Редакция таңдауы
ТШО: тұрақты даму, технология және инклюзия
Үкімет, бизнес өкілдері және энергетика саласы сарапшыларының басын қосқан XVI Еуразиялық «KAZENERGY» форумында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыға түсті. Биылғы форум «KAZENERGY» қауымдастығының 20 жылдығымен тұспа-тұс келді және энергетикалық ауысудан бастап инновациялар мен цифрландырудың рөліне дейінгі жаңа сын-қатерлерді талқылауға түрткі болды. Форумға Премьер-министр Олжас Бектенов қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың форум қатысушыларына арналған үндеуін оқып берді.
09 Қазан, 2025
«Қараөзек» серіктестігі бұл күндері егістік алқабының 80 пайыздан астамын жинап үлгерді. Күн ашық болса, төрт-бес күнде дала жұмысы толық аяқталмақ. Ерте көктемде серіктестік 8 150 гектар алқапқа дән сіңірген, оның 2 750 гектары – зығыр, 1 115 гектары – жасымық, қалған бөлікке бидай мен арпа егілген. Майлы және бұршақ дақылдарын егуге себеп болған жай – бағасының қымбаттығы.
09 Қазан, 2025
Мұстафа Шоқайдың АҚШ-тағы кітапқа енген суреті
Америкада білім алып жүргенде жинаған ұлтымыз туралы деректер қоржынын ақтарып, оқырманға ұсынудан жалықпаймыз. Мақсат – қилы кезеңде тарыдай шашылған қазақтың алыстағы деректерін елге жеткізу. Бірде Вашиңтон қаласындағы ескі кітаптар дүкеніне бас сұқтым. Екі қабаттан тұратын дүкен бүкіл әлемнің рухани байлығын бойына жинап алғандай. Сөрелерде әр елдің тарихы мен тағдырынан сыр шертетін кітаптар дестеленіп тұр.
09 Қазан, 2025
Астанада Лихтенштейнді қабылдайды
2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында еліміздің құрамасы 10 қазанда Астанада Лихтенштейнді қабылдаса, 13 қазанда Скопьеде Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.
09 Қазан, 2025
Депутат ауылда жұмыс істейтін дәрігерлерге қосымша еңбекақы енгізуді ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Д.Тұрлыханов медицина саласындағы кадрлар тапшы екенін айтып, бұл өз кезегінде ауылдық жерлерде медициналық қызмет сапасына кері әсер етіп отырғанына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
08 Қазан, 2025
Ұлттық уран компаниясына айрықша құқықтар беріледі
Мәжіліс «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске көмірсутек және уран секторында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
08 Қазан, 2025
Қазақстанда химиялық кастрацияны қолданудың жаңа ережелері бекітілді
Қазақстанда мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдануды реттейтін ережелерге енгізілген түзетулер жақын арада күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрі бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2025
Елімізде әрбір құрылыс нысанына бірегей нөмір енгізіледі
Бүгін Мәжіліс құрылыс қызметін қағазбастылықтан арылтатын құжатты қарап жатыр. Жалпы отырыста Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Құрылыс кодексінің жаңа жобасын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2025
Цифрлық трансформация: Салаға серпін берер стратегиялық міндет
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жаңғырту мәселелері қаралды. Сонымен қатар көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы талқыланды.
08 Қазан, 2025
Транзиттік бағыттарды әртараптандыру – уақыт талабы
Қазіргі геосаяси жағдайда елдегі транзиттік бағыттарды әртараптандыру шарасы аса маңызды болып отыр. Мемлекет басшысы Жолдауда осы мәселеге айрықша көңіл бөліп, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға әлі де зор мүмкіндік бар деп мәлімдеді. Айтуынша, былтыр ел аумағы арқылы жүк тасымалдау көлемі 1 млрд тоннадан асқан. Әрине, мұндай жоғары жүктеме жағдайында жаңа бағыттарды ашудың да қажеттілігі арта түседі.
08 Қазан, 2025
Біздің ғасыр ғылым мен технологияның қарқынды дамыған дәуірі ретінде есте қалары сөзсіз. Әсіресе ғарыш саласы бүгінде мемлекеттердің даму деңгейін көрсететін стратегиялық бағыттардың біріне айналды. Ғарышты игеру тек қана жаңа ғылыми жаңалықтарды ашу емес, сонымен қатар елдің экономикалық, қорғаныстық және технологиялық әлеуетін арттыратын маңызды қадам.
08 Қазан, 2025
Жайық өзеніне қойылған қалқыма сорғы Көшім суармалы-суландыру жүйесіне су жібере бастады. Қыркүйек айында іске қосылған станса Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарын сумен қамтуға шамамен 50 млн текше метр су айдайды.
08 Қазан, 2025
«Жасыл белдеу» жайқалып келеді
«Шардара» су қоймасының жағалауынан 3,2 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы техникамен полигонға шығарылды. Республикалық «Таза Қазақстан» акция аясында жүргізілген сенбілік жұмыстары барысында экологиялық тазалықты сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.
08 Қазан, 2025
Жергілікті билік қалалық трамвай паркін жаңартуға бет бұрды. Павлодар қаласындағы трамвай жолдарының жалпы ұзындығы – 90 км. Қалалық трамвай басқармасының балансында 111 трамвай вагоны бар, оның 73%-ы тозып тұр.
08 Қазан, 2025
Қаныш Сәтбаев пен Әлкей Марғұлан жас шағынан бір-бірімен сыйласқан. Жақын араласқан кезі – Семей мұғалімдер семинариясында қатар оқыған шағы. Бұл ортада Жүсіпбек Аймауытұлы мен Мұхтар Әуезов те бар.
08 Қазан, 2025
Қ. Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы аясында Киберқауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
07 Қазан, 2025
Онлайн-казиноны жарнамалаған блогерлерге қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін
Елімізде онлайн-казино жарнамалаған блогерлер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Мұндай ұсынысты Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
07 Қазан, 2025
2026 жылы электрондық денсаулық паспорттары іске қосылады
Елімізде денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жалғасып келеді. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атап өткендей, 2026 жылдан бастап әр азамат өзінің электрондық денсаулық паспортына толық қол жеткізе алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қазан, 2025
Тұрмысы төмен азаматтарға медициналық көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізіледі
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында келесі жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтарға МӘМС бойынша медициналық көмек берілетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
07 Қазан, 2025
Цифрлық активтер қоры: Инфляциядан сақтайтын игілік
Әлемде қаржы жүйесі тез өзгеріп жатыр. Дамыған елдер ұлттық цифрлық валюта шығарып, қор жинау үдерісін де бастап кетті. Еліміз де осы жолды таңдап, цифрлық активтер экожүйесін құруды жоспарлап отыр. Осы орайда Президент Жолдауда Мемлекеттік цифрлық активтер қорын құруды тапсырды. Оны Ұлттық банк басқармақ.
07 Қазан, 2025