Редакция таңдауы
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайтында футболдан ұлттық құрамалардың қараша айына арналған рейтингі жарияланды. Жаңартылған рейтингте Қазақстан үш саты төмен сырғып, Тәжікстан құрамасынан кейінгі 122-орынға жайғасты.
30 Қараша, 2020
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ақпараттық хабарлама
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындауға байланысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі келесіні хабарлайды.
30 Қараша, 2020
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндап, қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.
30 Қараша, 2020
Орталық сайлау комиссиясы Nur Otan, Adal «Ақ жол» және Қазақстан халық партиясы партиялары Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидаттардың тізімін өткізгенін хабарлады.
30 Қараша, 2020
Әлемдік дода көрерменсіз өтуі мүмкін
Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылы Стокгольмде өтетін әлем чемпионаты бос трибуналарда өтпек. Ұйымдастырушылар пандемияға байланысты осындай жоспар құрып жатыр, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
30 Қараша, 2020
Бейбітшілік пен келісім саясатының символы
Елордалық Достық үйінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі саясаты» тақырыбында ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
30 Қараша, 2020
Мемлекеттік бағдарлама бойынша аз қамтылған отбасыларға үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ сілтеме жасап.
27 Қараша, 2020
Тұңғыш Президент күні қарсаңында деректі фильмдер топтамасы көрсетіледі
Келесі жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Тәуелсіздік жолы күрделі реформалар мен қиын шешімдер кезеңі болды. Нәтижесінде Қазақстан халықаралық аренада нарықтық экономикасы бар заманауи мемлекетке айналды. Жас ұрпаққа еліміздің даму жүйесінің қалыптасу нәтижелерін түсіндірудің маңызы зор. Тұңғыш Президент күні қарсаңында білім беру мекемелерінде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасы көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2020
Елордада қандай халыққа қызмет көрсету орталықтары бар?
Елордада отбасылық, тұрғын үй, коммуналдық мәселелерді шешу үшін "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетілетін мамандандырылған орталықтарға жүгінуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қараша, 2020
Түркістан облысында бастауыш сынып оқушыларына мектепте оқуға рұқсат етілді
Түркістан облысында жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушыларына кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қараша, 2020
Қоғам белсенділері Тұңғыш Президент күніне орай акция бастады
Қоғам белсенділері Тұңғыш Президент күніне орай акция бастады. Алдағы күндері елорданы көшіру, қала салу, ірі нысандардың ашылуы туралы бірқатар бейнероликтер көрсетіледі. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев қабылдаған тарихи оқиға туралы елорданың қалыптасуына тікелей атсалысқан басшылар мен бүгінгі таңда қаланың дамуына өз үлесін қосқан белсенділер баяндайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қараша, 2020
Республикалық маңызы бар 8 тас жол қолданысқа берілді
Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 399 шақырым болатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қалыпқа келтірудің 8 учаскесі қолданысқа берілді. Құрылыс еліміздің 7 өңірінде аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қараша, 2020
Ақмоладағы 7 құс фабрикасында инфекция тіркелген жоқ
Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаев өңірде құс тұмауының таралуына жол бермеу шаралары жайында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Қараша, 2020
Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері бойынша ұлттық комиссияның отырысына қатысты
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, Қазақстандағы ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері бойынша ұлттық комиссияның төрағасы Ақтоты Райымқұлованың жетекшілігімен комиссияның онлайн форматта отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2020
Қызылорда облысында соңғы тәулікте коронавирус індетімен науқас тіркелген жоқ
Соңғы тәулікте Қызылорда облысында короновирус инфекциясымен науқас тіркелген жоқ. Бір күн ішінде зертханаларға 926 сынама тапсырылған. Оның 350-і тексерілген, қалғаны бойынша жұмыс жүруде, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2020
"Айбын-2020" әскери-патриоттық жиыны аяқталды
Нұр-Сұлтанда Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2020
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
Ұшақтар мен олардың қосалқы бөлшектерін әкету мерзімін ұзарту, ЕАЭО-да жұмыс іздеу үшін бірыңғай алаң құру, мемлекеттік сатып алу үшін тауарлардың шығарылған елін анықтау. Осы және тағы басқа мәселелерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің премьер-министрлерінің орынбасарлары Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің онлайн отырысында талқылады. Қазақстандық тарап Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов төрағалығымен қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қараша, 2020
Н.Нығматулин: Мәжіліс ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы заң жобасын қарайды
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Қараша, 2020
Қызылорда облысында 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды
Аймақта коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілді. Бүгінде облыста жалпы жағдай тұрақты. Медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуді. Қазір 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2020
Қазақстанда демалыс күндері қар жауады
"Қазгидромет" РМК 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2020