Редакция таңдауы
Ғылымда мемлекеттік тілдің бәсі қашан артады?
Ғылым – елдің өркениеттік деңгейін анықтайтын басты көрсеткіш. Еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жылдан асса да, ғылым саласы әлі күнге дейін мемлекеттік тілде сөйлей алмай отыр. Көптеген халықаралық форум мен ғылымға қатысты басқосу, жиналыс негізінен орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Мемлекеттік тілдегі ғылыми еңбектердің аздығы, терминологиядағы бірізділіктің жоқтығы, қазақ тілінде жазылған зерттеулердің халықаралық деңгейде мойындалмауы – бұл саланың ең өзекті мәселесі. Ендеше, қазақ ғылымы қашан қазақша сөйлейді? Біз осы сауалды ғалымдарға қойған едік. Аталған сұраққа ҰҒА академигі, терминтанушы Шерубай Құрманбайұлы, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының басшысы, PhD Анар Мұхтарова, ғылыми қызметкер Данияр Ерланұлы, докторант Мәдина Шеңгелбай тарапынан берілген жауаптарды оқырман назарына ұсынып отырмыз.
14 Ақпан, 2025
Интернет алаяқтан қалай сақтанамыз?
Киберқауіпсіздік – бүгінгі заманның өзекті мәселесінің бірі. Цифрлық технологиялар дамыған сайын алаяқтардың да әдістері түрленіп шыға келеді. Қазір интернет алаяқтарының құрбаны болған адамдар туралы жиі еститін болдық. Бірі банк картасындағы ақшасынан айырылса, енді бірі әлеуметтік желідегі парақшасын жоғалтады. Кейбірі жеке мәліметтері таралып кетіп, опық жейді. Мұның басты себебі – адамдардың цифрлық қауіпсіздікке бейжай қарауы.
14 Ақпан, 2025
Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2025
ҚҚС: Шағын бизнеске салмақ түсірмейді
Қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесі жоғарыласа, тауар мен қызмет бағасының қымбаттайтыны, яғни тұтынушының сатып алу мүмкіндігінің азаятыны – халықты алаңдататын басты мәселе екені анық. Алайда біз қатал нарықтың нәзік бір тұсын естен шығарғандаймыз. Қоғамдағы алаңдаушылықты «Tax Incidence Theory» (Салық ауыртпалығының бөлінісі) тұжырымдамасы негізінде пайымдасақ, түсінуге болады. Яғни мемлекет салықты кәсіпкерлерге жүктейді, бірақ жүкті тұтынушы көтереді. Сөйтсе де осы үдерістердің халықтың өзіне пайдалы жағы бар.
13 Ақпан, 2025
Электриктерді даярлау маңызды мәселе
Астанада өтіп жатқан «Жұмысшы мамандықтары қаласы» атты бірегей фестивалінде «Самұрық-Қазына» қорына қарасты ірі жұмыс беруші компаниялардың аллеясы орналасқан. Бұл қатарда «KEGOC» АҚ-ның «Электрик үйін» кездестіруге болады. Шара аясында компания энергетика саласының дамуы және отандық электр энергетика жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуде білікті мамандардың алатын рөлі туралы арнайы стенд ұсынды.
13 Ақпан, 2025
Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
13 Ақпан, 2025
Кино тілінің дүбәралануы – қауіпті құбылыс
Тіл тазалығының қалыптасуына әдебиет, мәдениет, БАҚ салаларының үлесі зор. Осы қатарда мемлекеттік тілді насихаттауға фильмдер де жауапты. Өкініштісі, кейінгі кезде қазақ киносының саны артқанымен, сапасы сын көтермей тұрғаны белгілі. Қазір фильмдерде әдеби, бейнелі тілдің орнын жаргон, сленг, кейде тіпті дөрекі сөздер жиі кездеседі.
13 Ақпан, 2025
Жас мұғалімдер неге қысымға ұшырайды?
Мектептегі оқушылар арасындағы буллинг туралы жиі естиміз. Оған жол бермеудің амалдары да айтылып жүр. Алайда білім ұясында тек оқушылардың ортасында ғана емес, мұғалімдердің де арасында буллинг бар. Әсіресе жас мамандарға деген құрмет төмен.
