Редакция таңдауы
Қызметкерлеріне жалақы төлемеген басшы айыппұл арқалады
Бас прокуратура Алматы облысында еңбек заңнамасын сақтау мәселесін тексеру барысында қаңтар айында 1043 қызметкерге жалақы төлемеген басшыны анықтады, деп жазады Egemen.kz.
26 Наурыз, 2024
Биыл 2,8 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 800 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 131,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Наурыз, 2024
«Өзбек боксшысынан жеңісті жұлып алды». Бекзат Таңатар жартылай финалға шықты
23 наурыз күні Әзербайжан астанасы Бакуде басталған халықаралық турнирдің екінші күнінде отандасымыз Бекзат Таңатар өзбек боксшысы Самандар Джалоловтан басым түсті, деп жазады Egemen.kz.
26 Наурыз, 2024
Бүгін тұман түсіп, жел күшейеді - Қазгидромет
Синоптиктер наурыздың 25-і күні ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді деп болжады, деп жазады Egemen.kz.
25 Наурыз, 2024
Қазақ семсершілері Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Грузия астанасы Тбилисиде өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Олимпиада лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Наурыз, 2024
Қазақстан боксшылары Литвада 6 алтын медаль еншіледі
Литваның Каунас қаласында бокстан өткен Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирдің финалында Қазақстан құрамасынан тоғыз боксшы шаршы алаңға шығып, оның алтауы алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Наурыз, 2024
Елордада 35 мыңға жуық адам тазалық акциясына қатысты
Бүгін Астанада «Тазару» ауқымды жалпыұлттық акциясы өтті. Оған 35 мыңға жуық қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, жастар, еріктілер, аудан белсенділері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
23 Наурыз, 2024
Риддерліктер бұлақтың көзін ашты
Риддер қаласында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі жалғасын тауып жатыр. Бүгін тазалық күнінде риддерліктер қаладан 10 шақырым жерде орналасқан ұлттық табиғи қорық аумағындағы қалың қардың астындағы бұлақтың көзін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Наурыз, 2024
Мәскеудегі теракт кезінде Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ
Мәскеуде болған жағдайға қатысты Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеме жасады. Теракт кезінде Мәскеуде оқып жатқан Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Наурыз, 2024
Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиялық жағдай тұрақталды
Соңғы 2 айда елімізде қызылша ауруы 38%-ға төмендеді. Қосымша иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын адамдардың 92%-ы егілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
23 Наурыз, 2024
Даламыздың дарқандығы тек ұлан-ғайыр кеңдігінде ғана емес. Жер-анада адам жанына қоса тәнін де емдейтін өсімдіктер, әлі қаншама құпиясы ашылмаған табиғи туындылар бар. Қазақ көп аурудың шипасын табиғаттан тапқан, бірақ емнің дерлігі ғылыми негізделмеген. Өйткені оның тереңіне үңілу, сырын ашып, «сөйлету» асқан білімді, толассыз ізденіс пен табандылықты талап етеді. Дәл осы қасиеттің барлығы кезекті кейіпкеріміздің бойынан табылады, оның көп ашылмаған тақырыпқа тереңдеуі де содан шығар.
22 Наурыз, 2024
Ұлттық құндылық дегенді жиі айтамыз. Заманауи технология өмірімізге дендеп еніп жатқан уақытта жас буынның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсірудің маңызы туралы да сағаттап сөйлейміз. Бірақ айтылғанды іс жүзінде, өмірде қалай, қандай жолмен нәтижелі жүзеге асыруға болатынын біле бермейміз. Осыны білмекке болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін мектепке келдік.
22 Наурыз, 2024
Бұрынғысы мұндай, бүгінгісі қандай?
Басқан жері сықырлаған Арқаның қысы Абайдың «Қыс» өлеңімен қатар, Ақселеу Сейдімбектің «Қазақ әлемі» атты таным туындысын еске салады. Қаңтар аттан ауып бара жатып «боз тоқтыда құйрық қалды, бозша қызда бұғақ қалды, қырлан, ақпан, қырлан!» деп ызалы аманат қалдырған деседі. «Мен елді титықтата алмадым, қалғанын сен тындыр» дегенін жазады жарықтық Ақселеу. Мұнша кәрленген ақпан оңай тиген жоқ биыл, «шықпа, жаным, шықпалаған» жұрт Ұлыстың ұлы күнін тағатсыздана күтіп отыр. Түнді бір жеңген Күн көтеріліп алған соң қоймайды, Наурыздан соң жаз деймін деп жаңа жылдан үміттенеді. Әлихан Бөкейханның «тірі болсақ, алдымыз – үлкен той» дегеніндей, жаңа жылдан, жарық таңнан үміттенбегенде қайтеді адам.
22 Наурыз, 2024
Айтулы қазақ балуаны, Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 33 жасында спорттағы карьерасын аяқтады. Ол Красноярскіде өткен КСРО чемпионатында жанарынан от ұшқындап үлкен спортпен қоштасып тұрып:
22 Наурыз, 2024
Бақыт жолындағы кедергілер (Эссе)
Дүниеге келген әрбір адам бақытты. Тірі болу – бақыт. Жетістік қарекет арқылы келеді. Құбылмалы қызықты дүниеде адам өз бақытын сезіне бермейді. Адамшылық қасиеттерді жойып алмауы үшін әркім өзінің бақытты екенін үнемі сезінуі ғанибет, бірақ бақытты сезінуге кедергілер бары үнемі есте болғаны жөн.
22 Наурыз, 2024
Осыдан біраз жыл бұрын Қостанайдағы жайлы қызмет, жақсы жалақысын тастап, кіндік қаны тамған Меңдіқара ауданындағы Теңіз ауылына қайта оралған Ербол Қарымсақов бүгінде атакәсіпке біржола бет бұрып, асыл тұқымды мал басын көбейтуге ден қойып отыр.
22 Наурыз, 2024
1998 жылдың көктемі. Бұрынғы облыс орталығы Ақмола республика астанасы атанып, абыр-сабыр болып жатқан кез. Жан-жақтан жиналған бір топ журналист «Астана ақшамы» шаңырағынан пана тапқан едік.
22 Наурыз, 2024
Әнші Димаш Құдайберген Алматыда Наурыз мерекесіне арналған концертте өнер көрсетті. Сонымен қатар қала көшелерімен керуен өтіп, оған қазақ жауынгерлері, ақындар, бүркітшілер қатысты, деп жазады Egemen.kz Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Наурыз, 2024
Тігіншілік деген де – өнер, бұл да қазақ әйелінің қоңыр тіршілігінің бір қабаты. Біз білетін жетісулық қыз-келіншектердің бір аңсары – осы сала. Бүгінде тігіншілікті кәсіп еткен оннан аса ару бар. Тіпті одан бөлек өңірімізде үлкен тігін цехтерін ел біледі. Біздің әңгімеміз Ұлболған Ахметқалиқызы туралы болғалы тұр. Тігінші әжемізден тәлім алған сұлулардың қатары көп, өзі де бір мектеп болып отыр.
22 Наурыз, 2024
Наурыз – ас ішіп, аяқ босататын көп мейрамның бірі емес, ізгілік пен мейірімге үндейтін, тәрбиелік мәні зор мереке. Осы күндері қарияларға қолғанат болып жүрген қаршадай балаларды көргенде ел ертеңіне деген сенімің беки түседі.
22 Наурыз, 2024