Редакция таңдауы
Ұлттық банк төрағасы Президентке есеп берді
Мемлекет басшысына Ұлттық банктің былтыр және биылғы қаңтар-ақпан айларында жүргізген ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
13 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Президентке сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
13 Наурыз, 2024
Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы артады
Ашық НҚА порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын екі жыл қатарынан (2024, 2025) арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Қаулы жобасында шәкіртақы тағайындау тәртібіне өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.
13 Наурыз, 2024
Бала құқын қорғаудың басым бағыты
Өткен жылы Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек», деген болатын.
13 Наурыз, 2024
Ақбас сиырға сұраныс арта түсті
Біз ағарғанын көп тұтынатын түліктің бірі – мүйізді ірі қара. Жалпы, қазақ жеріндегі сиыр тұқымының әрқалай екенін ескерсек, жер ерекшеліктеріне қарай олардың дене тұрқы мен төзімділігі де бөлек болады. Мысалы, ауа райы жылы болып келетін оңтүстік-шығыс өңірдегі сиырлар бойшаң, ірі денелі болса, қуаңшылық аймақтарда таралған ірі қараның денесі шағын әрі олар қыс айындағы суыққа төзімді келеді.
13 Наурыз, 2024
Ит тұмсығы өтпейтін, орман-тоғайы мол Көкше өңірінде ағашты кәдеге жаратып жатқан кәсіпорын көп емес. «Kazwood» серіктестігі осы олқылықтың орнын толтырып отыр.
13 Наурыз, 2024
Биыл Павлодар облысында көктемгі егіске 21 мың тонна тұқым жетіспейді. Диқандар бұл тапшылықты импорттық өнім сатып алу арқылы толтыруға ниетті. Алайда жергілікті мамандар сырттан жеткізілетін кейбір тұқымның өнгіштігі өте төмен екенін, кейбірінің көрсеткіші 40-60 пайыздан аспайтынын ескертіп отыр.
13 Наурыз, 2024
Мөлшерлеме цикліндегі үзіліс не үшін керек?
Қаңтардың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,5 пайыз болғанын ескере отырып, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25-тен 14,75 пайызға төмендетті. Сөйтіп, базалық мөлшерлеме осымен қатарынан бесінші рет төмендеу бағытына қарай өзгерді. Былтыр және алдыңғы жылдары қымбат мөлшерлемеге байланысты инфляция төмендесе, енді инфляцияның біртаңбалы мәнге айналғанын ескере отырып, ақша-несие саясаты да жұмсара бастады. Бір-біріне септесіп, екеуі де төмендеп келеді.
13 Наурыз, 2024
Жетісудағы сан ғасырлық тарихы бар Жібек жолының маңызы қандай болса, Арқадағы атақты Қоянды жәрмеңкесінің де ел тарихынан алатын орны ерекше.
12 Наурыз, 2024
Қостанай өңірімен шекаралас Челябі облысының (қазақтар Селебе деп те атайды) Чесмен ауданындағы Редутово деп аталатын татар ауылы маңындағы қыратта қазақтың Қыстау ауылының жұрты жатыр. Мұнда қазір аудандық тарихи-өлкетану музейі жанынан ашылған «Звездный» далалық оқу кешені жұмыс істейді.
12 Наурыз, 2024
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 0–17 жас аралығындағы мүгедектігі бойынша тіркеуде тұратындардың қатары артып барады. 2010 жылы мүгедек есебінде тіркеуде тұрған балалардың саны 49 349 болса, 2022 жылғы деректе 104 260 адамға жеткен. Төбе құйқаңды шымырлататын цифр. Өкініштісі, жыл өткен сайын ерекше балалардың қатары артқанымен, оларға ем-дом қондырып, медициналық көмек көрсететін оңалту орталықтары тек мегаполистерде ғана бар. Батыстағы өңірлерден баласын бас қалаға, болмаса Алматыға апарып емдету ата-анаға ауыр тиетіні анық.
12 Наурыз, 2024
Өмірдің қалтарыс-бұлтарыстарында екі қолға бір күрек табылса деп ниеттенген азаматтар кей-кейде сол сертін берік ұстанады. Уақыт сәтімен шаруаға әбден машықтанып, саланың ой-шұқырына үңілгендер бөгде мақсат-мұраттың жетегіне ілесіп те жатады. Астана қаласындағы тазалыққа жауапты мекемеде табанды еңбек етіп жүрген Бауыржан Бигелдинов те әрненің басын бір шалмай, бірден дұрыс бағытты таңдағанын кейінірек түсінген.
12 Наурыз, 2024
Қазақстан құрылысшылары Физулиде орталық аурухана ғимаратын тұрғызады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Физули қаласындағы орталық аурухана құрылысының жоспарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Наурыз, 2024
Әзербайжан Президенті барша Қазақстан халқына алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Физулиде Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Наурыз, 2024
«Ұлы Дала Жорығы» бәйгесінің басталу күні белгілі болды
Биыл V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында өтетін «Ұлы Дала Жорығы» бірегей марафон-бәйгесінің республикалық іріктеу кезеңінің басталу күні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Физули қаласына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Наурыз, 2024
Жазушы Жұмабай Шаштайұлы дүниеден өтті
Белгілі жазушы, бірқатар басылымда бас редактор қызметін атқарған журналист Жұмабай Шаштайұлы 73 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Наурыз, 2024
Аграрлық сала алға бассын десек...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауында фермерлерді отандық тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа сорттарды шығару және өсірумен айналысу туралы айтылды. Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келгенін еске салып, егіс түрлерін көбейтуіміз қажет деді. Президенттің егістіктерді әртараптандыру және тиімділігі жоғары дақылдар алқабын ұлғайту, сондай-ақ суды көп қажет ететін және монокультуралық егістерді қысқарту жөнінде берген осы тапсырмасы бүгінгі мақаламыздың негізгі өзегі болып тұр.
12 Наурыз, 2024
Бөлінген қаржы ауылға жетпейді
Ауылды көтеруге бағытталған бағдарлама мен құжаттардың саны көбейген сайын салада шешілуге тиіс мәселенің де көлемі ұлғайып әрі күрделеніп бара жатқандай. Сарапшылар ауылға бөлінген қаржы қолжетімді әрі тиімді болуы үшін Агробанк керек дегенді біраздан бері айтып жүр.
12 Наурыз, 2024
Парақорлықтан қайтсек құтыламыз?
Биыл қаңтардың соңына таман сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және дүние жүзіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін зерттеу жөніндегі халықаралық «Transparency International» ұйымы былтырғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің нәтижелерін жариялады. Онда Қазақстан 180 елдің ішінде 93-орынға ие болып, позициясын 8 тармаққа жақсартыпты. Бұл елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын аңғартса керек.
12 Наурыз, 2024