Редакция таңдауы
Канададағы орман өрті: 10 млн гектар жер күлге айналды
Канадада көлемі 10 миллион гектардан астам орман өртенді. Өртенген жер аумағы Исландияның жерімен тең келеді. Қазіргі таңда Канадада 900-ге жуық өрт болып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz The Guardian арнасына сілтеме жасап.
18 Шілде, 2023
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
2023 жылғы 1 маусымдағы дерекке сәйкес, еліміздегі халық саны 19 млн 879 мың адам болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Шілде, 2023
Табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы өсті
1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Шілде, 2023
Былтыр жазда бүкіл елді дүрліктірген қант мәселесінен кейін еліміздегі қызылша алқабының көлемі екі есеге – 10,2 мыңнан 19 мың гектарға дейін өскен. Қант саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарында отандық өніммен қамту көлемі небәрі 7 пайыз екені жазылған. Қалғаны – қайта өңдеуге арналған импорт шикізат пен дайын құмшекер.
18 Шілде, 2023
Ардагерлерді ардақтаудағы ала-құлалық
Елімізде ардагерлер туралы арнайы заң қабылдау қажеттігі хақында әртүрлі мінберден көп жыл бойы айтылып келгенімен, оның сәті 2020 жылы ғана түсті. Сол жылғы 6 мамырда Мемлекет басшысы «Ардагерлер туралы» алғашқы заңға қол қойды. Бұл маңызды құжат Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 75 жыл толуы қарсаңында қабылданып, айтулы мерейтойға тарту іспетті болды.
18 Шілде, 2023
Егер банк лицензиясынан айырылатын болса, депозиттерді қорғау механизміне сәйкес оның салымшыларына депозиттерде, төлем карточкалары мен ағымдағы шоттарда жатқан ақшалары қайтарылады. Осы ретте Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) жеке тұлғаларға заңнамада бекітілген максималды кепілдік мөлшері шегінде – депозиттің түрі мен валютасына қарай 5, 10 және 20 млн теңгеден асырылмайтын көлемде кепілді өтем төлейді.
18 Шілде, 2023
Елдегі 21 екінші деңгейлі банктің жиынтық активтері биыл наурыз айында 2,2% немесе 967 млрд теңгеге ұлғайып, 45 трлн теңгеге жетті. Активтердің өсуі өтімді активтердің 2,7% немесе 512 млрд теңгеге ұлғаюы нәтижесінде болды. Өз кезегінде өтімділігі жоғары активтер 13,6 трлн теңгені немесе активтердің 30,1%-ын құрады. Бұл банктерге клиенттер алдындағы міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
18 Шілде, 2023
Ғалымдарымыз будан түйе генетикасын анықтады
Генетика және физиология институтының ғалымдары беделді «Genes» ғылыми журналына Алматы облысында өсірілген бес гибридті түйенің жалпы геномдық реттілігі (WGS) туралы зерттеу жариялады. Мұндай ғылыми деректер алғаш рет ұсынылып отыр.
18 Шілде, 2023
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында еліміздің өңірлеріндегі экологиялық ахуалды жақсарту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері қаралды.
18 Шілде, 2023
Қазақтың кең даласында қолға үйретіліп, адамзат қажетін өтеген жылқы түлігі – бабаларымыздың ең қадірлі және ең қасиетті жануары. Ат құлағында ойнаған байырғы көшпелі халықты «аттылар әулеті» деп атағаны да тарихтан белгілі. Өйткені, кең байтақ өлкенің тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір салты, әдет-ғұрпы, салт-санасы, бір сөзбен айтқанда, бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланыста болған.
17 Шілде, 2023
«QazExpoCongress» ҰК» АҚ басшылығы EXPO 2025 Osaka ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның көрмеге қатысу шартына қол қойылды. Біздің ел тарапынан бұл шартқа Ұлттық секцияның бас комиссары Дәулет Еркімбаев, Жапония тарапынан қауымдастықтың бас хатшысы Hiroyuki Ishige, EXPO 2025 Osaka Дүниежүзілік көрмесінің бас комиссары Koji Haneda қол қойды.
17 Шілде, 2023
Апта бойы беті қайтпаған аптап ыстық Керекудің ормандары мен далалы жерлерінде алапат өрттің шығуына себепкер болды. Ең ірі өрт ошақтары «Ертіс орманы» мемлекеттік резерватында және Баянауылдың Қызылтау аумағында тіркеліп, тілсіз жау жалпы аумағы 1 800 гектарға жуық жерді жайпап өткен
17 Шілде, 2023
«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау жалғасып жатыр
Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
17 Шілде, 2023
700 мың теңгеден жоғары жалақыны қай сала қызметкерлері алады?
Маусым айында Электрондық еңбек биржасында 89,9 мың бос жұмыс орны және 54,5 мың түйіндеме орналастырылды. Мамыр айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 5,3%-ға, түйіндеме 26,7%-ға қысқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Шілде, 2023
Провайдерлер ұялы байланыстағы ақау себебін анықтап жатыр
Бүгін таңертең Астана, Қарағанды және Қазақстанның басқа да қалаларында ұялы байланыс пен интернетке қосылу мүмкін болмады. Дәл қазір провайдерлер байланыстың үзілу себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Шілде, 2023
Үкіметте білім саласындағы кейбір активтерді мемлекетке қайтару мәселесі қаралды
Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Шілде, 2023
Астанада тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері бойынша бірқатар объекті салынып жатыр. Оның ішінде газ жылу стансалары, сорғы-сүзгі су стансасы (ССС-3-тің 2-кезеңі), ЖЭО-3 және басқа да нысандар бар. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек инфрақұрылымдық объектілер құрылысының барысын және жылумен жабдықтау жүйелерінің алдағы жылыту маусымына дайындығын бақылады.
17 Шілде, 2023
Елімізде электр тапшылығы мәселесі ай өткен сайын өзекті болып бара жатыр. Былтыр 8 ай (қаңтар, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қараша, желтоқсан) бойы тапшылық айқын байқалған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, электр энергиясын өндіру 112,86 млрд кВт сағатты құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға аз.
17 Шілде, 2023
Рахметқажы Берсімбай: Әлем ғалымдары адам жасушасын өсіріп, органдарды жаңалайтын деңгейге жетті
Көрнекті ғалым, Клеткалы биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институтының директоры Рахметқажы Берсімбай есімі елімізге ғана емес, шет мемлекеттерге де жақсы таныс. Жақында айтулы академикпен кездесіп, әлемдік және отандық генетика ғылымы туралы аз-кем әңгімелестік.
17 Шілде, 2023
Жаңарған жылу жүйесі қаланы қалтыратпауға тиіс
Былтыр қыс ортасында жылусыз қалып, қалтыраған Екібастұз көп өңір үшін сабақ болды. Теміртауда да жылу өте кеш беріліп, тұрғындардың қатты жаурағаны да, жабырқағаны да бар. Әлбетте, енді бұл кемшілікке жол беруге әсте болмайды. Сол себепті де қазір жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Ресми ұйымдардың дерегінше, жылу құбырларының 70 пайызы ескірген. Биыл жаңартылатын құбырлардың жалпы ұзындығы 34 шақырымды құрайды. Бүгінде жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр. Межеленген шаруаның шамамен 50 пайыздайы орындалған. Металлургтер мекеніндегі жылу жүйесінің жөндеу барысы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың тікелей бақылауында.
17 Шілде, 2023