Редакция таңдауы
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов халықаралық ITF Romania F5 додасының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Olympic.kz.
15 Қыркүйек, 2020
Францияда бір күнде пандемия басталғалы болмаған рекордты ауру көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды аталған елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Тәулік ішінде 10 561 адамға аурудың жұғуы француздарды үрейлендіріп тастағандай. Қыркүйектің 11-де 9843 жанның вирус жұқтырғаны анықталғанда жиырылған халық, енді бұл көрсеткіштің тағы 718 адамға көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдіруде.
15 Қыркүйек, 2020
«Бір жылдық үзіліс» көштен қалу ма?
Кейбір ережелердің уақыт өте ескіруі мүмкін. Бүгінгі пандемияның өзі көзқарастарымызды қайта қарап, бойдағы әдеттеріміздің бірсыпырасын заман талабына сай өзгертуге мәжбүрледі. Ендігі кезекте онлайн жиын ұйымдастыру, онлайн оқу қалыпты жағдайға айналды. Жастар арасында да әбден қалыптасып қалған бір түсінік бар. Ол – мектепті бітіргеннен кейін бірден оқуға түсу. Мектепті тәмамдаған соң ешкімнің де «бір жылдық үзіліс» алғысы жоқ.
15 Қыркүйек, 2020
Кадрлық резерв – сабақтастық жолы
Максим Споткай есімі көпшілікке бұрыннан таныс. Павлодар облысындағы Ақсу қаласының тумасы, тәуелсіздіктің төл кұрдасы Максим бұған дейін Nur Otan партиясында, Президент Әкімшілігінде еңбек етті. Омбы қаласындағы техникалық университетте оқып жүрген кезінде көрші елде қазақ тілінен сабақ беріп, мәдени-танымдық газетті басқарған ол бүгінде Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары болып қызмет етеді. Парламентке жаңа мақсаттар мен тың идеяларды арқалап келген жас маманды Президенттің кадрлық резерві, мемлекеттік басқару жүйесі туралы әңгімеге тартқан едік.
15 Қыркүйек, 2020
Табиғаты тамылжыған Бұланды өңірінде ерінбеген адамға несібе көп. Макинка қаласының маңындағы күре жолдың бойында саңырауқұлақ, бал арасы, тосап, картоп сатып отырғандар жетерлік. Ен байлықты еңсеріп, нәпақа тауып отырғандардың арасынан жергілікті ұлт өкілдерін көре алмайсыз.
15 Қыркүйек, 2020
Тең құқылық пен жарыспалық әділдіктің кепілі болады
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев өзінің кезекті «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі ретінде «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды» деп атап көрсетті.
15 Қыркүйек, 2020
Эпизодтық рөлімен-ақ ел есінде қалатын ерекше актерлер болады. Бірақ олар сирек. Өйткені сахнадағы басты рөлдегі серіктесінен басып озып, негізгі кейіпкермен өнер бәсекесіне түсу – тек мықтылардың үлесі. Қазақ театры тарихындағы осындай айрықша өнерімен қалған дүлдүл дарындар көшін аңыз актер Камал Қармысов бастайды.
15 Қыркүйек, 2020
...Аягөз – деген – аядай бұлақ деседі, (Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді?) Аягөз болып ғасырлар алға көшеді, Ая, көз, ая – Арулар елі кешегі!.. деген Мұқағалидың бірауыз жыры дүйім елді Аягөзге ынтықтырып қойғандай. Бас қосқан көңілді отырыстарда талай мәрте естіп жүрген, талай мәрте оқылған шумақ. Әуелі жұмбақ та сырлы өлкенің елесі көз алдыңа көлбеңдеп келе қалады. Ал ішкі мәніне ден қойып, үңіле түссеңіз иен дала, сары жазықта, қара жолдың бойын жағалай, шашырай қоныс тепкен түйір-түйір ауылдардың сәулелі картинасы жарқырай ашылады.
15 Қыркүйек, 2020
Нью-Йоркте өткен АҚШ-тың ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстанның бес теннисшісі бақ сынады. Солардың арасында Юлия Путинцева ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұл күндері әлемнің 35-ракеткасы атанып отырған жерлесіміз ширек финалға дейін жетіп, өз жанкүйерлерін бір қуантып тастады. Михаил Кукушкин үшінші кезеңде өнер көрсетсе, соңғы кездері айшықты өнерімен көзге түсіп жүрген Елена Рыбакина екінші айналымнан аса алмады. Ал Александр Бублик пен Зарина Диас өздерінің тұсаукесер кездесулерінде сүрінді.
15 Қыркүйек, 2020
Демалыс күндері бірқатар нысанның жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
14 Қыркүйек, 2020
Алексей Цой ДДҰ Еуропа өңірлік комитетінің төрағасы болып сайланды
Бүгін ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының 70-сессиясы басталды. Халықаралық жиынның төрағасы болып алғаш рет Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сайланды. Ведомство басшысы өз сөзінде, әлемдік денсаулық сақтау үшін өте маңызды шараға төрағалық ету ол үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қыркүйек, 2020
Табиғатқа жасалған тағылықтың кесірінен Атыраудың ауасы жиі-жиі ластанады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қыркүйек, 2020
Бүгін педагогтер үшін Ұлттық біліктілік тестілеу басталды
14-29 қыркүйек аралығында жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін Ұлттық біліктілік тестілеуі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қыркүйек, 2020
Қарағанды әкімінің орынбасары қамауға алынды
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қыркүйек, 2020
Алексей Цой: Жаңа толқынның болу-болмауы бізге байланысты
Бұл туралы денсаулық министрі Алекцей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қыркүйек, 2020
Бірыңғай білім беру платформасы: Қаржы талан-таражға түспесін десек...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда әлі күнге дейін оқу процесін ұйымдастыратын нақты бір онлайн-платформа жоқ екенін айтып, қашықтан оқытудағы олқылықтарды сынға алған-ды. Және толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды. Алайда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «Сапалы дүниені жақын арада дайындау мүмкін емес», дейді. Неге?
14 Қыркүйек, 2020
Педофилия: Адамзат азғындықтан арылған жоқ
Заман өзгерді дейміз ғой. Әсілінде заман емес, адам өзгерген сыңайлы. Құрдымға кеткен құндылықтар мен адам айтса сенгісіз аярлықты күн сайын көретін болдық. Оған да етіміз үйреніп барады. Әсіресе, балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық пен педофилия тыйылмай тұр. Бала құқығы аяқасты қалмасын деп ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанымен, хайуан екеш хайуанның өзі жасамайтын бассыздыққа бел буғандардың айылы жиылар емес. Биылғы қаңтар-тамыз аралығында елімізде қылмыстың осы түріне қатысты 550 оқиға тіркеліп отыр.
14 Қыркүйек, 2020
Ұстазым Кәмен Оразалин туралы осы естелігімді жазуды қолға алғанмен, тақырып қоюға келгенде біраз қиналдым. Өйткені тек ұстаз деген атаумен шектеліп қалуым өзіме қораш көрініп, аздық етіп тұрғаны білініп тұр.
14 Қыркүйек, 2020
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. Қарадан хакім болған сендей жанның Әлемнің құлағынан әні кетпес! ...Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер, Сау қалғанның көбісі ертең бітер. Тоқтамас дүниенің дөңгелегі, Шешеннің айтқан сөзі көпке кетер, – деп Мағжан ақын жырлағандай, шешеннің айтқан сөзі көпке жетті. Бұл шешен Абай еді.
14 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мемлекет – тиімсіз шаруагер деген қағида аксиомаға айналды», деген болатын.
14 Қыркүйек, 2020