Редакция таңдауы
Парламент әскерилердің БҰҰ миссияларына қатысуы туралы Жолдауын мақұлдады
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс пен Сенат депутаттары Мемлекет басшысының Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін Біріккен Ұлттар Ұйымы миссияларына қатысу үшін жіберу туралы ұсынысын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2024
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр
Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қаңтар, 2024
Қарағандыдан шыққан жас ғалымдар паркинсон ауруына шипа болатын дәрі-дәрмек жасап шығарды.
19 Қаңтар, 2024
Астанада биыл қыс тым кеш түсті. Өзге өңірлерде де қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай, тіпті қаңтардың кей күндері жылы болғанына қуанатындар бар. Шын мәнінде, бұл – ғаламдық жылынудың белгісі. Әлемді алаңдатқан мәселені шешу үшін көп ел ауаға бөлінетін көмірқышқыл газын электр қуатымен жүретін көліктер мен жылыту жүйелеріне көшу арқылы азайтуға тырысып жатыр. Біздің еліміз де сол қатарға қосылуға ниетті. Бірақ электр энергиясы шексіз емес, оның да сарқылатын сәті болады. Соның алдын алу мақсатында елімізде атом электр стансасын салу ұсынылды. Салу-салмауды алдағы референдумда халық шешеді. Ал біз бұл мәселеге ғылым тұрғысынан үңіліп көрдік.
19 Қаңтар, 2024
Алмас Ахметбек: Көк ту – азаттық рухы
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жырын жүрегіне құндақтап, алып ұшып елге жеткен ақын Алмас Ахметбек қазақ руханиятының көгінде «Көк тудың желбірегені» әні арқылы патриоттық төңкеріс жасады. Қазақтың ішкі табиғатымен үндесіп, алпыс екі тамырын бұлқындырып жіберген саф дүниені ел жылы қабылдады, жүректерден орын алды. Кейіпкерімізбен арадағы әңгімеде Көк туымызбен алғаш кездескен кездегі көңіл күйінен бастап бүгінге дейінгі өзгерістерді еске алдық.
19 Қаңтар, 2024
Тұңғыш түрік азаматы ғарышқа аттанды (видео)
АҚШ-тың жергілікті уақыты бойынша 16:49-да (Түркия уақыты бойынша 00:49) тұңғыш түрік астронавты Альпер Гезеравжы мінген SpaceX ғарыш кемесі NASA-ның Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығынан сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
19 Қаңтар, 2024
Қ.Сәтбаев университетінің жас ғалымы Есбол Шаймардан қауіпті экотоксикант – полихлорбифенилді тиімді залалсыздандыруға арналған катализатор әзірледі.
18 Қаңтар, 2024
Өз заманында әділдігімен аты шыққан, турашылдығымен талайға көмегі тиген Әділ Сұлтанбекұлы туралы кейінгі жастардың көбі біле бермейді. Көбі дейміз-ау, оның есімін тек алдыңғы буын өкілдерінен естігені болмаса, кейінгі жастар қайдан білсін? Аты аңызға айналған адамның есімін жаңғыртып, әділдігі мен адалдығын кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында біраз ізденіп көрдік.
18 Қаңтар, 2024
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде әннің алар орны ерекше. Ғасырларды аттап, байтақ даламыздың төрт бұрышына тегіс таралып, «бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғанына» қарамастан, белгілі авторлардың есімдері уақытпен бірге көмескі тартып, соңында қалған бай мұра халық қазынасына айнала береді. Әлдеқандай себеппен авторы ұмыт болып, иесінен ажырап қалған әндерді ырғағына, құрылымына, қолтаңбасына қарай анықтап, шығарманы шырғалаңнан құтқарып, ғылыми айналымға енгізгендердің басында ұлы Ахмет Жұбанов тұр. Сонымен бірге өткен ғасырлардағы көрнекті әншілер мен композиторлардың музыкалық мұрасын зерттеушілердің арасында Ахмет Қуанұлының талантты шәкірттерінің бірі, өнертану ғылымдарының кандидаты Зейнұр Қоспақовтың да есімі бәрінен гөрі биігірек аталады.
18 Қаңтар, 2024
Жыл басынан бері әлемдік театр қауымдастығы біртуар хореограф Ролан Петидің 100 жылдығын тойлауды бастап кетті. Атаулы мерейтойға орай әлемнің барлық театры өз сахналарында классиктің қойылымдарын ұсынуда. «Астана Опера» театры да бұл мәдени оқиғадан қалыс қалмай, 18-19 қаңтарда Ролан Петидің хореографиясындағы француз композиторы Л.Делибтің «Коппелия» комедиялық балетін қойып, ұлы тұлғаның есіміне құрмет көрсетеді.
