облыс
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Түркістан облысы – екінші орында
Еліміздегі ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің 12%-ы Түркістан облысына тиесілі. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 825,4 мың гектарға егіліп, облыс құрылғалы бері егіс көлемі 12 мың гектарға артқан, - деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 17 Маусым, 2020
Роман Скляр мен Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысындағы жобалармен танысты
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысындағы жол құрылысы барысымен және ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысты.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Қостанай облысында 26 ауыл әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк пен аймақ экологтарының және "Qostanai - adaldyq alany" жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен өткен онлайн-жиында айтылды. Эколог-мамандар облыс аумағындағы рұқсат етілмеген жерлерде 313 қоқыс үйіндісін тапқан. Бұл орындар "Ғарыш Сапары" ҰК АҚ жерсеріктік жүйесі арқылы анықталып отыр. Бүгінге дейін оның 155-і жойылыпты. Қалған 158 қоқыс полигонын жою жергілікті атқарушы органдарға міндеттелген.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Жетісай ауданында 200-ден астам көше жөнделеді
Түркістан облысы Жетісай ауданында 200-ден аса көше орта және ағымдағы жөндеуден өтетін болады. Оған жалпы 1 млрд 217 млн 869 мың теңге бағытталған. Нәтижесінде аудандағы 113 елді мекеннің және қала мен кенттің көшелері жақсарады.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттаған күдікті қамауға алынды
Түркістан облысында жасөспірімдерге арналған суицидтік топтың “кураторы” ұсталды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Жамбыл облысында кадрлық ауыс-түйіс көбейген
Соңғы уақытта Жамбыл облысында көптеген кадрлық ауыс-түйіс көбейген. Жыл басында облыс әкімі қызметін атқарып жүрген Асқар Мырзахметов кетіп, оның орнына Премьер-Министрдің орынбасары қызметіндегі Бердібек Сапарбаев келген болатын. Содан бері күні бүгінге дейін облыс әкімінің төрт бірдей орынбасары ауыстырылды. Білім, туризм сияқты бірқатар басқармалардың басшылары жаңарды. Қордай ауданының әкімі ауысты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Түркістан облысы полицейлері екі келіден астам марихуана тәркіледі
Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аудан, қалалық полиция бөлімдерімен бірлесіп, көптеген есірткі қылмыстарын ашып келеді. Тыйым салынған өсімдіктерді еккен, оны сақтаған, күтіп-баптаған, тіпті сатқан тұрғындарды анықтап, заңсыздықтардың жолын кесуде, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Ақмолада волонтерлер қозғалысы жақсы дамып келеді
Волонтерлар төтенше жағдай мерзімінде 11 мыңнан астам отбасыға азық-түлік пен санитарлық қорғану заттарын үлестірген. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев төтенше жағдай мерзімінде белсенділік танытқан өңір волонтерларына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасының алғыс хаттарын табыстады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Батыс Қазақстан облысында өрт көбейді
"Соңғы күндері Батыс Қазақстан облысының әр аймағында дала өрті көбейіп кетті", - деп дабыл қағады батысқазақстандық төтеншеліктер. Тек 15-16 маусым күндері ғана Қаратөбе, Сырым және Бәйтерек ауданында бірнеше өрт тіркелген, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Бәйтеректіктер жол азабын неге тартты?
Батыс Қазақстан облысында биыл 37,7 млрд теңге қаражатқа республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 437,3 км жолды жөндеу, сондай-ақ "Ауыл – Ел бесігі" және "Жұмыспен қамту картасы" мемлекеттік бағдарламалары аясында облыс аумағындағы көше-жол жөндеу жұмыстары жоспарланған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстан облысында 900-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 500-ге жуық жасқа мүмкіндік береді
Биыл Қостанай облысында ауылға жұмысқа орналасқан жас мамандарға 277,8 мың теңге бір реттік жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар жастардың үй салып алуына немесе сатып алуына қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатта әрбір жас маманға жылдық сыйақысы 0,01% болатын 4 млн 167 мың теңге көлемінде қаржы беру көзделіп отыр. Бұл мәселе облыс әкімі өткізген селекторлық отырыста жан-жақты талқыланды.
