Редакция таңдауы
UFC-дегі дебют. Бекзат Алмахан - Умар Нурмагомедов жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бүгін түнде отандасымыз Бекзат Алмахан UFC аясында алғашқы жекпе-жегін UFC Vegas 87 турнирінде ресейлік Умар Нурмагомедовке қарсы өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
02 Наурыз, 2024
Жеңілмейтін боксшы екенін тағы дәлелдеді
Өткен түні «Қазақ каролі» лақап атымен шаршы рингте шайқасатын Сұлтан Заурбек Англияда кезекті жеңісіне жетті. Ол спорттық мансабындағы жеңілістің «0» есебіндегі сандық көрсеткішін сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz.
02 Наурыз, 2024
«Ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық». Бұрынғы мәдениет вице-министрі ұсталды
Антикор бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталғанын хабарлады. Ол ірі көлемде сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп жазады Egemen.kz.
02 Наурыз, 2024
Уақыт белдеуі өзгерген күні 803 нәресте дүниеге келді
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Наурыз, 2024
Қиын-қыстау кезеңде халқымыз қамқорлықтың озық үлгісін көрсете білді - Мәулен Әшімбаев
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алғыс айту күніне орай «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоғын қойды. Палата Спикері Қазақстан халқын құттықтап, Алғыс айту күні достық, адамгершілік, өзара көмек сияқты құндылықтарды дәріптейтінін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл мереке дәстүр мен тарихқа көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Наурыз, 2024
Алғыс айту күні. Ол қандай мереке?
1 наурыз − Алғыс айту күні. 2015 жылы күнтізбемізге енген жаңа мерекенің маңызы мен мәні айрықша. Қысылтаяң қилы кезеңде қазақ топырағына табан тіреген этностар мен тұрғылықты халықтың арасындағы достықты дәріптеуді көздейтін мейрам алғаш рет 2016 жылы жалпы халықтық сипатта тойланды, деп жазады Egemen.kz.
01 Наурыз, 2024
Төлем қабілетін қалпына келтіру мәселелері
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары мүдделі мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық саласындағы заңнаманы іске асыру мәселелерін талқылады.
01 Наурыз, 2024
Жұмысты қайта форматтау және өңірлердегі халықты жайылымдармен қамтамасыз ету Пайдаланылмай жатқан және заң бұзушылықпен берілген жерлерді қайтару жөніндегі комиссияның алдында 2024 жылға осындай міндет тұр. Вице-премьер С.Жұманғариннің төрағалығымен өткен комиссияның кезекті отырысында осы бағытта не істелгені, сондай-ақ жоспарлар талқыланды.
01 Наурыз, 2024
Біз егемен еліміздің кәсіби парламентаризмінің жаңа кезеңі 1995 жылдан бастау алады дегенді жиі айтамыз. Бұл жайында жазылған тарихи публицистика да, мемуарлық кітаптар да жетіп артылады. Өзгеріссіз қалатын тағы бір тарихи шындық бар. Ол – тәуелсіздік алған 33 жыл ішінде екі-ақ заңымыздың (Оның бірі – «Халықтың көші-қоны туралы», екіншісі – «Бала құқықтары туралы» заңдар) қазақ тілінде жазылғаны. Ал алдымен ресми тілде әзірленіп, артынан қазақшаға аударылатын қазіргі заңдардың сапасына талай жылдан бері тағылып келе жатқан сынды жұрт жақсы біледі.
01 Наурыз, 2024
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Шәмші» спектакль-элегиясы сахналанды. Қойылымды тамашалауға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенатор арнайы барды.
29 Ақпан, 2024
Өңір спортының қалыптасу, даму бастауында жүріп, Қостанайда алғашқы спорт нысандарының салынуына ұйтқы болған ардагер спортшы, ұлағатты ұстаз Дмитрий Поляковтың қазақ халқының даладай кең пейіліне, ұлттық спортына деген сүйіспеншілігі ерекше. Биыл тоқсанның бесеуіне аяқ басқан Дмитрий Степанович – тоғызқұмалақтан Қазақстанның тұңғыш спорт шебері, республиканың тоғыз дүркін чемпионы, көптеген спорт шебері мен Қазақстан чемпиондарын тәрбиелеп шығарған жоғары санаттағы жаттықтырушы.
