м
Ауа райы • 18 Тамыз, 2021
Сәрсенбіде күн райы қандай болады?
Синоптиктер 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2021
Жамбыл облысына Vero Cell вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілді
Жамбыл облысына Vero Cell вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2021
Мегаполис мүмкіндіктері: Шымкентте 282 инвестициялық жоба іске асырылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында өз бетінше баспана мәселесін шешуге табысы жетпейтін азаматтарға тиімді әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтқан болатын. Сондай-ақ Президент кезекте тұрған адамдардың баспана мәселесін тезірек шешу керектігін міндеттеді. Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мысалы, жуырда 74 отбасы жалдамалы пәтерге ие болды. Олардың ішінде 39 отбасы – әлсіз топ санатындағы, 28 отбасы – көпбалалы және жетеуі ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар санатындағы азаматтар.
Білім • 17 Тамыз, 2021
Биыл республика мектептерінің бәрінде оқу жаман індетке қарамай, дәстүрлі түрде оқытылатыны туралы жуырда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ресми түрде мәлімдеді. Оқуға ұмтылатын жасөспірімдер мұны қуанышпен қабылдады. Өйткені құрбыларын көрмей, олармен ойнап-күлмей, жарысып оқымай, үйге қамалып отырып алған оқушылардың өткен оқу жылындағы білімі төмен екені іс жүзінде көрінген.
Әлем • 17 Тамыз, 2021
ЕО-ның Меркельден кейінгі тағдыры қандай болмақ?
МАДРИД. Еуропалық жобаларда әрдайым кемшілік болатын. Бірақ ешқайсысы құрлықты дүр сілкіндірген емес. Бұған себеп – Германия. Аталған ел Еуропалық одақ мүшелері арасында туындаған мәселелерде білікті араағайын бола білді, әсіресе, канцлер Ангела Меркель 16 жылдық билігі тұсында осыны айқын дәлелдеді. Биылғы қыркүйекте Меркельдің қызмет мерзімі аяқталмақ. Ендеше, Еуропалық одақты не күтіп тұр? Дүр сілкіне ме, әлде одан да зор бола ма?
Қоғам • 17 Тамыз, 2021
Алимент төлемеген 29 азамат қамауға алынды
Солтүстік Қазақстан облысында алимент төлмегендерге заңды жаза тағайындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күрес • 17 Тамыз, 2021
Әлем чемпионаты: Үш балуан қола жүлдеге таласады
Ресейде еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2021
Қазақстан мен AfoCO ұйымы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Мемлекет басшысының Сеулге мемлекеттік сапары шеңберінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Корей орман қызметі министрінің орынбасары Нам Тэхен және орман секторындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия ұйымының (AFoCO) Басқарушы директоры Рикардо Кальдеронмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Тамыз, 2021
Қайрат Ералиев өзбек боксшысына қарсы жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы, 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев кәсіби рингте өзінің дебюттік жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2021
Қаламгер Қажыбек Төтекин дүниеден озды
Шыңжаң жазушылар қоғамының, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, белгілі ақын, жазушы Қажыбек Төтекин қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Тамыз, 2021
Медициналық қызметкерлердің халатты өз қаражатына сатып алатыны рас па?
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мегаполистегі емханалар мен ауруханаларды модернизациялау мәселелері туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 17 Тамыз, 2021
Қоғам белсендісі «Қазақтелеком» АҚ-дағы жемқорлық фактісін анықтады
«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов жеке тергеу жүргізіп, мемлекеттік сатып алулар бойынша бағаның жоғарылығын анықтаған, деп жазады Egemen.kz .
Әлем • 17 Тамыз, 2021
Ауғанстан астанасы Кабулда «Талибан» билігінің екінші күнінде бензин таусылды. Жанармай құю бекеттерінің жанында әскери көліктер кезек күтіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Коронавирус • 17 Тамыз, 2021
Vero Cell вакцинасы қарағандылықтар үшін де қолжетімді
Қарағанды облысына қытайлық Vero Cell екі компонентті вакцинасының 40 мың дозасы келіп түсті. Бұл көлем 20 мың тұрғынды иммундау үшін жеткілікті. Вакцина бүкіл өңір бойынша таратылатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Тамыз, 2021
Шымкентте кавасаки синдромына шалдыққан бала жазылып шықты
Жыл басынан бері қалада кавасаки синдромына ұқсас дерт екі баладан анықталған, деп жазады Egemen.kz azattyq ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 17 Тамыз, 2021
Токио-2020: Боксшылар мемлекет сыйақысын қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты
Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайтындарын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 17 Тамыз, 2021
Алматыда 3 мыңға жуық бала коронавирустан емделіп жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мегаполистің Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Алматыдағы эпидемиялық ахуал туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 17 Тамыз, 2021
Елбасы медалінің иегерлері білім грантын алды
Елбасы медалінің 821 иегері білім беру гранттарын алу конкурсына қатысты, оның ішінде 605 талапкер «Елбасы медалі» жобасының арқасында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Елбасы қоры хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Тамыз, 2021
Орталық Азияның ММА жұлдыздары Алматыда бас қосады
Ертең Алматыда аралас жекпе-жектен Аlash Pride Grand Prix 67 турнирі өтеді. Бұл додаға тек Қазақстанның ММА спортшылары ғана емес, алыс-жақын шетелден де ең мықты деген файтерлер келеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2021
Алматыда шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзарды
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінгі Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында шектеу шараларының неліктен ұзарғанын түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2021
Қазақстан запастағы офицерлерді әскерге шақыруы мүмкін
Ауғанстан Ислам Республикасындағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Қарулы Күштерде қырағылықты күшейту бойынша шаралар қабылданды. Ең алдымен, бұл арнайы операциялар күштеріне, майдан және әскери-көлік авиациясына, әуе шабуылына қарсы қорғанысқа қатысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тарих • 17 Тамыз, 2021
Жошы хан әулетінің кесенесі туристер үшін ашық болады
Үш жыл бұрын Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының археологтары Уәлиханов ауданының аумағында Алтын Орданың гүлдену дәуіріндегі бірегей археологиялық ескерткіш - Қызыл-Оба кесенесін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2021
Қостанайда екі жұмысшы уланып қалды
Қостанайда улы бумен уланған екі қызметкер техникалық құдықтан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 17 Тамыз, 2021
Германия жасөспірімдерге вакцина салуды қарастыруда
Германия 12 жастан асқан жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы иммундауды қарастыруда. Мұндай ұсыныстарды вакцинация жөніндегі тұрақты комиссияның мамандары ортаға салды, деп жазады Egemen.kz baq.kz- ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2021
Алматыда тәулігіне 8 мыңға жуық тұрғын жедел жәрдемге жүгінеді
Алматы қаласы жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде пандемия кезіндегі фельдшерлер жұмысының қиындығы мен оларға түсетін ауыртпалықтар туралы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
TOKYO2020 • 17 Тамыз, 2021
Токио Олимпиадасының жүлдегерлеріне пәтер берілді
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың ауыр атлетикадан жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Зульфия Чиншанло мен Игорь Сонды қабылдады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Тамыз, 2021
18 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 17 Тамыз, 2021
Алматыда бір айлық нәресте коронавирустан шетінеп кетті
Алматыда бір айлық нәресте коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Тамыз, 2021
Шри-Ланка денсаулық сақтау министрі жалған ақпарат үшін қызметтен босатылды
Шри-Ланка Денсаулық сақтау министрі COVID-19-ға қарсы «бақсылықты» мақұлдауына байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 17 Тамыз, 2021
Профессор Әлімхан Жүнісбек өмірден өтті
Белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек өмірден өтті. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.