыс болды
Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи университетінде жарылыс болып, төрт адам қаза тапты. Олардың екеуі шетелдік, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 27 Сәуір, 2022
Қазақстан-Қытай арасындағы радиоактивті қалдықтарды өткізбеу туралы құжат мақұлданды
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы Ядролық материалдарды, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбаудағы өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 27 Сәуір, 2022
Мүгедек балалардың санаторий-курорттық еміне ата-аналары тегін бара алады
Елімізде мүмкіндігі шектеулі 62 мыңнан астам баланың ата-анасы санаторий-курорттық ем-домға мемлекет есебінен бірге баруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 27 Сәуір, 2022
Саясат Нұрбек Мәжілістегі басқа комитетке ауысты
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Саясат Нұрбекті Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауыстыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.