П
Экология • 25 Желтоқсан, 2023
Леонардо Ди Каприо Қазақстан халқын құттықтады
Америкалық актер Леонардо Ди Каприо Қазақстанды киіктің көбеюімен құттықтады. Ол әрқашан әлеуметтік желідегі парақшасында жойылу қаупі жоғары фауна, флора байлықтарын еске салып, қорғауға үндеп отырады. Леонардо Ди Каприо, тіпті, өзін Instagram парақшасында актер әрі табиғат қорғаушысы деп таныстырады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2023
Астана қаласының оқушысы Президенттен ерекше сый алды
Астана қаласының оқушысы Кемел Жүсіпов өзінің туған күнінде Президентке хат жазды. Хатында ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолтаңбасы жазылған «Әке туралы ой-толғау» кітабын сыйлыққа алғысы келетінін, сондай-ақ Президентті көргісі келетінін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2023
Газа секторында қаза тапқандар саны 20 258 адамға жетті
Израильдің Газа секторына соққылары салдарынан 7 қазаннан бері 20 258 адам мерт болды, тағы 53 688-і жарақат алды. Бұл туралы Анадолы агенттігі Газадағы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 23 Желтоқсан, 2023
ТЖД-нің қызықты құтқару оқиғалары: «Кішкентай кепілдер», «Экстремалды фото», «Сақина» операциясы
Шығыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкерлері биыл 215 адамды құтқарып, түрлі төтенше жағдайларға тап болған 410 адамды эвакуациялаған. 65 балаға көмекке келген. 32 ауыр науқас пен қозғалуы қиын азаматтарды тасымалдауға жәрдемдескен. 59 жануарды құтқарған. ШҚО ТЖД оқиғалар арасынан қызықтыларын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде қандай ірі жарыстар өтті?
Тәуелсіздігіміздің 32 жылында елімізде ірі-ірі бірнеше байрақты бәсеке ұйымдастырылып, ел мерейін тасытатын іс-шаралар өткізілді. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде алғаш әлемдік дүбірлі доданы 2002 жылы қабылдады. Сол жылы еліміздің бас шаһарында бокстан Әлем кубогі бәсекесінің байрағы желбіреді, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Желтоқсан, 2023
Президент дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 23 Желтоқсан, 2023
«Астана Опера» театрында «Umai – 2023» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнер қайраткерлерін елеулі шығармашылық жетістіктері үшін қолдауға бағытталған байқау биыл екінші рет ұйымдастырылды. Конкурсты Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне министр Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, мәдениет майталмандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 23 Желтоқсан, 2023
Республикалық маңызы бар автожолдар: 1 учаскеде көлік қозғалысы шектелді
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдардың 1 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2023
Семейде Президент еңбегін бағалаған мүсіншінің туындысы бүлінді
Абай облысының орталығы Семей қаласындағы «Арбат» алаңында «Құлын мен бала» атты тамаша туынды бүлінді. Қала сәні үшін қойылған, қоладан құйылған бұл мүсін өткен жылдың күзінде ғана «Мәңгілік ел» көшесінің бастауына орнатылған еді. Шағын алаңның бір жақ қапталында Семей қалалық әкімдігі орналасқан.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2023
Маңғыстауда бір тәулік тұрмастан жаңажылдық шырша құлап қалды
Шетпе ауылының тұрғындары құлап қалған шыршаны видеоға түсіріп алған. Маңғыстау облыстық ішкі саясат және тілдерді дамыту басқармасы бұл оқиға ауа райының қолайсыздығына байланысты болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Чех Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Прага қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Чех Республикасының Президенті Петр Павелге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 22 Желтоқсан, 2023
Астанада тағы бір мектеп ашылды
Астанада Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің жанынан жаңа ғимарат ашылды. Ашылу салтанатына қамқоршылық кеңестің өкілдері, педагогтер, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты. Қабылданған шаралардың арқасында мектепке түсетін артық жектеме азайып, білім мекемесінің үш ауысымды проблемасы шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2023