29 Ақпан, 2024
Әуелбек Зәуірбек: Су саласының шаруасы шашетектен
Қоғамның әл-ауқатына әсер ететін бастапқы ортаның сарқылуы мен ластануына байланысты гидрологиялық қатер қоюланып барады. Халық пен экономиканың өсу үдерісін ескергенде, 2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 12-15 млрд текше метрге жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта трансшекаралық өзендердің су қорын пайдалануда да өткір проблемаларға тап болдық. Сондықтан Мемлекет басшысы су тапшылығы тақырыбын халықаралық мінберлерде, жұртшылыққа үндеуінде үнемі көтеріп келеді. Күрмеуі қиын сала төңірегінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Су ресурстары және мелиорация кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Әуелбек Зәуірбек ой тарқатты.
29 Ақпан, 2024
Қазақстан азаматтары бірыңғай уақыт белдеуіне көшті
Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленді (UTC+5), деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Ақпан, 2024
Мына жұмыр жер бетінде қаншама халық өмір сүрсе, соншама тарих алтын әріптермен жазылды. Маңыздысы, кімнің тарихы қалай жазылды, уақыт кемесі оны асау ағыстар мен бұла бұлқыныстардан қалай аман-есен алып өтті деген ұлы сауалға келіп тіреледі. Қалай десек те, өз тарихы мен мәдениеті үшін көкірегін мақтаныш кернейтін халықтың бірі қазақ екені рас. Қадау-қадау ғасырлардан өз еншісін алып, даласының байлығын, мәдениеті пен дәстүрінің өзгешелігін, өлеңі мен жырының өміршеңдігін мұрат тұтты. Әне, соның нәтижесінде артында ұшан-теңіз мұралар қалды.
29 Ақпан, 2024
Шәкен Айманов және ұлттық кино
Шәкен Аймановтың соңғы фильмі – «Атаманның ақырының» экранға шыққанына жарты ғасырдан астам уақыт өтіп барады. Одан бері қаншама ұрпақ ауысты, қоғам, онымен бірге адам, өнер, бәрі-бәрі өзгерді. Бірақ дүние қанша өзгеріп, қалай дөңгеленсе де, ұлттық, халықтық өнердің төлқұжаты іспетті кез келген уақыттың тезіне шыдайтын, мәңгілік өлмейтін туындылар болады. Қазақ киносының классигі, актер, кинорежиссер Шәкен Аймановтың фильмдері ұлттың жүрегіндегі алау секілді.
29 Ақпан, 2024
Жамбыл Жабаевтың туғанына 178 жыл толды
Жыр алыбы – Жамбылдың туғанына 178 жыл. Қазақтың маңдайына біткен алып тұлға 1846 жылдың 28 ақпанында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Ақпан, 2024
Үкімет отандық өндірісті дамыту тетіктерін әзірлеп жатыр - Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыста 2023 жылға арналған Инвестициялық саясат талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Ақпан, 2024
«Біріне жүрек, біріне бауыр». Бір адамның ағза мүшелері 4 адамды аман алып қалды
Тағдыр тәлкегіне түскен жандарды жалғыз қалдыру − қазақ жұрты үшін жат дүние. Сөзімен сүйеп, әрекетімен демеп жіберетін қайырымды қасиет қанда бар. Ежелден жеткен үрдістің үзілмегеніне айналамыздағы оқиғалар айғақ. Мәселен, биыл 7-рет өткен «Мың алғыс» қайырымдылық жобасы бұған дейін 25 отбасыға баспана кілтін табыстаса, денесін түрлі дерт дендеген 350-ге жуық адамға қол ұшын созды. Бастамашысы «Қазақ радиолары» болған дәстүрлі іс-шара осы жылы да тосын сыйларға толы болды, деп жазады Egemen.kz.
29 Ақпан, 2024
Елде уақыт белдеуі теңеседі. Өзгеріске қалай тез бейімделуге болады?
Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленеді (UTC+5). Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Ақпан, 2024
Әділетті Қазақстан құруда білікті әрі білімді жас кадрлардың рөлі ерекше. Қалай дегенмен де бұрынғы сарынға үйреніп қалған кейбір мемлекеттік қызметкерлер ескі сүрлеуде сүрініп жүр. Сондықтан қазіргі саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалардың атқарылуына кедергі болады. Ал бұған жаңа леп беретін қоғамдық топ – Президенттік жастар кадр резерві.
29 Ақпан, 2024