Редакция таңдауы
«Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда…»
Албырт шағынан өзгеге ұқсамайтын кестелі поэзиясымен танылған жыр жампозының бірі – Жұмекен Нәжімеденов. Ақынның кіндік қаны тамған жеріне арнаған өлеңдерінен сағынышы мен қоңыр мұңы аңғарылады. Бұған атасы Нәжімеден қарттың тәлімді тәрбиесін көп көргені, бәлкім, өнегеге толы әңгімесін көп тыңдағаны әсер еткен шығар.
03 Қыркүйек, 2025
Алтынды аңсаған ширек ғасыр...
13–21 қыркүйек аралығында Хорватияның астанасы – Загребте күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Елімізде балуандық өнердің бай дәстүрі бар екенін барша жұрт жақсы біледі. КСРО дәуірінде Анатолий Колесов, Валерий Анисимов, Владимир Бакулин, Валерий Резанцев, Анатолий Назаренко, Анатолий Быков, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыхановтың есімдері әлемдік спорттық шежіреде алтын әріптермен жазылды. Сол жеңіспен өрілген дәстүр тәуелсіздік алғаннан кейін де жалғасты.
03 Қыркүйек, 2025
АҚШ визасы қазан айынан бастап қымбаттауы мүмкін
АҚШ билігі 1 қазаннан бастап жаңа visa integrity fee деп аталатын қосымша алым енгізуі мүмкін. Егер бұл өзгеріс күшіне енсе, туристік, студенттік, жұмыс және басқа да иммиграциялық емес визалардың бағасы қазіргідей 185 доллар емес, 435 доллар болады, деп жазады Egemen.kz.
02 Қыркүйек, 2025
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл сыйлық волонтерлер қозғалысын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан қазақстандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтар мен ұйымдарды ынталандыру және қолдауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
02 Қыркүйек, 2025
Тоқаев Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02 Қыркүйек, 2025
Қытай бизнесінің өкілдері елімізден сенімді серіктестер таба алады - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысында сөз сөйлеп, қаржы секторындағы қазақ-қытай іскерлік байланысын нығайтуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қыркүйек, 2025
Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің шешімімен Асхат Раздықұлы Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
02 Қыркүйек, 2025
Азамат құқығы – айрықша бақылауда
Конституциялық соттың құрылуы еліміздегі құқықтық мемлекет қағидатын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде төл тарихымызға жазылды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз жұмысын бастаған бұл орган еліміздің демократиялық дамуы мен құқық үстемдігін қамтамасыз етуде айрықша рөлге ие болып келеді, мұның мақсат-мұраты да осы еді.
30 Тамыз, 2025
Мәні ерекше халықаралық конференция
Астанада «Конституция және мемлекеттілік: Құқық пен болашақ диалогі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конституцияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға Ресей, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Тайвань елдерінің өкілдері де қатысты.
30 Тамыз, 2025
Бүгін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік әрі зайырлы мемлекетіміздің заңдық негізі – Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 90-жылдардың аласапыранында күшіне еніп, қоғамдық бірлік пен тұтастыққа қызмет еткен бас құжатқа әр кезеңде уақыт талабына сай толықтырулар мен өзгертулер енгізілгені белгілі. Соның ең соңғысы әрі маңыздысы – 2022 жылы жалпыұлттық референдум арқылы өткен конституциялық реформа.
30 Тамыз, 2025
Заң мен тәртіп – басты ұстаным
Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен Конституцияның 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Мерейтой қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев өткенге көз жүгіртіп, Ата заңның жүріп өткен жолын сараптап, тарихи белестерге жеке тоқталды. Сонымен қатар халқымыз үшін аса маңызды іргелі шешімдер қалай қабылданғаны жөнінде жаңаша қырынан тарқатып айтып берді. Президенттің бүгінгі сөйлеген сөзінің ерекшелігі – тың ойлар мен тың деректер көп айтылды.
30 Тамыз, 2025
Әділетті Қазақстанның берік негізі
Биыл егемен еліміздің Конституциясына 30 жыл толып отыр. Бүгін осы мерейлі датаға орай өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің саяси-құқықтық дамуын қорытындылап, алдағы бағыт-бағдарымызды айқындап берді.
30 Тамыз, 2025
Ата заң – мемлекеттілігіміздің мызғымас тұғыры
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, сөз сөйледі.
30 Тамыз, 2025
Газ жағатын ауыл көбейіп келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында тұрғындарды және экономиканы газбен қамтамасыз ету – Үкіметтің басты міндетінің бірі екенін айта келе, жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асыруды тапсырған болатын.
30 Тамыз, 2025
Елордалық жастарға грант табысталды
Жаңа оқу жылы қарсаңында Астана әкімдігінде қалалық мәслихат әлеуметтік осал топ санатына жататын отбасылардан шыққан оқушыларға, сондай-ақ қоғам игілігі үшін белсенділік танытып жүрген еріктілер мен түрлі бастаманы жүзеге асырған жастарға жоғары оқу орындарында білім алуға арналған грант табыстады.
30 Тамыз, 2025
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Тамыз, 2025
Ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды
Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жетекшілігімен Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Тамыз, 2025
Қазақстанда демалыс күндері күн суытады
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Қазақстан бойынша 2025 жылғы 30 тамыз – 1 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Тамыз, 2025
Ең басты конституциялық өзгеріс үш жыл бұрын жасалды – Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Тамыз, 2025
Ата заңымыздың жобасын талқылауға миллиондаған азамат қатысты - Президент
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Тамыз, 2025