Әлеуметтік
Қоғам • 23 Қазан, 2021
903,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 189,1 мың отбасындағы 903,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 83 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қазан, 2021
«Әлеуметтік әмиянның» қандай артықшылықтары бар?
ҚР Президенті жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов «әлеуметтік әмиянды» енгізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қазан, 2021
Қазақстанда жаңа әлеуметтік желі пайда болды
Елімізде алғаш рет Getemotions атты жаңа әлеуметтік желі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қазан, 2021
Еңбекмині әлеуметтік төлем тағайындауға қатысты пилоттық жобаны іске қосты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» және «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау» мемлекеттік қызметтерін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды бастады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Қазан, 2021
45 мыңнан астам қарт арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған
Елімізде 45 мыңнан астам қартқа мемлекет тарапынан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2021
Әлеуметтік саясаттың әлпеті – Әлеуметтік кодекс
Қай мемлекеттің болсын жемісі мен жеңісі түптеп келгенде тұрғындардың әл-ауқатымен, елдің ұстанған әлеуметтік саясатымен бағаланатыны анық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс екенін пайымдай келіп, елімізде Әлеуметтік кодекс әзірленіп жатқанын айтқан болатын.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2021
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлім еткендей, бүгінгі күні Қазақстанда нан құнын арттыратын алғышарттар жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2021
Ақпарат министрі әлеуметтік тақырыптарды қозғау мәселесін сөз етті
Аида Балаева елдегі БАҚ туралы заңды бұзған басылымдар мен өзге де ақпарат таратушылардың қалай жауапқа тартылғанын айтты. Сондай-ақ ол әлеуметтік тақырыптарды қамту кезінде заңнама талаптарынан бөлек өзге де нормаларды қатаң сақтау керектігін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Қыркүйек, 2021
Twitter Ауғанстанның бірқатар министрліктерін «көк белгіден» айырды
Twitter әлеуметтік желісі Ауғанстанның кейбір министрліктерінің парақшаларынан аккаунттардың түпнұсқалығын растайтын тексеру белгілерін алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2021
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді үйден алуға бола ма?
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер енді жалғыз басты зейнеткерлерге ғана емес, сондай-ақ жақын туыстарының көмегінсіз қалған, отбасы ішіндегі жанжалға байланысты қиын жағдайдағы қарт адамдарға да үйде көрсетілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 25 Қыркүйек, 2021
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық офисінде орталық мемлекеттік органдардың басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2021
Сенатта әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру мәселесі талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында депутаттар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауды күшейтуге қатысты заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 13 Қыркүйек, 2021
Ералы Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері бойынша кеңес өткізді
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен негізгі әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет • 13 Қыркүйек, 2021
Сенаторлар азаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейту туралы заң жобасын қарайды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Бюро отырысы өтті, онда депутаттар 2021 жылғы 16 қыркүйекке жоспарланған Парламенттің жоғарғы палатасы отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2021
Көзбен көргенді көпшілікке айтып, қуаныш пен қайғыңды әлеуметтік желідегі достарыңмен бөлісу бүгінде ешкімге таңсық емес. Ұйқыдан ояна салып мессенджерді тексеру, инстаграмда түстену, фейсбукте жұмыс істеу, тик-ток қарап жатып ұйқыға кету елдің үйреншікті әдетіне айналды. Әлеуметтік желінің өмір салтымызға сіңіп кеткені соншалық, шынайы өмір мен желінің аражігін ажырату қиын болып тұр.
Әлем • 02 Қыркүйек, 2021
4 миллиардтан астам адам әлеуметтік сақтандыруға мұқтаж - БҰҰ
Әлемде 4 миллиардтан астам адам коронавирустық пандемиядан туындаған дағдарыс жағдайында әлеуметтік сақтандыру шараларымен қамтылмаған, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық еңбек ұйымының (ILO) сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2021
Президент: Бізге түбегейлі өзгеріс керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында бірқатар тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Тамыз, 2021
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қандай көмек көрсетіледі?
Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева онлайн брифинг барысында қалада тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі жайын қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Тамыз, 2021
Алматыда 132 мың адамға әлеуметтік көмек көрсетілді
2021 жылы Алматы қаласында халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдауға 30 миллиардтан астам теңге бөлінді, оның 14 миллиард теңгесі жұмсалды, деп жазады Egemen.kz Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 31 Тамыз, 2021
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді
Биыл І жартыжылдықта «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 389,1 мың қызмет көрсетті, оның 139,3 мыңы электрондық түрде ұсынылды. Бұл туралы Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 28 Тамыз, 2021
Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба қабылданады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов елде кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Тамыз, 2021
Жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алушылар саны өсті
Проактивті форматта жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындауға байланысты қызмет алушылар саны 11%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Тамыз, 2021
2022 жылдан бастап екі түрлі әлеуметтік жәрдемақы өседі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулы жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 25 Тамыз, 2021
Аз қамтылған отбасындағы әрбір оқушыға: 40 мың теңге
Нұр-Сұлтан әкімдігі «Жалпыға міндетті оқыту» бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетуге 800 миллион теңге бөледі, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2021
Жұмысынан айырылған 77,9 мың адам әлеуметтік төлем алды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қанша қазақстандық жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер алатыны туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Тамыз, 2021
«Әлеуметтік әмиянның» банктік шоттан айырмашылығы бар ма?
ҚР Сауда және интеграция министрлігі пилоттық режимде «әлеуметтік әмиян» жобасының іске қосылу уақытын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 12 Тамыз, 2021
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттар байқауы басталды
23 тамыздан бастап қазақстандық коммерциялық емес ұйымдар «Әрекет» әлеуметтік кәсіпкерлік жобасына қатысу үшін өтінім бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Тамыз, 2021
«Шапағат» оңалту орталығында 200-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетілді
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова «Шапағат» орталығының жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Тамыз, 2021
Елімізде «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске қосылады
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова жыл соңына дейін «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске қосылатынын айтты, деп хабалайды Egemen.kz.
Елорда • 07 Тамыз, 2021
Елорданың барлық ауданында жеңілдікпен берілетін баспана салынып жатыр
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік қолжетімді тұрғын үй құрылысы жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.