Редакция таңдауы
Еуро-2024: Екі ойын да сырт алаңда өтеді
Кеше ғана Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі өтті. Оның қорытындысы бойынша Еуро-2024 плей-офф кезеңінің финалдық ойындарын Қазақстан құрамасы сырт алаңда өткізеді, деп хабарлайы Egemen.kz.
24 Қараша, 2023
Суық тиюдің алдын алу үшін балаға қандай дәрумендер берген дұрыс? Дәрігер жауабы
Бала иммунитетінің мықты болуы үшін қандай дәрумендер беру керек? Бұл ата-аналарды жиі мазалайтын сұрақ. Бала ағзасын дәруменмен демеп, әл-дәрменін арттыру үшін оны тұрақты, уақтылы берудің маңызы зор. Бойында организмге қажетті элементтер құрамы толық балалардың қуаты мол, сергек әрі мығым болады.
24 Қараша, 2023
Нарықтың талабымен шағын және орта кәсіпкерлікке бет бұрғандар аз емес. Өйткені мемлекет тарапынан бұл саланың кең қанат жаюына барынша қолдау көрсетіліп келеді. Алайда жергілікті атқарушы органдар әлі де кәсіпкерлерге кедергі келтіруін доғармай отыр.
24 Қараша, 2023
Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған цифрлы дәуірге қадам бассақ та әлі интернеттің игілігіне қол жеткізбеген елді мекендер бар. Мәселен, Атырау облысындағы 153 ауылдың 19-ы әлі интернетке қосыла алмай отыр. Демек, бұл ауылдардағы тұрғындар теледидарға телміріп, апталап кешігетін газет-журналдарды тағатсыздана күтеді.
24 Қараша, 2023
Жыл басынан бері елімізде 26 нотариус лицензиясынан айырылған. Ал 86 азаматқа заңды әрекеттер мен құжаттарды куәландыруға уақытша шектеу қойылыпты. Бұған тұлғалардың өмірден өтуінен бөлек, көмекшісінің мөрді пайдалануы және нотариаттық актіге қол қою фактісі түрткі болған көрінеді. Сондай-ақ борышкерден қарыз соманы өндіруге арналған атқарушылық жазба жасақтаудағы олқылықтар да нотариустардың уәкілеттілігін тоқтатуға негіз болып отыр. Осыған қатысты нотариустар да өз уәждерін жеткізді.
24 Қараша, 2023
Бақташы табу фермерлердің бас ауруына айналғалы қашан? Рас, мұның ең бір себебі – атакәсіптің кейінгі кезде абырой-беделі түсіп кеткендігінен. Еңбекақының аздығы да аталған мәселені ушықтырып тұр.
24 Қараша, 2023
Көлдің атауы – Шәңген емес, Бұқтырма
Кейінгі үш-төрт жылда Катонқарағай, Марқакөл, Ұлан өңірлеріне саяхаттаушылардың легі арта түскен. Арнайы лицензиясы бар-жоғын кім білсін, әйтеуір жол бастаушы туристік операторлардың да қарасы көбейді. Туризм дамып келеді дегенімізбен, таяқтың екінші бір ұшы бар: жер-су атауларын бұрмалау жиі көрініс беріп жүр.
23 Қараша, 2023
Елімізде кадр жетіспейтін, білім сапасы төмен өңірлерге үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарлама іске асырылып жатыр. Биыл аталған бағдарлама аясында Атырау облысында жұмыс істеуге 10 мұғалім ниет білдірген.
23 Қараша, 2023
Ұлттық өнердің мерейін өсірген
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында (ҚҰӨА) ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлағатты ұстаз, өнертану кандидаты, профессор Аман Бекенұлы Құлбаевтың театр өнері мамандарын даярлауға қосқан үлесі зор.
23 Қараша, 2023
Аягөз қаласындағы көпбейінді мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары Жанерке Ысқақова, Жәния Әлімғазина, Жанерке Зәкірова және Әйгерім Ержанқызы Ecobike деп аталатын жаңа жоба жасап шықты.
23 Қараша, 2023
БҰҰ және оның құрылымдарымен ықпалдастық деңгейін сақтаймыз - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен сессиясына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев сессия қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Беларусь тарапына және Александр Лукашенкоға ризашылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
23 Қараша, 2023
ҰҚШҰ: Келесі жылы төрағалық тізгін бізге тимек
Минскіде (Беларусь) өтіп жатқан ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі, қару-жарақ айналымы, трансшекаралық қылмыс және заңсыз миграцияның өсуіне Қазақстан да бей-жай қарамайтынын жеткізді деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сүйеніп.
23 Қараша, 2023
Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөпірімдер кітапханасында ерекше еңбектің тұсаукесері өтті. «Туған жерім Жаңақала» атты жаңа жинақтың авторы – жергілікті өлкетанушы Тыныштық Өтешқалиев.
23 Қараша, 2023
Қазақстан уақытша бітім жасау келісімін қолдайды
Беларусь астанасы Минск қаласында өтіп жатқан ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан уақытша бітім жасау туралы соңғы келісімді құптайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қараша, 2023
Таяу Шығыстағы қақтығыс жаһандық ауқымдағы текетіресті ширықтырып жіберді - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясына қатысты. Сессия барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті аспектілері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
23 Қараша, 2023
Қостанайда «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Мергендер сайысына өңірдің сегіз ауданынан балабақшаға барып жүрген 50 шақты бүлдіршін қатысты.
23 Қараша, 2023
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясына қатысты
Жиынға Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қараша, 2023
Мемлекет басшысын Тәуелсіздік Сарайында Беларусь Президенті қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Беларусь Президенті Александр Лукашенко Тәуелсіздік Сарайында қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
23 Қараша, 2023
«9-20-25»: Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатқанын жеткізді. «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы арқылы үй үлестіруде басымдық жастарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.
23 Қараша, 2023
АҚШ әуе күштерінің ансамблі қазақ тілінде ән шырқады
АҚШ Әскери-әуе күштерінің ансамблі «МузАРТ» тобының «Балауса» атты әнін орындап, қазақ халқының жүрегін бірден баурап алды, деп жазады Egemen.kz.
23 Қараша, 2023