Редакция таңдауы
Әлеуметтік желіні ақтара қалсаңыз, полиция қызметкерлерін келемеждейтін түрлі сарындағы материалдардан көз сүрінеді. Азаматтардың тәртіп сақшыларын телефонға түсіріп, сан түрлі сауалмен састырып, масқаралауға тырысқан жазбалары да самсап тұр. Вайн түсірген бала да, әзіл театрларының әртістері де полицияны әлі келгенше әжуалап қалуға неге құмар? Бұл қоғамның осы бір мамандық иелеріне деген ықыласының азайғанын аңғарта ма, жоқ әлде шынымен де полиция ел сеніміне селкеу түсіріп жүр ме?
06 Қараша, 2020
Мәшһүр мұрасы – Ескелді бауырында
Биылғы күз де жылы. Есіме, 2006 жылғы қараша айы түседі. Осы жылы Баянауылда Мәшһүр Жүсіп кесенесінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл рухани құрылыстың жаңғырып қайта оралуына, ғұламаның немере, туыстарының өтініштеріне орай, қолдау көрсеткен Даниал Ахметов, Қайрат Нұрпейісов, Ерлан Арын секілді бұрынғы облыс әкімдері, өндіріс басшылары, сол кездегі аудан әкімі Қорабай Шәкіров бастаған аудан әкімдігі үлес қосты деуге болар.
06 Қараша, 2020
Сайлауға қандай партиялар қатысады?
Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға 6 саяси партияның қатысуына рұқсат берді.
06 Қараша, 2020
Еліміздегі «Бірлік» саяси партиясының атауы өзгертілді. Бұл шешім кеше Нұр-Сұлтан қаласында өткен Саяси кеңестің отырысында қабылданды. Осылайша, кеңестің қорытындысына сәйкес «Бірлік» партиясы бұдан былай «Адал» саяси партиясы деп аталады.
06 Қараша, 2020
Шекара қызметінің тиімділігі артады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, депутаттар мемлекеттік шекара, көші-қон және кеме қатынасы туралы заңдарды қабылдады.
06 Қараша, 2020
Түбі бір түркілердің мақтанышы
Күні кеше Анадолы елінен «Энвер Түркілери қайтыс болды» деген қаралы хабар жетті. Абыз ақсақалдың қазасы қазақ жұртына да ауыр тиді. Кезінде Болгария мен Түркия ауыр атлетикасын өрге сүйреп, орасан зор биікке көтерген айтулы азамат ұзақ жылдар бойы біздің елде де еңбек етіп, ұлттық құрамада кеңесші-бапкер қызметін атқарды. Шынтуайтына келсек, қазақстандық зілтеміршілердің әлемдегі көшбасшы командалар қатарына қосылуы дәл осы майталман маманның арқасы екенін мойындауға тиіспіз. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.
05 Қараша, 2020
Қыркүйектен бері елордада 47 оқушы коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева соңғы бес апта ішінде коронавирус жұқтырғандар жайында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2020
Қазақстанның тағы бір қаласына блокпосттар қойылады
Қараша кіргелі Қостанай облысында эпидемиялық ахуал ушығып, коронавируспен ауырған науқастардың саны күн санап өсіп барады. Індеп етек алып бара жатқан індеттің бетін қайтару мақсатында облыстық жедел штаб 9-қарашадан бастап карантин шараларын 2 апта мерзімге қатайту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2020
Коронавирусты қайта жұқтыру қаншалықты қауіпті?
Ресейлік вирусолог Анатолий Альтштейн коронавирусты қайта жұқтырған адамның жағдайы қандай болатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2020
Қазақстандықтар жұмыс орнында жаттығу жасап тұратын болды
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс орнында физикалық жаттығулар жасау туралы ережелер бекітті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2020
АҚШ-тағы сайлау қорытындысының неге жарияланбай жатқаны белгілі болды
Америка құрама штаттарының тұрғындары сайлау нәтижесінің әлі де жарияланбай жатқанына наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
05 Қараша, 2020
Көкшетауға блокбекеттер қойылады
Ақмола облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Көкшетау қаласының кіреберіс жолдарына блокбекеттер қойылатынын айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
05 Қараша, 2020
Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі қамауға алынды
Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі жылжымайтын мүлікті заңсыз сатып алды деген күдікке ілініп, қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz
05 Қараша, 2020
Солтүстік Қазақстанның 225 ауылында интернет жоқ
Солтүстік Қазақстан облысындағы 625 елді мекеннің 543-і жыл соңына дейін интернетпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
05 Қараша, 2020
Ыбырай Алтынсарин ескерткіші ашылды
Қостанай қаласының орталығында, Ы.Алтынсарин мен Л.Толстой көшелерінің қилысындағы ашық алаңда ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин ескерткіші ашылды. Ұлы ұстаздың 180 жылдығы қарсаңында бой көтерген ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, ыбырайтанушы ғалымдар, өңір зиялылары мен ардагер ұстаздар қатысты.
05 Қараша, 2020
Қашан көрсең де қиялына қанат бітіріп, қисайғаннан қисын іздеп, түзелгенге түйсік түзіп, жалғанның жұмбағын жалғыз шешкісі келіп жүретін бір пәлсапашы таныстың қарап жүрмей, лингвистикаға да әуестігі ауғаны бар еді. Бір күні жерден жеті қоян тапқандай қуанышты жүзбен «жүрек» пен «сүйек» сөздерінің түбірін тапқанын айтты.
05 Қараша, 2020
Жуырда Ақтау қаласында жаңа мешіт салынады екен» деген ақжолтай хабар тарап, ел-жұрт жадырай қуанды. Қуанатыны – Алланың жердегі үйі саналатын қасиетті мешіт құрылысы қай мұсылман үшін де қастерлі, екіншіден, салынатын жаңа мешіт дін абызы, көп дін мен мың сан дүмшелер арасында «біздің жол қайсы?» деп дағдарған бүгінгі ұрпаққа дәстүрлі дініміздің темірқазығын сілтеген Ержан хазіреттің есімін еншілемек.
05 Қараша, 2020
Аймақтың әлеуеті артса, әлеуметтің жағдайы оңалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында өңірлерді дамытуға орай жауапты міндеттер белгіленген болатын. Президент пәрмені аймақтағы істердің атқарылуына серпін беріп, облыс әкімдерінің жұмысын ширата түскені анық. Осы орайда өңірлерде жүзеге асқан шаралар легі баршылық. Енді әкімдер орындалған міндет пен қол жеткен нәтиже жайында жұртты құлағдар етіп, есеп беруге кіріседі.
05 Қараша, 2020
Әли Бектаев: Ауыл дамымай, қала жарымайды
Бүгінде елді мекендердің еңсесін тіктеп, тамырына қан жүгірту мақсатында түрлі қадамдар жасалып жатыр. Соған қарамастан, ауылды дамыту күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселеге айналды. Сапалы білім, медицина, инфрақұрылым жоқ. Тұрғындар білікті мамандарға зәру. Табыс көзінің тапшылығынан жұрт көшіп, ауылдар қаңырап жатыр. Ал ауылды дамыта алмайтын болсақ, қаланы да қарық қылып жарыта алмайтынымыз ақиқат. Бұл ретте, біз ауылдағы жағдайдың жай-жапсарын сұрап, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевпен әңгімелескен едік.
05 Қараша, 2020
Қаза тапқандар саны 114-ке жетті
Измирдегі зілзала құрбандарының саны 114 адамға жетті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы мәлімдеді.
05 Қараша, 2020