Рудныйда жүргізуші полиция қызметкерін көлік капотында сүйреп әкетті
22 желтоқсан күні сағат бір шамасында Рудныйдың Корчагин көшесінде Тойота жүргізушісі полиция бекетінің жанындағы мүгедектерге арналған тұрақ белгісінің жанында тоқтаған. Заң бұзушылықты ескертпек болған полицейді жүргізуші көлік капотында сүйреп әкеткен, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 22 Желтоқсан, 2023
Президент: Қазақстан-АҚШ көптеген сала бойынша ынтымақтастық орнатқан
Президент АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға, сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 22 Желтоқсан, 2023
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің төртінші легінің тізімі жарияланды
Бұл жөнінде 2023 жылғы 22 желтоқсан күні Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Желтоқсан, 2023
Оқ ату және стендтік атудан спортшыларымыз ел үмітін ақтады – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спорттық ату федерациясының басшылары және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында оқ ату және стендтік ату өкілдері спортшыларымыздың соңғы ірі халықаралық турнирлердегі жетістіктерін қорытындылап, Париж Олимпиадасына дайындық жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Желтоқсан, 2023
Зульфия Чиншанло допинг дауына ілікті
Қазақстанның ауыр атлеті Зульфия Чиншанло допинг қолданғаны үшін сегіз жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап қандай төлемдер өседі, не өзгереді?
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 7 пайызға, яғни, 3450 теңгеден 3692 теңгеге өседі. Осыған байланысты әлеуметтік жәрдемақылар мен бюджетке төленетін салық, айыппұл мөлшері де артады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 22 Желтоқсан, 2023
Зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды қолдау туралы заңға өзгерістер енгізілді
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Спорт • 21 Желтоқсан, 2023
Азиаданың күміс медалін олжалаған спортшыға Астанадан пәтер берілді
Елордада жыл сайынғы «Астана» спорт форумы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Білім • 21 Желтоқсан, 2023
Қысқы каникулда оқушылар қанша күн демалады?
Ел мектептерінде 29 желтоқсан күні ІІ тоқсан аяқталады. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың қысқы демалыста қанша күн демалатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 21 Желтоқсан, 2023
«Жетісу» командасының жаңа бас бапкері тағайындалды
Футболдан Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкері қызметіне Қайрат Нұрдәулетов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Желтоқсан, 2023
Бокстан әлем чемпионы «Жыл спортшысы» атанды
Елордада дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Астана» спорт форумы өтті. Форум аясында жылдың үздік спортшылары анықталды, деп жазады Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қылмыс • 21 Желтоқсан, 2023
Танысын өлтірген күдіктілер екі ай өздері қазған жерге жасырынып келген (видео)
Алматы полицейлері осы жылдың қазан айында танысын өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін денесін өртеп жіберген 22 және 33 жастағы екі ер адамды ұстады, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сенат • 21 Желтоқсан, 2023
Саусақ ізін тапсыру ерікті бола ма? Сенат заң қабылдады
Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда көлік бағасы арзандап жатыр
Қазақстанда автокөліктің орташа бағасы 2,3 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 21 Желтоқсан, 2023
«Мәңгілік мұңның әуені» поэтикалық-музыкалық қойылымының премьерасы өтті
20 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ғимаратында белгілі ақын, бард, халық арасында «Сары тентек» атанған Қуаныш Мақсұтовтың асқаралы 60 жасқа толған мерейтойына орай «Мәңгілік мұңның әуені» атты поэтикалық-музыкалық қойылымының премьерасы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Желтоқсан, 2023
Қарқаралыда жұмысқа бара жатқан үш адамға қасқыр шапты
Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Оқиға бүгін таңғы 6 шамасында Қарқаралы ауданында болған, деп жазады Egemen.kz.