Редакция таңдауы
Ұрлық жасау ауыр қылмыс санатына көшеді
Ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды.
20 Қараша, 2019
Сабақ болмайтыны туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
Ауа райының нашарлауына байланысты елорда мектептерінде кейбір сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды. Сабақ болмайтындығы жайлы ақпарат бірінші кезекте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының ресми дереккөздерінде жарияланады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
20 Қараша, 2019
Ғылым мен бизнесті ұштастырған жиын
Нұр-Сұлтан қаласында «Инновацияларды ынталандыру: ғылым мен бизнестің ұштасуы» атты конференция өтті. Ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибелерін таныстыратын шараға «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп мұрындық болды.
20 Қараша, 2019
Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Егемен Қазақстан» газетіне студент кезімде 1987 жылы келген едім. Осы басылымда 7 жылға жуық еңбек етіп, бүгінде қызмет бабымен дипломатия саласына ауысып кеткеніме ширек ғасырдан асса да, әлі күнге ұлттық журналистиканың маңдайалды басылымы «Егемен Қазақстан» десе елең етіп, жан дүнием елжіреп сала береді. Өйткені бас басылымда ересек өмірге қадам басқандағы алғашқы еңбек жолым басталып, осында жинаған тәжірибем мен үшін үлкен мектеп болды.
20 Қараша, 2019
АСА жұлдыздары Алатау баурайында айқасады
Жекпе-жек десе делебесі қозып, қаны қыз-қыз қайнайтын қазақ жанкүйерлерінің айызы қанатын күн жақын. Атап айтсақ, 29 қарашада Алатаудың етегін жайлаған әсем шаһардағы «Алматы Арена» деп аталатын зәулім спорт кешенінде АСА 102 турнирі өтеді. Штаб-пәтері Чешенстанның астанасы Грозныйда орналасқан айтулы ұйым және қазақстандық «Алаш Прайд» компаниясының мұрындық болуымен өтетін дүбірлі додада әлемнің бірқатар мемлекетінен келген белді спортшылар бақ сынайды.
20 Қараша, 2019
Роза Отынбаева: Алматыны Бішкектен бөліп-жарып қарағым келмейді
Өткен аптаның екінші жартысынан бастап Алматының саяси-экономикалық өмірі дүниежүзілік маңызы бар саяси оқиғаларға толы болды. Әуелі БҰҰ-ның ғимаратында Батыс елдері мен Еуропадан келген сарапшылар гендерлік мәселені толғаса, содан кейін дәл осы ғимаратта Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын қаржыландыру бойынша әлемдік саммит басталды. Әлемнің 12 елінен келген қонақтардың арасында Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг те бар.
20 Қараша, 2019
Азуын айға білеген ағайынды Арлан мен Шамай батырлардың айбыны асып тұрған кез еді деседі. Атбасар төңірегін жайлаған қос батырдың ет жақын туысы Байқадам дейтін азамат қоғадай қалың қозған руының бұлықси бой жетіп отырған бір қызын алып қашады. Арада құдалық туралы әңгіме болмаса керек. Тіпті бойжеткенмен уәде де байласпаған. Бұл әрекетті қыз жағы басыну, тізе батыру деп ұқса керек.
20 Қараша, 2019
Жаңа әліпби емлесі мен халықаралық тәжірибелер жайы сөз болды
Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» тақырыбында республикалық конференция өтті. Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
20 Қараша, 2019
Заң мәтінін мемлекеттік тілде дайындау маңызды
Парламент Сенаты, Әділет министрлігі мен Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ұйымдастыруымен «Заң мәтінін мемлекеттік тілде әзірлеу: лингвистикалық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
20 Қараша, 2019
Азаматтық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
20 Қараша, 2019
Көшбасшылар ауыл тұрғындары арасынан шығады
Түркістан облысының Түлкібас ауданында ерекше сайлау өтті. Аудан тұрғындары таптаурын жиналыстар емес, ащы шындық айтылған пікірсайыстарға да куә болды. Өз ауылдастарының арасынан шыққан елге жанашыр белсенді азаматтардың аз емес екенін аңғарды, қадамдарын байқады. Қарапайым тұрғындар арқылы жергілікті әкімдік аудандағы түйткілді мәселелерге қанықты деуге болады. Ретімен баяндасақ.
20 Қараша, 2019
Еңбек қауіпсіздігі: түйткілді мәселенің түйіні тарқай ма?
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлем бойынша өндірістегі қауіпті факторлардан жыл сайын 2,3 миллионға жуық адам қаза табады. Яғни, бұл Латвия халқының санымен бірдей деуге болады. Бұл дүние жүзі бойынша жүрек-қан тамырлары және онкологиялық сырқаттардан көз жұматындардан кейін үшінші орында тұр. Сондай-ақ адам қазасымен аяқталған жазатайым оқиғалар жас және тәжірибесіз қызметкерлер арасында жиі орын алатын көрінеді.
20 Қараша, 2019
Орта тап нардың жүгін көтеруі тиіс еді...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Соңғы 5 жылда Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 77 мыңнан 1,4 миллионнан астам адамға артқан. Әлеуметтік көмекке бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі 2017 жылдан бері 17 есе көбейді және одан да арта түсті», деді. Иә, Президенттің бұл сөзі мемлекеттің өз халқына жасап жатқан қамқорлығының көрінісі болса, екінші жағынан еліміздегі тұрақтылық пен дамудың көрсеткіші саналуы тиіс орта таптың азайып, бұқараның арасында кедейлердің қарасы молайғанын байқатады.
20 Қараша, 2019
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Наһаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алып, оның бауыры, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
19 Қараша, 2019
Димаш Құдайберген Токиода өнер көрсетеді
Димаш Құдайберген Токиода өтетін ABU Song Festival фестивалінің арнайы шақырылған қонағы ретінде өнер көрсетеді.
19 Қараша, 2019
Сенатта дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері қаралды
Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
19 Қараша, 2019
Қазақстан Елшісі Эфиопия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Эфиопиядағы Қазақстанның Елшісі Барлыбай Садықовтың Эфиопия Президенті Сахлеворк Зевде ханымға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
19 Қараша, 2019
Швейцария Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Швейцария Президенті Ули Маурер Қазақстанға жоспарланған ресми сапармен келеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
19 Қараша, 2019
Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
19 Қараша, 2019
Junior Еurovision: Ержан Максим 10-шы болып өнер көрсетеді⠀
Кеше Польшада Балалар Евровидениесінің ашылу салтанаты өтті. Қазақстанның өкілі Ержан Максим 10-шы нөмірде өнер көрсететін болды. Ол «Арманыңнан қалма!» деп аталатын әнін Уэльс қатысушысынан кейін орындайды.
19 Қараша, 2019