Редакция таңдауы
«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі» атты бес томдық энциклопедияның бірінші томында қазақ әйелдерінің ұлттық дәстүрлі бас киімі кимешекке: «Көшпелі ортада қалыптасқан, экологиялық талаптарға толықтай жауап беретін қазақ әйелдерінің бас киімі» деген анықтама беріліпті.
21 Қаңтар, 2024
Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Көшербаевтың «Айналайын, Азаттық!» кітабының тұсаукесері өтті. Зиялы қауым өкілдері бас қосқан рәсімде облыстық кітапхана директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжасов тірліктің ащысы мен тұщысы, бейнеті мен зейнеті баяндалған бұл туынды қайраткер өмірінің өнегелі сөзі екендігіне тоқталды.
21 Қаңтар, 2024
Ақсу қаласының тұрғыны Ерғанат Ахметовті жергілікті жұрт коллекционер ретінде жақсы таниды. Отағасы көне заттарды жинағанды ұнатады. Үйінде ескі теледидарлар мен радиоқабылдағыштар, күйтабақ ойнатқыштар мен магнитофондар, фотоаппараттар, толып жатқан түрлі тұрмыстық заттар сақталған.
21 Қаңтар, 2024
Қаныштың әкесі Имантай хақында
Сәтбай ата ұрпақтарының тағдыры теперішті. Қаныштың әкесі – Имантай заманында елге белгілі би, халық соты болғанын дәлелдейтін жәдігер-дерек Керекудің төрінде сақталып тұрғанын көпке дейін білмей келген екенбіз.
21 Қаңтар, 2024
Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған алғашқы кәсіби суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай жоспарланған мәдени іс-шаралар шеруі Алматыдағы кескіндеме өнерінің кемеңгері атындағы өнер ордасының өзінен бастау алды. Саналы ғұмырында 4000-ға жуық туынды жазған әйгілі қылқалам шеберінің 400-ден аса көркем шығармасы өз есімін иеленген бүгінгі Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің қорында сақтаулы тұр. Музей қызметкерлері бірнеше ай бойы әзірлеген «Ғасыр мұрасы» атты бұл көрмеге классик суретшінің 1930-1970 жылдар аралығында салған 300-ге жуық көркем және графикалық картинасын ел назарына ұсынды. Ә.Қастеевтің туындылары кеңестік Қазақстанның көркем шежіресі, тарихи жылнамасы іспетті. Бұл жұмыстарда ХХ ғасырдағы республикада болған, көшпелі халықтың дәстүрлі өмір салтын түбегейлі өзгерткен барлық маңызды тарихи оқиға көрініс тапқан.
21 Қаңтар, 2024
Ақтау қаласының маңындағы Қаракөл жасанды көлі – әсіресе қыс мезгілінде ұшып келетін сан түрлі құстың жиналатын мекені. Биыл көл сыбырлақ аққулар үшін қолайлы болмады. Былтырғы желтоқсаннан бергі бір ай ішінде мыңнан астам аққу өлексеге айналды. Қаңтар айының 18-не дейінгі мәлімет бойынша 1 018 құстың өлексесі тіркелген болса, соның 41-і Қарақия ауданындағы теңіз жағалауынан табылған. Бұл жағдай тұрғындардың алаңдаушылығын туғызып, әлеуметтік желі бетінде түрлі қоғамдық пікір-болжамның тарауына негіз болды.
21 Қаңтар, 2024
Атырау облыстық балалар ауруханасына жылына 7 мыңға жуық науқас қабылданады. Науқас балалардың 70 пайызы – шұғыл, ал 30 пайызы жоспарлы емделу мақсатында түседі.
21 Қаңтар, 2024
ХАМАС ұйымын Израиль қаржыландырады – дипломат
Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Израиль мемлекеті ХАМАС ұйымын «өздері қаржыландырып өсірді» деп айыптады. Және Израиль мен Палестина мемлекетінде тыныштық орнату мәселесін, Таяу Шығыстағы қақтығыс шиеленісін сырттан шешуге үндеді, деп хабарлайды Egemen.kz DW медиакомпаниясына сілтеме жасап.
21 Қаңтар, 2024
Полина Омельчук – жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің IV қысқы Олимпиада ойындарында Полина Омельчук қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Илья Мизерныхты жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихында тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты айтулы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2024
Энергетика және басқа да салалардағы инвестициялық жобалардың саны артады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес отырысында энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2024
Экономиканы жаңғырту мәселелері талқыланды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: Тарихта алғаш рет алтын алды
Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды. Жасөспірімдер арасында тарихта алғаш рет алтын медаль алған қазақ елін сала министрі Ермек Маржықпаев құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Қаңтар, 2024
«Қар аралас жаңбыр, жел, тұман»: Бірнеше жол учаскелері жабық
Бүгінгі сағат 10.00-дегі ахуал бойынша қар аралас жаңбыр, жел, тұманға байланысты бірнеше жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2024
FAO директоры Алматының әйгілі апортынан дәм татты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) бас директоры Цюй Дунъюймен кездескені хабарланған еді. Кездесу барысында Президент ұйым директорына Алматының әйгілі апортынан дәм татқызды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Қаңтар, 2024
Италияда жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері талқыланды
Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасиетті Тақтың хатшысымен жүздесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қасиетті Тақтың мемлекеттермен байланыс жөніндегі Хатшысы Пол Ричард Галлахермен кездесті, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Қаңтар, 2024
Сегіз және одан да көп баласы бар отбасыға қанша жәрдемақы төленеді?
Мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.
19 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасымен кездеседі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Қаңтар, 2024
Елімізде бірыңғай уақыт белдеуі белгіленді
Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2024