18 Қаңтар, 2024
Жақында Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінде «Сарбаз дауысы» байқауы өтті. Әскерге бір ай бұрын келген мерзімді әскери қызметшілер арасындағы сайыс тартысты болды.
18 Қаңтар, 2024
Жаңарған техника паркі: Тозығы жеткен трактор да жоқ емес
Бірнеше жыл бойы асыраушы саланың басты мәселесі тозған техникадан құтылу болғаны жасырын емес. Шыны керек, қайбір жылдары егістік алқаптарға көз жүгірткенде, тозығы жеткен техникалардан көз сүрінетін. Қазіргі кезде өңірлердегі ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары да осы бір өзекті мәселені шешу үшін қолдан келгенше жұмыс атқарып жатыр.
18 Қаңтар, 2024
Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар аталды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы уақытта қандай мамандықтар сұранысқа ие болатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2024
Шетелдіктер қазақ балаларын асырауға ген тазалығы үшін қызыққан - Қымбат Досжан
2004 жылы бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласын анасымен қауыштыру үшін барын салып жүрген журналист, «Бармысың, бауырым» хабарының авторы Қымбат Досжан «Qazaqstan» ұлттық арнасының «1001 түн» хабарында қонақ болды. Журналист Жәнібектің досы Нәзия Маматовамен бірге 2 жасында Арқалықтан шет ел асырылған баланың анасын іздеу ісі қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2024
Айтып келмейтін оқыс оқиғалар кезінде бастарын бәйгеге тігіп, құтқару жұмысын атқаратын азаматтардың еңбегі қашанда алғысқа лайық. Олар ерлік жасадық деп есептемейді. Ең қымбаты – шарапаты тиген адамдардың ақ алғысы.
17 Қаңтар, 2024
Көзі тірісінде Ертіс-Баян өңіріне ғана емес, тұтас елімізге танымал болған қылқалам шебері Ғабдылғалым Қаржасовтың есімі облыстың мәдениет саласында көмескіленіп барады. Облыс орталығындағы көркемсурет мектебі мен бір көшеге есімін беру туралы ұсыныстар да тоқтап қалғандай. Ел есінде қалған суретшінің айшықты туындыларын ұрпақ ұмытпаса дейміз.
17 Қаңтар, 2024
«Жошы хан»: сахнада тарих сөйлейді
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық академиялық музыкалық драма театрында тұсауы кесілген «Жошы хан» драмасының дақпырты премьерадан бері жарты жылдан аса уақыт өтсе де, әлі басылмай тұр. Оның үстіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың газетімізге берген сұхбатында Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл болғанына айрықша мән беріп, тоқталуы да тарихи қойылымның маңызын одан әрі арттыра түскендей. Спектакльдің жазда өткен премьерасын арнайы барып тамашалаған Президент: «Шын мәнінде, пьесаның тақырыбы өте маңызды, өзекті. Кейбіреулер қазақтардың өз тарихы, мемлекеті, елі болмаған деген сөздер айтып жүр. Ол – біздің тарихымызды бұрмалау», деп қойылым құндылығына тоқталып, шығармашылық ұжым әлеуетін жоғары бағалаған болатын.
17 Қаңтар, 2024
Назарбаев университетінде неміс тарихшысы Роберт Киндлердің «Сталиндік көшпенділер» атты кітабы таныстырылды. Мазмұнды іс-шараға алыстан ат терлетіп автордың өзі келіп, қатысты. Бұл ғылыми монографияда өткен ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ даласында болған аштықтың себеп-салдары нақты тарихи деректерге сүйеніп жазылған.
17 Қаңтар, 2024
Қызылордадағы облыстық тарихи-өлкетану музейі ел қолында сақталған талай жәдігерді жарыққа шығарып, ортақ игілікке айналдырып келеді. Жуырда музейде қазақ еліне Ислам дінін таратушы тұлғалар жайлы шежіренің қазақшаға аударылған нұсқасы таныстырылды.
17 Қаңтар, 2024
1845 жылы француз тілінде Парижде басылып шыққан және Еуропа жұртшылығы жазушының шебер тілі мен бейтаныс дүниені таныстырғаны үшін разы болған туындыны бүгінгінің оқырманы біле бермесе керек.
17 Қаңтар, 2024