Құндылық
Қоғам • Кеше
Мәдени құндылықтарды қорлағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды
Қазақстанда материалдық емес мұраны қорғау туралы заң жобасын әзірлеу ұсынылды. Бұл мәселе Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Маусым, 2024
Ұлттық құндылықтарымызға нұқсан келтіретін әрекет заң аясында жазалануы тиіс - депутат
Самат Мұсабаев бастаған ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты Бас прокурор Берік Асылов пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа депутаттық сауал жолдап, әлеуметтік желілерде халқымыздың ұлттық мәдениетіне нұқсан келтіретін, қоғамда теріс ағымдарды насихаттайтын ақпарат көздерінен сақтайтын заң нормаларын әзірлеуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 13 Ақпан, 2024
«Ақсақалдарды мешіттен емес, мейрамханадан жиі көреміз». Имам дін саласындағы түйткілді айтты
«Egemen Qazaqstan» газеті «Елдік құндылықтар: дін, діл, дәстүр» тақырыбында ұйымдастырған дөңгелек үстелде ҚМДБ Діни уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров дінді дәстүрден алшақ ұғындыруға болмайтынын айтты. Мемлекеттің ұстыны саналатын дәстүрді дін арқылы дәріптеу қалай жүзеге асып келеді? Мүфтият уағыз-насихатты қаншалықты өз дәргейінде жүргізе алып жатқанын Батыржан Мансұровтан сұрадық.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2024
Құндылықтар - Қазақстанның болашағына бағыт-бағдар
Қазақстан стратегиялық зерттеу иннститутындағы (ҚЗСИ) GPS сараптамалық алаңында еліміздің жетекші талдау орталықтары қазақ халқының қазіргі құндылық бағдарлары туралы зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
Отбасылық құндылықты нығайту міндеті тұр – министр
Бүгін Астанада Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия былтыр атқарылған жұмысты қорытындылап, 2024 жылға арналған мақсат-міндет айқындалды, деп жазады Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023
Депутат Akon-ға домбыра сыйлағандарды сынға алды
Депутат Аманжол Әлтай Akon-ға домбыра сыйлағандарды сынға алды. Мәжіліс депутаты Қазақстанға келетін шетелдік әншілерге талап қою керектігін айтып, Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023
Швейцария хорында ән шырқаған тұңғыш қазақ дәрігер
Шоқан Бектұрғанов Швейцарияның халық хорында ән шырқады, деп хабарлайды Egemen.kz «Алға, Қазақстан» жобасының авторы блогер Иван Червинскидің жазбасына сілтеме жасап.
Сенат • 30 Қараша, 2023
Фольклорымызды заманауи форматта көпшілікке жеткізу қажет – сенатор
Сенат депутаты Руслан Рүстемов жастардың бойына руханиятымыз бен салт-дәстүрімізге негізделген құндылықтарды сіңіру мәселесіне қатысты Үкімет басшысына сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қараша, 2023
Мектепте оқып жүргенде ауданның бас имамы болып тағайындалдым – Нұрлан имам
Нұрлан имам Байжігітұлымен сұхбатымыз қоғамның беталысы төңірегінде өрбіді. Әлеуметтік желіде «тик-ток имам» атанып, халықтың ықыласына бөленген дінтанушы, психологтан қазіргі бағдарымызға қатысты сұрадық.
Сенат • 17 Қазан, 2023
М.Әшімбаев: Дін мәселесінде ата-бабалардың ұстанымынан ауытқымауымыз керек
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысы өтті. «Әділетті Қазақстан және ұлттық құндылықтар» тақырыбындағы іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2023
Домбыра харам ба, қандай әнге шариғат тыйым салған - Мүфтият жауабы
Әлеуметтік желіде «домбыра шерту, беташар жасау, келіннің сәлем салуы – харам» деген мағынада айтылған пікір қоғамды екіұдай күйге түсірді. Осы пікірге қатысты азаматтар тарапынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сауалдар көптеп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Мүфтияттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Маусым, 2023
Қандай да бір құндылықты Жарлықпен не Заңмен орнықтыру мүмкін емес - Тоқаев
Бұл туралы Президент Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Ақпан, 2022
Қонаев және ұлттық құндылықтар
Ел жағдайы мен тарихы көп ретте билік басында отырғандарға байланысты. Тарихи тұлға туралы ресми құжаттардан емес, замандастарының естеліктерінен, жақын адамдарға айтқан сөздерінен талай нәрсені байқауға болады. Әйгілі грек ғалымы, біздің дәуіріміздің 46-120 жылдары шамасында өмір сүріп, өз заманының ұлы адамдары туралы кітап жазған Плутарх: «Көп жағдай қандай бір елеусіз қылық, орнын тапқан бір ауыз сөз немесе әжуа-әзілдің өзі ... адамның мінезін айқын ашып береді», деп бекер айтпаған.
Руханият • 16 Қыркүйек, 2021
Түркістандық ақсақал қорық-музей қорына қолжазбалар мен көне кітаптар тапсырды
Түркістан қаласының тұрғыны, зейнеткер Алиакбар Артықұлы Жалилов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қорына 23 дана діни сипаттағы көне қолжазбалар мен тарихи кітаптарын, сондай-ақ Ясауи кесенесі бейнеленген жарты ғасырлық тарихы бар кілемшені сыйға тартты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2021
Отбасы құндылықтарын қайтсек сақтап қала аламыз?
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Халықаралық Отбасы күні қарсаңында «Егеменді елдің отбасы моделі» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті. Шара 13-14 мамырда ZOOM алаңы арқылы онлайн тікелей трансляцияда жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Ақпан, 2021
Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – сенатор
Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.