ел
Елорда • 13 Ақпан, 2024
Астанада жауған қар мөлшері айлық нормадан асып түсті
«Қазгидромет» синоптиктерінің ақпараты бойынша, елордада 1-12 ақпан аралығында 22 мм-ден астам қар түсті, бұл айлық нормадан 5 мм-ге артық, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Ақпан, 2024
Президент Анар Жайылғанованың жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Нұралықызы Жайылғанованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Финляндияның жаңа президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2024
TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне 8 мыңға жуық Қазақстан педагогі қатысады
Ақпанның 12-сі мен наурыздың 20-сы аралығында 50-ден астам елдің қатысуымен TALIS-2024 төртінші циклі өтеді. Оған Қазақстанның 378 мектебінің 8000-ға жуық мұғалімдері мен директорлары қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Ғылым • 11 Ақпан, 2024
1901-2023 жылдар аралығында 965 адам мен 27 ұйым Нобель сыйлығын иеленіпті. Сол лауреаттардың тек 65-і ғана, яғни 6 пайыздан сәл көбі – әйел. Осы және өзге де мәселелерге орай БҰҰ 2015 жылы 11 ақпанды Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні ретінде бекітті. Бұл қадам ғылым, білім және өзге де салаларда әйелдердің жетістікке ерлермен тең жетуін қамтамасыз етуге шақыруды көздейді.
Қоғам • 11 Ақпан, 2024
Ақмола облысында жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды
10 ақпан күні Ақмола облысы Щучинск қаласында ер адам жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ибрахим Раиси мен ирандықтарды төл мерекесі – Ислам революциясы күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Ақпан, 2024
Жер сілкінісі әлі тоқтамаған ба? Дүмпулерді Риддер тұрғындары сезді
10 ақпанда сағат 14:24-те эпицентрі Ресей Федерациясында орналасқан жер сілкінісі тіркелді. Ол Қазақстанның шығыс аумағында да сезілді, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Құтқарушы • 10 Ақпан, 2024
8 құтқарушы 18 шақырым жаяу жүріп, кейуанаға көмекке келді
Ақтөбе облысына қарасты Мұғалжар ауданының әкімшілік орталығы саналатын Қандыағаш қаласынан 8 құтқарушы 18 шақырым қашықта орналасқан Басшили ауылына дейін жаяу жүріп, кейуанаға көмекке келген, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Ақпан, 2024
Қарлы боран қашан басылады? Синоптиктер жауап берді
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күн, дәлірек айтқанда 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Ақпан, 2024
Париж-2024 жолдамасына таласатын Қазақстан боксшылары белгілі болды
Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияда өтетін әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 09 Ақпан, 2024
Құсбегіліктен ел біріншілігі басталды, оған Айшолпан Нұрғайыпқызы қатысады
Құсбегіліктен ересектер арасында Өскемен қаласында 8 ақпанда басталған XVII Қазақстан чемпионаты 12 ақпанға дейін созылмақ, оған ителгі, бүркіт, қаршыға құстары қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 09 Ақпан, 2024
Ақмарал Әлназарова омбылап қар кешкен ақтөбелік фельдшерлерге алғыс айтты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Ақпан, 2024
Ертең боран басыла ма? Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Ақпан, 2024
«Су құбыры жарылған». Алматыдағы лай көшкінінің себебі белгілі болды
Бүгін Алматы қаласы, Медеу ауданы Тау-Самалы шағынауданыдағы 2 үйді лай көшкіні басты. Оқиға салдарынан 1 отбасының 4 мүшесі көз жұмды. «Қазселденқорғау» мекемесі техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2024
Боранды жел, қалың қар. 12 облыста республикалық маңызы бар 61 жол жабылды
8 ақпандағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан аумағында республикалық маңызы бар автожолдардың 61-інде қозғалыстың барлық түріне шектеу енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Ақпан, 2024
Шетелдегі қазақ балалары Қазақстанда білім алады – Жанар Байсеміз
Бұл туралы Жанар Байсеміз өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Ақпан, 2024
Астанада велотректен ел чемпионаты басталды
Елордадағы «Сарыарқа» велотрек кешенінде Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
«Алматы – Өскемен» пойызында жас келіншек қыз босанды
Жүктіліктің соңғы айында жолға шыққан алматылық әйел пойызда қыз баланы дүниеге әкелді. Вагон жолсерігі Бағдагүл Әбдәқұлова және пойыз бригадасының басқа да қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, әйелді аман-есен босандырып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Ақпан, 2024
Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілер төбелесті (видео)
Әлеуметтік желіде тасжолда төбелескен жүргізушілердің видеосы тарап кетті. Видеода ашулы жүргізушінің машинаның ішіне ентелей кіріп екінші жүргізушіні ұрып-соққанын көруге болады. Төбелес тасжолдың ортасында болған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2024
Қазақстанды әлемдегі «цифрлық көшпенділердің ордасына» айналдыру қажет - Қ.Тоқаев
Экономиканы цифрландыру ісін жалғастыру және жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолдану аса маңызды. Үкіметтің кеңейтілген отырысына төрағалық еткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Ақпан, 2024
Биыл 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстары аяқталады
Президент коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарын жеделдету керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Ақпан, 2024
«Жағдай мүшкіл»: Түркістан мен Қызылорда облыстарында құрғақшылық қаупі жоғары
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіп кешеніне ауқымды реформа жасап, жаңа технологияларды енгізіп, жерді және басқа ресурстарды ұтымды пайдаланып, жеңілдіктер мен субсидиялардың тиімділігін арттыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
«Абақтыға алып кірмек болды». Қоғамдық қорғаушыдан тыйым салынған зат табылды
Республиканың екі тергеу изоляторында ұялы телефондарды алып өтуді жоспарлаған қоғамдық қорғаушылар ұсталды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ауа райы • 07 Ақпан, 2024
Синоптиктер ескерту жасады: 14 өңірде жел күшейіп, бұрқасын болады
Елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды. Болжамға сәйкес, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Ақпан, 2024
Үкімет жаңа қарқынмен жұмыс істеу қажет - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан жасақталатын Үкімет шұғыл, маңызды шешімдер қабылдап, елдегі бірнеше түйіткілді мәселелерді шешу керек екенін айтты, деп жазады Egemen.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Ақпан, 2024
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті жазасыз қалмайды - ІІМ
Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісін соққыға шыққан күдікті Нұрболат Дәкебаев жазасыз қалмай жауапқа тартылады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен жиынында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2024
«Қоян аулап, қолға түсті»: Браконьерлерге қарсы іс-шара өтіп жатыр
Заңсыз аң аулау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында Абай облысы аумағында полиция қызметкерлері 1 ақпанда бастаған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады, сол орайда браконерьлікпен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2024
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Egemen.kz Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.