Коронавирус • 16 Маусым, 2020
Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 400-ге жуықтады
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен тағы 18 адам тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 16 Маусым, 2020
Ақмола облысында коронавирус жұқтырған тағы 10 адам анықталды
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ақмола облысында тағы 10 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Ақмолада "Жас маман" жобасы іске асырылуда
Облыс бойынша "Жас маман" жобасына іріктеліп алынған 5 оқу орнының бірі Шағалалы елді мекеніндегі жоғары агротехникалық колледжі, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
2020 жылдың 5 айында Жамбыл облысының экономикасы тұрақты өсім көрсетті. Өңірде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», ИИДМБ, «Қарапайым заттар экономикасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және басқа да даму бағдарламалары белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 15 Маусым, 2020
Атырауда 3000-нан астам түлек диплом алады
Жақында үш жоғары оқу орнын бітірген 3 мыңнан астам түлек диплом алғалы отыр. Олар 11 факультетте білім нәрімен сусындап, 79 мамандықтың иесі атанды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Қостанай облысында зейнеткерлерді алдап ақша тауып келген алаяқтар ұсталды
Рудный қаласында ақпан айынан бері 10 шақты зейнеткерді алдап, заңсыз пайда тауып келген 4 алаяқ ұсталды. Қарағанды қаласынан келген 1 әйел және 3 ер адамнан тұратын қылмыстық топ қаладағы қарт кісілердің 5 млн теңгеден астам ақшасын қолды еткен, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Қызылорда облысында бір аптада 3 адам суға кетті
Өткен аптада Қызылорда облысында 3 адам суға кетті. Құрбандардың алғашқысы 8 сынып оқушысы. Ол 12 маусым күні Тәжібаев ауылы тұсындағы Телікөл каналынан атпен өтпек болған кезінде суға кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Сенімхатты рәсімдеуге көмектескен ер адам жесірді алдап кетті
Түркістан облысында полицейлер сақтандыру төлемдерімен алаяқтық жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Батыс Қазақстанда ахуал әлі тұрақсыз
Демалыс күндері Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 47 адам тіркелді. Өңір бойынша ауырғандардың жалпы саны 967-ге жетті. Облыстағы 12 ауданның 11-інде вирус жұқтырғандар бар, дегенмен аурудың 82 пайызы Орал қаласынан, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны артуда
Соңғы уақытта Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырғандардың саны артуда. Бір аптаға жетпейтін мерзім ішінде қауіпті індетпен ауырудың 29 дерегі тіркелді. Олардың негізінен Тараз қаласынан анықталған. Сонымен қатар Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов және өзге де аудандардан коронавируспен ауырған тұрғындар анықталған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Маусым, 2020
Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды
Облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен кеңесте төтенше жағдай режимі мен карантин шаралары Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің игерілуіне қалай әсер еткені талқыланды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Аймақтар • 14 Маусым, 2020
Атырауда шұңқырға құлаған 6 жасар қыз қайтыс болды
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 13 маусымда қаладағы "Қара депо" шағынауданында орын алыпты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Маусым, 2020
Қарағандылық еріктілердің еңбегі еленді
Кеншілер астанасында төтенше жағдай режімі мен карантиндік шектеулер кезінде BizBirgemiz республикалық қайырымдылық акциясына қатысып, белсенділігімен көзге түскен бір топ еріктіге Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан "Алғыс хаттар" табыс етілді, – деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Маусым, 2020
Қарағанды облысында 77 адам КВИ дертіне шалдықты
Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 77 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Аймақтар • 13 Маусым, 2020
Суға батып бара жатқан қызды аман алып қалды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше, 10-шы маусымда сағат 18:50-де Ақсу қаласы жағажай маңында бір қыздың шомылу кезінде суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Маусым, 2020
Павлодардағы 2 қабатты таун-хаустар жеке пешпен жылытылады
Облыс орталығындағы әуежай аумағында жеке үйлер қалашығы салынуда. Қазір мемлекеттік бағдарламалар барысында 55 тұрғын үй құрылыс жүргізілуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Түркістан облысында 120-дан астам армениялық көлік тіркелді
Түркістан облысына Армениядан 531 көлік әкелінген. Оның 330-ы жаңадан шыққан қаулыға сәйкес тіркеуге жатады. Бүгінде облыс бойынша 120-дан астам көлік тіркеліп, сары нөмір алған, 10 күн ішінде 300-ге жуық тұрғынға кеңес беріліпті, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Қызылордада залалсыздандыру жұмыстары қайта қарқын алды
Еліміздегі карантин режимінің қатаңдауына байланысты қаланы инфекциядан залалсыздандыру жұмыстары қайта жанданды. Дезинфекциялауды №66597 әскери бөлімі мен арнайы мекемелер арқылы бекітілген қызметкерлер қарқынды жүргізуде. Олар аз уақыт ішінде 500 мың шаршы метр аумақты залалсыздандырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.