тасқын
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Тасқын суын ұтымды пайдалану жолдары қандай?
Су ресурстары және ирригация министрлігі ел өңірлерінде тасқын суы қалай пайдаланып жатқаны туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Қанша үй су астында қалды?
Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов еліміздің батысында Ресейдің Ириклинск су қоймасынан Жайық өзеніне судың ағуына байланысты жағдай күрделене түскенін, солтүстікте су көтеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
4 облыс аумағында 8 жол бөлігі жабылды
Күн жылынып, қардың тез еруі салдарынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында су тасқыны болып, бірнеше жол бөліктері жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша өтемақы төленеді
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар қосымша өтемақы алады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 23 Сәуір, 2024
Елдегі су тасқыны салдарын жоюға бөлінген 1 млрд теңге ұрланған
Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексереді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
Тасқынмен күрес: Еріктілер саны 43 мыңнан асты
Ел бойынша су тасқынымен күреске белсенді қатысып жатқан еріктілер саны 43 мыңнан асты. Олардың күшімен 6 640 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды, оның 4 048 тоннасы «қызыл» аймақтарға жеткізілді және зардап шеккен халыққа таратылды. Еріктілер халықты эвакуациялауға, гуманитарлық көмек жинауға және таратуға, бөгеттерді күшейтуге, сондай-ақ ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қатысып, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
Су басқан өңірлердегі жағдай: 25 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды
Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі су тасқынына қатысты жаңа мәліметтерді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2024
Оралда су тасқыны жағдайы ушығуы мүмкін - ТЖМ
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш аймақтағы ахуалды баяндады. Маманның айтуынша, өңірде су тасқыны бойынша жағдай күрделі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2024
Су тасқыны: СҚО-да жағдай әлі де күрделі
Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы 169%-ға толып, су бөгет шыңынан 3 метр 60 см асты. Тәулік ішінде 3 см төмендеген. Ал Есіл ауданында тасқынның екінші толқыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
Құлсары көшелерінен 887 мың текше метр су сорылды
Атырау облысындағы Құлсары қаласын басқан қызыл сумен күресу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 22 Сәуір, 2024
Қазақстанда гуманитарлық көмек тасымалдайтын дрондар пайда болды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин су тасқыны болып жатқан өңірлерге гуманитарлық көмек жеткізетін 3 дрон сатып алынғанын хабаралады, деп жазды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
Республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелді
«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны жағдайы бойынша соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
Тәжікстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Тәжікстан Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы аталған елдің Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2024
Ақмола облысының 95 елді мекенінің тұрғын үйлері су басудан сақталды
Ақмола облысына қарасты үш ауданда апатқа қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Аймақтың 95 елді мекенінде тасқын судың тұрғын үйлерді басуына жол берілмеді, деп хабарлайды Egemen.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Сәуір, 2024
4 536 тұрғын үй, 2 767 аула аумағынан судың бағыты бұрылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық комуникациялар қызметі алаңында өткізілген брифингте Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында Жайық өзенінде туындайтын су тасқынының екінші толқыны ерекше бақылауға алынғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 20 Сәуір, 2024
Жайық өзеніндегі су арнасынан асты ма? – Қазгидромет соңғы мәліметті жариялады
"Қазгидромет" РМК соңғы 4 сағат ішінде БҚО-дағы Жайық өзені деңгейінің өзгерісі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2024
Су тасқыны: 21 494 адам үйіне оралды
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп бүгін Қазақстан аумағында су тасқыны ахуалы қандай екенін баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2024
Елдегі су тасқыны: «Қазақстан халқына» қорына 2,54 млрд теңге түсті
19 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстандағы су тасқыны жағдайына бейжай қарамайтын ел азаматтары мен отандық компаниялардан 2,54 млрд теңге жиналды. Зардап шеккендерге қаражат жинау 30 сәуірге дейін жалғасады. Жиналған қаражат баспанасыз қалған отбасыларға үй тұрғызу жұмыстарына жұмсалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2024
Тасқынның екінші кезеңі: ШҚО-да дайындық қыза түсті
Орта таулы аумақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды. Солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандары, атап айтқанда Риддер қаласы, Алтай, Самар, Марқакөл, Глубоковский, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха аудандары ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2024
Жайық Орал қаласының тұсында 8 метрге жетті
Батыс Қазақстан облысы көктемгі су тасқынына байланысты күрделі де қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында қауіпті деңгейге жақындады.
Қоғам • 19 Сәуір, 2024
Табиғи апаттан зардап шеккендерге қол ұшын созғандар саны артты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлер мен ірі компанияларға су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуді тапсырған еді. Осы орайда Maqsut Narikbayev University Президенттің бастамасын қолдап, қиын жағдайға тап болғандарға тікелей көмек көрсету туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Сәуір, 2024
Жылыойда тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады
Су тасқынынан зардап шеккен Жылыой ауданының 1 866 отбасына 100 АЕК көлемінде материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2024
Атырауда құм толтырылған қапшықтарды ұрлаған 5 адам ұсталды
Жұрт тасқын суға қарсы жұмылғанда, 5 адам бөгеттегі қапшықтарды ұрлауға кіріскен.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2024
БҚО-да су тасқынымен күрес шаралары жалғасып жатыр
Батыс Қазақстан облысына жұмылдырылған Астана қаласының ТЖД құтқарушылары су тасқынына қарсы жұмыстарға белсене қатысып, баспанасы суға батқан тұрғындарды эвакуациялап жатыр, деп жазады Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккендердің шығынын өтеу қағидаларын қайта қарау ұсынылды
Тасқын судан зардап шеккендерден біржолғы көмек бойынша құжаттар қарқынды түрде қабылданып жатыр. Алайда баспанасынан айырылған тұрғындар мемлекет тарапынан қажетті материалдық қолдау болмай қалуы мүмкін деп алаңдап отыр. Бұл мәселені сенатор Әсем Рахметова көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2024
Шаған су қоймасының қақпасына темір қорғандар қойыла бастады
Жайық өзеніндегі су деңгейі 779 см-ге жетті, ал қауіпті деңгей - 850 см. Енді өңірдегі Шаған су қоймасының қақпаларына темір қорғандар орнатыла бастады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Air Astana су басқан аймақтарға 75 тонна гуманитарлық жүк тасымалдаған
Елімізде су тасқыны басталғалы бері Air Astana мен FlyArystan зілзала аймағына 75 тонна гуманитарлық жүкті тегін тасымалдады. Мұндай салмақты тасымалдау құны 34 миллион теңгеге пара-пар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2024
БҚО-да тасқыннан зардап шеккендер жәрдемақы алып жатыр
Батыс Қазақстан облысы көктемгі су тасқынына байланысты күрделі де қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында қауіпті деңгейге жақындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 18 Сәуір, 2024
Су тасқыны келтірген шығынды оңай есептейтін сервис әзірленді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі eGov mobile мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығынды оңай есептейтін жаңа сервис әзірледі. Өтемақы бойынша өтініштерді қабылдауға арналған сервис 17 сәуір күні іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Су тасқыны салдарынан көз жұмғандар саны нақтыланды
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ел өңірлерінде болып жатқан су тасқыны салдарынан қаза тапқан адамдардың санын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.