Редакция таңдауы
Смартфондағы мемлекеттік қызметтер көбейді
Жұртшылыққа ноутбук пен компьютерге үңілгеннен гөрі смартфондарды пайдалану ыңғайлы. Сондықтан мемлекеттік қызметтің көптеген түрін телефонның көмегімен алуға болатындай деңгейге қол жеткіздік. Әңгімеміз – EGov mobile мобильді қосымшасы жөнінде. 2019 жылы іске қосылған қосымшаны бүгінде 2,4 млн қазақстандық белсенді пайдаланады.
31 Шілде, 2022
Гений сөзі орыс тілінен «данышпан» деп аударылады. Данышпан – таланттан жоғарғы дүние. Яғни асқынған талант, асқан талант. Әлбетте, бұл сөзді сирек қолданамыз. Бүгін қос данышпан – Ван Гог пен Эдгар По жайын сөз етпекпіз. Егер данышпан сөзін қолдануға болатын екі суретшіні атар болсақ, бірі – Сальвадор Дали, бірі – Ван Гог болар еді. Ал бірін атар болсақ, қырман басындағы қарауылдай қарауытып Ван Гогтың жалғыз өзі қалар еді.
31 Шілде, 2022
Сарайшық – ортағасырлық қала. Аңызға бай шежірелі шәрі. Көне заманның көзіндей күмбезді мекен, ордалы орда. Сол шайыр шаһарда ханның жалғыз қызы айлы түннің алдында тізерлей отырып, қолаң шашын қайыққа төгіп тастап, тәтті көлге қарап таранады деседі. Аспанда жұлдыз біткен сол үшін туып, сол үшін өледі екен. Жанарынан жалт еткен сәулеге ұшқан құс та, жүгірген аң да байлаулы. Әйтсе де сол арудың өмірі тәтті болғанымен, тағдыры тым ащы болыпты.
31 Шілде, 2022
Өсек қусаңыз бұрын базарға не көшеге бар деуші еді, қазір әлеуметтік желіге... Есеп қусаңыз тағы сонда. Ал Мағжан айтпақшы жан ісіне өлшеніп кесек тусаңыз бізге құлақ түруге тура келеді. Бізге емес, дұрысы – әнге айналған жан сөзіне.
31 Шілде, 2022
Жетісу облысындағы оқушы қыздың өліміне қатысты әкімдік пікір білдірді
Жетісу облысының Панфилов ауданында зорланып, өлтірілген оқушыға қатысты әкімдік пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Шілде, 2022
Степногорда әскери қызметші өзіне қол жұмсады
Степногорск қаласында әскери борышын өтеп жүрген Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Шілде, 2022
Белгілі түрколог ғалым Бабаш Әбілқасымов дүниеден өтті
Көрнекті түрколог ғалым, тіл білімінің тарланы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бабаш Әбілқасымов дүнииеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Шілде, 2022
Аудан әкімдерін де халық сайлайды - Ерлан Қарин
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Telegram каналында әкімдерді тікелей сайлау бағытындағы реформаның қалай іске асып жатқанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Шілде, 2022
Былтыр қазақстандықтар 339 млрд теңге жәрдемақы алған
Биыл жыл басталғалы қорға 204 млрд теңге түскен. Оның ішінде 199 млрд теңгесі әлеуметтік төлем ретінде өтелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Шілде, 2022
Қазақстанда 3 мыңнан астам әке декретке шыққан
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемелдің айтуынша, өткен жылы 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 3 мыңнан астам ер адам мемлекеттен әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Шілде, 2022
Қостанайда субсидия қаражатын жымқырғандар сотталды
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы субсидиялары түріндегі бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Шілде, 2022
Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері қайтыс болды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы Қордай ауданында көз жұмған шекара қызметі офицеріне қатысты тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Шілде, 2022
Елордада пәтер берілетін көпбалалы отбасылардың тізімі шықты
Нұр-Сұлтанда үй кезегінде тұрғандар арасында жалдамалы баспанаға қол жеткізгендердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Шілде, 2022
Шетелдік жүк көліктері отандық тасымалдаушылардың алдын орап кетіп жатыр
Іргедегі елге салынған санкциялардың салдары Қостанайдағы көлік компанияларына да тиіп жатыр. Бұл кәсіпорындардың алысқа тауар тасымалдайтын ауыр көліктері біраздан бері жүк таппай, жұмыссыз қаңтарылып тұр. Кәсіпкерлердің айтуынша, өз компанияларын Қазақстанда уақытша тіркеуге қойып алған Ресей мен Беларусьтегі бәсекелестері санкцияларды айналып өту үшін көк туды жамылып алып, Еуроодақ мемлекеттеріне емін-еркін жүк тасып жүр.
29 Шілде, 2022
Еуропа Ресей газынан бас тартады
Ресей Nord Stream 1 (Солтүстік ағын – 1) газ құбырындағы турбинаға тосқауыл қойып, сол арқылы Еуропаға жіберілетін табиғи газ көлемін азайтуды көздеп отыр. Бұл қазірдің өзінде әлемдік газ бағасының шарықтауына себеп болды. Алда-жалда құбыр жабылатын болса, әлем әсіресе Еуропа елдері жылусыз, көгілдір отынсыз қалуы мүмкін. Бұған қарт құрлық әзір ме?
28 Шілде, 2022
Қазақстан Орталық Азияның криптохабына айналады
Пандемия жаһандық цифрландыруды жеделдетті. Бұл өз кезегінде қаржы және қор нарықтарының өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер туғызды. Әлем осы бағытта белсенді дами бастады. Жаңа қаржы құралдарын қалыптастырып, үздіксіз өзгеру үстінде. Өзгерістер негізінен дамыған елдерден басталатыны анық. Алайда мұндай құралдардың алдағы уақытта үлкен сұранысқа ие болатынын түсінген дамушы нарықтар да қатардан қалар емес. Бұл қатарда біздің Қазақстан да бар.
28 Шілде, 2022
Азия атом энергиясынан үміт күтеді
Энергетика саласындағы бағаның өсімі көптеген мемлекеттің жоспарын өзгертуге итермелеп жатыр. Мұнай мен газ құнының көтерілуі оңайға тиер түрі көрінбейді. Сондықтан шартараптың түкпір-түкпірінде балама энергетика көзі ретінде атом электр стансаларын пайдалану туралы әңгіме жиі көтеріле бастады. Әсіресе Азия елдерінде ураннан үміттенетіндер қатары көбейген.
28 Шілде, 2022
Транзиттік тасымал – табыс көзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында транзиттік жүктер үшін «жасыл дәліз» құру мәселесін қарауды тапсырған болатын.
28 Шілде, 2022
Маймыл шешегін емдеудің алгоритмін үйренеді
Денсаулық сақтау министрлігінің Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан аумағында маймыл шешегі инфекциясының пайда болуына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан шаралар жайында баяндап берді.
28 Шілде, 2022
Төрт түлігін түлеткен атам қазақ үшін мал базары таңсық емес. Енді адам саудасына да етіміз үйрене бастағандай. Адами құндылықтар құнсызданып «құтырып» кеттік пе, құл ұстауға құлшынатын болыппыз. Ресми мәліметке сүйенсек, шалғайдағы фермерлік қожалықтарында өз ықтиярынсыз жұмысқа жегілген жандар аз емес көрінеді. Қаракөз қыздарымыз «жеңгетайлардың» жетегінде кетіп, бала сату деректері дендеп барады.
28 Шілде, 2022