ер
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді
27-28 маусым күндері елордада тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін. Демалыс күндері барлық сауда орталықтары, сауда үйлер, азық-түлік және өзге де тауарлар сататын базарлар, дүкендер жұмыс істемейді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Бұл туралы Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты кезінде айтты, деп жазады Egemen.kz
Елорда • 26 Маусым, 2020
Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады
Профилактика шаралары аясында демалыс күндері қоғамдық көлік (27-28 маусым) жүрмейді. Бұл туралы Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 26 Маусым, 2020
"NUR SUNQAR" байқауының жеңімпаздары анықталды
"Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, "NUR SUNQAR" республикалық конкурсының жеңімпаздарын жариялады. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Маусым, 2020
Футболдан Англия Премьер-лигасында күні бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізген "Ливерпуль" тағы бір рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz
Парламент • 26 Маусым, 2020
Лязат Ақтаева Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
Үкіметтің қаулысымен Лязат Мейрашқызы Ақтаева берген өтінішіне сәйкес Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Тағайындау • 26 Маусым, 2020
Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Технология • 26 Маусым, 2020
"Siri" мен "Alexa" қазақша сөйлей бастайды
Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының ғалымдары сөз тану және сөз синтезі технологияларын қазақ тілінде қолдану үшін қазақ тіліндегі дауыстық деректерді жинауды бастады, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 26 Маусым, 2020
Бүгін еліміздің басым бөлігінде нөсер жауын болады
26 маусым күні циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалынан Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Еліміздің тек батыс бөлігінде жұма жауын-жашынсыз өтеді. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, дауыл, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады, - деп жазады Egemen.kz.
Видео • 26 Маусым, 2020
Журналистер туралы бейнебаян жарық көрді
Бүгін журналистер күніне байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арнайы бейнебаян дайындады. Министр Аида Балаева БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, әлеуметтік желіде осы видеоны бөлісті.
Қазақстан • 26 Маусым, 2020
Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығының лауреаттары анықталды
Жас журналистерді қолдау және олардың қызметін ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызды тақырыптармен айналысатын БАҚ-тың жұмысы аясында белгілі қазақстандық журналист, тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" журналистикалық сыйлығы лауреаттарының есімдері белгілі болды.
Қазақстан • 26 Маусым, 2020
Аида Балаева БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен Қазақстандағы БАҚ қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиын барысында министр БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Ақмолада жол сапасына қатысты кемшіліктер анықталды
Биыл 39,9 млрд теңгеге 700 шақырым жол жөнделеді. Бірақ сапасы қалай болмақ? Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті "Сапалы жол" жобасы аясында тексерістер ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 26 Маусым, 2020
Коронавирус белгілері жоқ тағы 883 адам тіркелді
26 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 883 тасымалдаушы тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Маусым, 2020
Бішкекте әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу мәселесі талқыланды
2020 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігі А.Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасымен бірлесіп, әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Ұлы ойшылдың ғылыми және рухани мұрасы" тақырыбында халықаралық онлайн-конференция ұйымдастырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Ақмола облысында маусым басталғалы жиырмадан астам орман өрті болған
Облыста өрт қаупі мол маусым басталғалы жиырмадан астам орман өрті орын алды. Жасыл желектің қаншалықты қымбат қазына екендігін айтып жатудың өзі артық. Ендігі арада осы жайға айрықша назар аудару қажет болып тұр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Ертең Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығының лауреаттары анықталады
Ертең сағат 9.00-де, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай онлайн-марафон өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Қызметкерлер өз есебінен ПТР-тесттен өтуге міндетті емес - министр
Қызметкерлердің өз қаражаты есебінен медициналық тексеруден өту Еңбек заңнамасында қарастырылмаған. Бұл туралы министр Біржан Нұрымбетов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Батыс Қазақстанда ҰБТ-ның алғашқы нәтижелері белгілі болды
Батыс Қазақстан облысында биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы өткен үш күн ішінде 1552 түлек сынақ тапсырды. Ереже бұзып, сынақтан шеттетілгендер де бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 25 Маусым, 2020
"Астана Операның" тартуы – "Абай"
Елорда күніне "Астана Опера" театрының тамаша тартуы дайын. Өнерлі ұжым 6 шілдеде театрдың ресми сайтынан және TengriTV-ден ұлттық классика жауһары – М.Әуезовтің либреттосына жазылған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операсын онлайн көрсетуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Шымкенттік дәрігерлер коронавирус жұқтырмаудың жолын көрсетті
Коронавирус індеті қазіргі кезде өршіп, халыққа аса қатер төндіріп тұрғаны көпшілікке аян. Тіпті карантин мерзімін бірнеше рет созуға тура келді. Соған қарамастан аталған вирус соңғы кезде тіпті қатты белең алуда. Бұл көбіне жұртшылықтың карантин режимдерін қатаң әрі дұрыс сақтамауынан болып отыр. Осыған байланысты дәрігерлер коронавирустың алдын алу жолдарын онлайн түсіндіруде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Маусым, 2020
Жапониялық каратешілер Қазақстан құрамасына видео-сәлемдеме жолдады
Каратеден Қазақстан құрамасының Жапонияда жоспарланған жаттығу жиынына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
iKOMEK бірыңғай байланыс орталығына қашықтан жұмыс істеуге 15 оператор қабылданды
Оператордың міндетіне қабылдау, кеңес беру, қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштерді ақпараттық жүйеде тіркеу кіреді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
2020 жылы 6 мыңнан астам адам қандас мәртебесін алды
Осы жылдың 5 айында 6,3 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов халыққа есеп беру кездесуі кезінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Биыл 1,2 млн адам жұмыспен қамтылады - министр
Әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 2020 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 1 миллион 220 мың қазақстандықты тарту жоспарлануда. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимінде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Суға шомылу ережесін бұзған 64 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Комиссия тексерісі бойынша елордада көпшілік суға шомылатын 23 орын анықталған. Олардың үшеуі рұқсат етілген: Орталық жағажай, "Три пескаря" және "Столичный двор" демалыс аймақтары, 20-сы тыйым салынған орындар, - деп жазады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Білім • 25 Маусым, 2020
Қарағандылық түлекті АҚШ-тың төрт оқу орны білім алуға шақырды
Қарағандылық Балнұр Түленованы бір мезгілде АҚШ-тың төрт университеті оқуға шақырып отыр. Ол Нығмет Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатты бітірген, деп жазады Қарағанды облысының баспасөз қызметі.
Қазақстан • 25 Маусым, 2020
ҰБТ: Бейнетрансляция өшіп қалған аудитория түлектері тестті қайта тапсырады
ҰБТ-ның төртінші күні 77 тестілеу пунктінде 12 581 адам қатысады деп жоспарланды. Оның 96%-ы тест тапсырды. Ережені 136 адам бұзған, бұл көрсеткіш үшінші лектің қорытындысымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Тоғыз түлектің қызуы көтерілді, олар ҰБТ-ны бөлек, басқа күні тапсыра алады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 24 Маусым, 2020
Ертең Біржан Нұрымбетов халық алдында есеп береді
Ертең сағат 10:00-де Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов халыққа есеп беру кездесуін өткізеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 24 Маусым, 2020
Бейбіт Атамқұлов Рамин Намик оглы Гулузадамен телефон арқылы сөйлесті
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Әзербайжан Республикасының Көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрі Рамин Намиг оглы Гулузаде телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.