жеңімпаздар
Әдебиет • 24 Сәуір, 2025
Республикалық «Ұлттық кітап» байқауы жеңімпаздары марапатталды
23 сәуірде елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлттық кітап күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, белгілі ақын-жазушылар, Мемлекеттік сыйлық иегерлері, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, баспасөз саласының өкілдері, облыстық кітапханалардың басшылары және шығармашылық зиялы қауым қатысты. Іс-шара аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған «Ұлттық кітап» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 17 Желтоқсан, 2024
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II республикалық олимпиада аяқталды
Астанада ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы II республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Қорытынды кезеңге Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауылдардан 450 оқушы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 16 Қыркүйек, 2024
Паралимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
Үкімет үйі ғимаратында XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздарына және жаттықтырушыларға Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің атынан жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024
«Пәтер, көлік, қомақты қаржы»: Жамбы ату жеңімпаздарына қандай сыйлық берілді
Жамбы атудың мажар, азия, түркі және жамбы стилдері бойынша сайыстар аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 09 Қыркүйек, 2024
Көшпелілер ойындарының алғашқы «алтыны» кімге бұйырды
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында жамбы ату спорт түрінің жеңімпаздары анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 07 Маусым, 2024
Жамбы ату чемпионатында «Азия» стилі жеңімпаздары анықталды
Жамбы атудан 2007-2009 жылғы жасөспірімдер арасындағы ІХ ел чемпионатының бірінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 23 Мамыр, 2024
Ұлы дала жорығы-2024: Бүгін бәйге жеңімпаздары марапатталады
Көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы Дала жорығы-2024» бүгін аяқталып, жеңімпаздары марапатталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 12 Ақпан, 2024
Құсбегіліктен XVII ҚР чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданы Бозанбай ауылында өткен құсбегіліктен ересектер арасындағы XVII ҚР чемпионатында жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 10 Ақпан, 2024
Study UK Alumni Awards жеңімпаздары анықталды
Қазақсандағы Британ Кеңесі (British Council) Study UK Alumni Awards 2023-24 байқауының финалистерін марапаттап, жеңімпаздарын анықтады. Марапаттау рәсіміне Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстандағы Британ Кеңесінің директоры Роберт Тейлор және білім-ғылым саласындағы ұйым басшылары мен өкілдері қатысты. Әрбір финалистке сертификат табысталып, жеңімпаздар кубок пен кәсіби дамулары үшін £2,000 көлеміндегі қаржылай грантқа ие болды.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2023
«Әскер тарланы» байқауының жеңімпаздары анықталды
Астанада Қарулы күштердің 2023 жылғы үздік мамандарын марапаттау рәсімі өтті. Жыл сайынғы «Әскер тарланы» байқауы әскери қызметшілерді жаңа кәсіби биіктерді игеруге ынталандыруға ықпал етіп келеді. Мамандарды іріктеу 24 номинация бойынша жүргізілгенін атап өту керек. Байқау жеңімпаздарын Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2023
Астанада Қазақстанның үздік тауарлары анықталды
Бүгін елордада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық-көрме байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауда «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жүлделер берілді. Енді байқау лауреаттары мен дипломанттары байқаудың эмблемасын төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2023
Паралимпиадалық боччадан жарыс жеңімпаздары марапатталды
Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев боччадан ел Кубогі сарапқа салынған жарыстың жабылу рәсіміне қатысып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 16 Қараша, 2023
NIS оқушылары Америкадан жеңіспен оралды
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары Америкада өткен «Yale Tournament of Champions-2023» жаһандық академиялық сайыстың жеңімпазы атанды.
Театр • 15 Қазан, 2023
Қызылжар төрінде өткен фестиваль
Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темiрбек Жүргеновтiң 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIX республикалық фестивалі 9-қазан күні Петропавл қаласында бастау алып, 14 қазанда мәресіне жетті.
Елорда • 15 Қазан, 2023
«Жергілікті бастамалар» байқауының жеңімпаздары анықталды
Астана әкімдігінің ресми сайты мәлім еткендей, елордада XI Азаматтық форум аясында өткізілген «Жергілікті бастамалар» әлеуметтік жобалар видео-конкурсының грант иегерлері мен жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 12 Қазан, 2023
Digital Bridge Awards жеңімпаздары марапатталды
Астанада Орталық Азиядағы ең ірі Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумының бас пленарлық отырысынан кейін ҚР Премьер-министрінің қатысуымен Digital Bridge Awards жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Байқау • 08 Қыркүйек, 2023
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Отбасы күні қарсаңында, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы лауреаттарын мерейтойлық салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Руханият • 23 Желтоқсан, 2022
UMAI тұңғыш өнер сыйлығының жеңімпаздары жарияланды
Астанада UMAI өнер саласындағы тұңғыш Ұлттық сыйлықтың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 5 айға созылған конкурсқа қатысу үшін 400-ден астам өтінім түсті. Сыйлық «Астана опера» театрының Үлкен сахнасында «Оскар» форматында табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 19 Желтоқсан, 2022
«Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
Кеше Алматыда ХVI Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Тамыз, 2022
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы беріледі
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі бұйрығымен жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу ережесі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қараша, 2021
ҮЕҰ сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Х Азаматтық форум аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен ҮЕҰ сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Шілде, 2020
"Сіз Түрксіб тарихын білесіз бе?" виртуалды викторинасы бастау алды
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Түркістан – Сібір магистралының 90 жылдық" мерейтойына арналған іс-шараларды жалғастыруда. Осыған орай "Сіз Түрксібті білесіз бе?" виртуалды викторинасы бастау алды, деп Egemen.kz хабарлайды.