Ар
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бүгінгі бағамы 414,20 теңге болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.
Елорда • 27 Шілде, 2020
Елорданың 55 көшесінде жол жұмыстары аяқталды
Биыл 150 көше жөнделеді, оның 100-і тұрғын алаптарында. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Мейірімді Мельниковтер "ақылды" кереует тарту етті
Қарағандыға серіктес қала Шахтинскіде тұратын ағайынды кәсіпкерлер Юрий және Евгений Мельниковтер жергілікті аурухананың реанимация бөліміне автоматтандырылған төсекті сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 27 Шілде, 2020
Жамбылдың Баркуаб қалашығында қазба жұмыстары жалғасуда
Жамбыл облысының Жуалы ауданында орналасқан Бурное-Октябрьск көне қалашығы ұлттың ұлы тарихының бір бөлшегі. Мұнда ғасырлар қойнауынан сыр шертетін құнды жәдігерлер, ежелгі замандағы елдің елдігін танытатын бағалы дүниелер жетерлік. Оны жергілікті тұрғындар Баркуаб деп те атайды. Атақты араб саяхатшысы Убайдалла ибн Абдалла ибн Хордадбек өз жазбаларында бұл елдімекенді Баркуаб деп көрсеткен екен. Ал, 1893 жылы Ұлы Жібек Жолының бойындағы аталған елдімекенді тапқан белгілі ғалым Василий Бартольдтың жазбаларынан да Баркуаб қалашығы туралы кездестіруге болады.
Қоғам • 27 Шілде, 2020
Мұхтар Құл-Мұхаммед: Мыңдаған отандасымыздың өміріне қауіп төне жаздады
Таяуда Алматыда жалған дәрі-дәрмектер даярлайтын астыртын цех табылғаны белгілі. Тексере келгенде сол дәрілерге арналған қорап шығаратын баспахана мен оларды сақтайтын қойма да табылып, 100 тоннадан астам күмәнді препараттар тәркіленді. Бұл туралы Парламент Сенатының Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Бүгін қазақтың қос ғарышкерінің туған күні
Бүгін қазақтың қос ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтің туған күні, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 27 Шілде, 2020
Пульмонолог дәрігер: Адам өмірін сақтау үшін дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істеуде
Карантин шаралары енгізілген сәттен бастап дәрігерлер 24/7 режімінде жұмыс істеуде, дейді Астана медицина университетінің №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, пульмонолог Асия Токсарина. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 27 Шілде, 2020
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
Сейсенбі күні, 28 шілдеде, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Аграрлық несие корпорациясы 4913 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландырды
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша отандық кәсіпкерлер жалпы сомасы 148,4 млрд теңге көлеміндегі несие рәсімдеді. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында жеңілдетілген несие беру бағдарламалары арқылы елде 12571 жұмыс орны қаржыландырылса, тағы 3798 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 27 Шілде, 2020
Қарағанды облыстық білім беру басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Қарағанды облыстық білім беру басқармасының жаңа басшысы болып Гүлсім Қожахметова тағайындалды, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Байланыс операторлары тарифтер бағасын қымбаттатады
Байланыс операторлары "Үйдегі Интернет" пен кабельді теледидар тарифін қымбаттатады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 27 Шілде, 2020
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға басымдық бере басталды
"Сарапшылар бұл құбылыс мамыр айынан бастап басталғанын байқаған. Ал маусым айы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемі жағынан рекордты жаңартты". Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының бүгінгі шолуында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған ойын-сауық орындары анықталды
Санитария нормаларын сақтамаған кафелер мен мейрамханалардың иелеріне көп мөлшерде айыппұл салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әлем • 27 Шілде, 2020
Израиль Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Оңтүстік Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Сарыағашта егіс көлемі 917,6 гектарға инновациялық жоба іске асырылуда
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 1 алқаптан 2-3 өнім алуға жалпы 400-ге жуық шаруа қожалық ниет білдіріп, егіс көлемі 917,6 гектар болатын инновациялық жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Талғар ауданының әкімі пневмониядан көз жұмды
Бүгін Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Қазақстандағы стационарларда дәрі-дәрмектің айлық қоры құрылды
Стационарларда COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектің айлық қоры бар. Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру мақсатында отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да медициналық препараттарды сатып алу процедуралары қатар жүргізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Өнер • 25 Шілде, 2020
Ұлттық музыкалық танымдық телебағдарлама эфирге шығады
"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы 26 шілдеден бастап дәстүрлі музыка мен оның тарихынан сыр шертетін "Күміс көмей" ұлттық музыкалық танымдық бағдарламасын эфирге шығарады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Бейнебақылау камераларының көмегімен 48 219 құқық бұзушылық анықталды
Алматы облысында сыртқы бейнебақылау камералары 50 мыңға жуық құқық бұзушылықты тіркеген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Ақтөбеде ардагерлер төсбелгімен марапатталды
Ақтөбе облысы Полиция департаменті мен ардагерлер кеңесі ұдайы ІІМ ардагерлеріне қамқорлық көрсетіп келеді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Парламент • 24 Шілде, 2020
Депутаттар Атырау облысының ауруханаларына 15 тыныс алу аппараттарын табыстады
Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев пен Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырау облыстық мәслихатының әріптестерімен бірлесе өңірлік ауруханаларға15 өкпені жасанды желдету аппараттарын табыстады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Жеңіс Қасымбек: Кінәліні қатаң жаза күтіп тұр
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаев қаласында болған бес жастағы қызды ұрлау ісі Мемлекет басшысының жеке бақылауында екенін бейне үндеу арқылы мәлімдеді, – деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Тараздағы бірқатар нысан иелеріне айыппұл салынды
Бүгінде өңірдегі карантин талаптарының қаншалықты сақталып отырғанын анықтау мақсатында Тараз қалалық әкімдігінің, полиция және Жамбыл облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдерінен құралған мониторингтік топ облыс орталығында кезекті рейд жұмысын жүргізген, - деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 24 Шілде, 2020
Абайдың әні алғашқы рет жапон тілінде шырқалды
Жапон әншісі Ранка қазақстандықтарды қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен жапон тілінде "Көзімнің қарасы" әнін орындау арқылы құттықтады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Президент • 24 Шілде, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Өзбекстан халқына бақ-береке тіледі.
Қазақстан • 24 Шілде, 2020
Карантин кезінде иммунитетті қалай нығайтамыз?
Аллерголог иммунолог, педиатр дәрігер, "Астана" медицина университетінің микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті Бақтыбаева Мөлдір Сиқымбекқызы Нұр-Сұлтан әкімдігінің @akimat_nur_sultan ресми парақшасында өткен тікелей эфирде пандемия кезінде иммунитетті қалай нығайту керектігін айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 24 Шілде, 2020
Індетті тоқтатудың бір ғана жолы - екі жақты жауапкершілік
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын қадағалау үшін арнайы іс-сапармен Қызылорда облысына барды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 24 Шілде, 2020
Президент Түркістан мен Қарағанды облыстарындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Экономика • 24 Шілде, 2020
Доллар бағамы тұрақталып келеді
Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бүгінгі бағамы 413,98 теңге болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 24 Шілде, 2020
Биылғы жартыжылдықта көпбалалы аналар 113,6 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды
2020 жылғы қаңтар-маусым аралығында жалпы сомасы 113,6 млрд теңгеге 389,1 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Маусым айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 19,7 млрд теңгеге 398,091 мың отбасы алды, деп хабарлайды Egemen.kz