13 Ақпан, 2025
Денсаулық сақтау саласының ең өзекті мәселесінің бірі – мәйіттік донор. Кейінгі 5 жылда елімізде 1005 науқастың ағзасы алмастырылған, оның 92,1%-ы – туыстық, тек 7,9%-ы – қайтыс болғаннан кейінгі мәйіттік донорларға тиесілі. 2024 жылы 250 ағза ауыстыру операциясы жасалды, оның 227-сі – тірі адамнан, 23-і – мәйіттік донордан алынды.
12 Ақпан, 2025
ҚҚС: Нақты мөлшерлеме енгізіледі
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде салық реформасын кәсіпкерлермен, депутаттармен және сарапшылармен бірге талқылауды тапсырған еді. Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Салық реформасы мәселесі қаралды. Сонымен қатар отырыста көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері талқыланды. Оған қоса отырыста агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру ісі сөз болды.
12 Ақпан, 2025
Үш ауысымды мектеп: мәселе қашан шешіледі?
Елімізде үш ауысымда жұмыс істейтін мектептер әлі де бар. Бұған апатты жағдайдағы білім ұяларын қосыңыз, бұлар жаңасы салынғанға дейін басқа жерге ауыса тұрса да орын тапшылығын тудырады. Соның себебінен бала саны тым көп ұйымдар тағы күшейтілген режімде оқытуы мүмкін.
12 Ақпан, 2025
Отбасы – адамзат үшін ең басты құндылық. Алайда құрмет пен сыйластық, сенім мен махаббат ғайып бола бастағандықтан ба, шағын мемлекеттің шырқы бұзылатын жағдай азаймай тұр. Ажырасу – қазақ қоғамындағы ең өзекті мәселе. Бірер жыл бұрын отау құрған жастардың үштен бірі арада аз уақыт өткенде некесін бұзып жататыны туралы деректі оқып, тіксініп қалғанымыз рас.
12 Ақпан, 2025
Кәсіптік мамандықтар кеңістігі
Астанада Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивалі басталды. Салтанатты жиынға Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, сондай-ақ ірі компаниялар мен кәсіпорындардың өкілдері, сарапшылар және колледж студенттері қатысты.
12 Ақпан, 2025
Қазақ тазысының 3 мың жылдық тарихы бар - Абзал Досыман
Биылдан бастап 3 қыркүйек елімізде Тазы мен төбет күні ретінде ресми бекітіліп, мерекелік күндер тізіміне енгізілді. Жеті қазынаға балаған ұшқыр тазы тұқымының жойылып бара жатқаны жөнінде мамандар, тазы өсірушілер дабыл қағып, мәселе көтерген еді. «Номад» ұлттық аңшылық клубы» қоғамдық қоры мүшесі Абзал ДОСЫМАНМЕН кинология саласындағы түйткілді мәселелер төңірегінде ой қозғап, сұхбат құрған едік.
12 Ақпан, 2025
Мәжілісмен курьер болып жүрген анаға пәтер сыйлады
Мәжіліс депутаты Руслан Берденов күндіз тамақ пісіріп сатып, кешкісін балаларын ертіп алып тамақ жеткізуші қызметін атқарып жүрген жалғызбасты ана Салтанат Мұратоваға пәтер сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Ақпан, 2025
Ешкімге жалтақтамай, өз саясатымызды жүргіземіз - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев ел тыныштығын күзеткен арнаулы қызметтер мен күштік құрылымдардың атқарған істеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Ақпан, 2025
Қазақстан қоржыны үшінші «алтынмен» толықты
Биатлоншы отандасымыз Владислав Киреев IХ қысқы Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп жазады Egemen.kz.
11 Ақпан, 2025
Үкімет ҚҚС-ның жаңа мөлшерін ұсынды
Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының базалық мөлшерлемесін 16 пайызға көтеруді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
11 Ақпан, 2025
110 млн теңге пара алмақ болған судья сотталды
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы судья Жанат Мүсірәлі, адвокат Мұрат Джахаев және Айдар Алтаевқа қатысты алаяқтық ісі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Ақпан, 2025
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова 80 жаста
Қазақ радиосының сандуғашы атанған диктор Сауық Жақанова 80 жасқа толды, деп хабарлайды Egemen.kz. Қазақ радиосының «Алтын қорындағы» әдеби-сазды хабарлардың 80 пайызы оның даусымен жазылған.
11 Ақпан, 2025