Редакция таңдауы
Президент саяси реформаларын наурыз айында ұсынады
«Qazaqstan» ұлттық арнасына сұхбат берген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде бірқатар саяси реформалар жүргізіліп, нәтижесінде біраз өзгеріс болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
17 Ақпан, 2022
Алдағы уақытта облыс әкімдері сайлана ма?
Мемлекет басшысы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбаты кезінде елдегі болып жатқан кадрлық өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Ақпан, 2022
Президент Елбасына халықтың наразылық білдіруіне қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында Тұңғыш Президентке және оның отбасына халықтың наразылық білдіруіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
17 Ақпан, 2022
«Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді» – Президент билікке қарсы шыққандар туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта елімізде жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформаларға қатысты сұхбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz. Мемлекет басшысының маңызды сұхбаты «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан көрсетілді.
17 Ақпан, 2022
Райымбек Баталов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы төрағасының міндетін атқарушы қызметіне сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Ақпан, 2022
АЭС қай өңірде салынады? Энергетика министрлігі жауап берді
ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстанда салынуы мүмкін АЭС-тің орны туралы пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
17 Ақпан, 2022
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Ақпан, 2022
Ауыл шаруашылығына берілетін субсидия екі есе көбейеді
Қазақстанда ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін субсидия екі есе көбеймек. Салаға жауапты ведомства басшысы осы мақсатта үкіметтен қосымша 70 миллиард теңге сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
17 Ақпан, 2022
Сенат Жоғарғы Соттың судьясын қызметінен босатты
Сенат Жаңылсын Арқарованы Қазақстан Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Ақпан, 2022
«Қасіретті қаңтар»: 728 адам қамауда отыр
«Әлеуметтік желілерді шарлап кеткен «Алматыда ортағасырлық үлгідегі жазалауға арналған «азаптау камералары» жасақталып жатыр» деген ақпараттар жалған. Мұндай болған емес, болмайды да!» Бұл жөнінде ІІМ-де өткен брифингте Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді.
17 Ақпан, 2022
Шетел асқан қаражат қалай қайтарылады?
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасы қаралды. Құжатты талқылау барысында депуттаттар шетелге заңсыз кеткен капиталды елге қайтару бойынша мәселе көтерген еді.
17 Ақпан, 2022
Еңбек пәнінің ендігі сипаты қандай?
Еліміздегі мектептер жаңартылған білім бағдарламаларына толық көшкен болатын. Жақында аяқталған осы реформа бойынша орта білім беру ұйымдарындағы бейнелеу өнері (яғни, сурет), сызу сабақтары алынып, оның мазмұны бұрынғы еңбекке баулу пәніне кіріктіріліп көркем еңбекке айналды. Жуырда механик, құрылысшы, дизайнер, архитектор, ағаш пен металл шеберлерін қалыптастыруға ықпал ететін пәннің қалай өтетінімен таныстық.
17 Ақпан, 2022
Қарулы күштердегі жемқорлық ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіреді
Ел Президенті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте жемқорлықтан таза қоғам қалыптастырудың алғышарттары туралы айта келіп: «Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз. Сонымен бірге, жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау және ашу жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз», деді.
16 Ақпан, 2022
Ақылбек Күрішбаев: Парламентте ықпалды аграрлық лобби жоқтың қасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты бірқатар тапсырма жүктегені белгілі. Осы саланың жай-күйі, оған құрылымдық өзгерістер енгізу, мемлекеттік қолдау тетіктерін реттеу жөнінде сенатор Ақылбек Күрішбаевтың пікірін білген едік.
16 Ақпан, 2022
Банкрот болудың талабын білген абзал
Жеке тұлғаларды банк алдында өзін банкротпын деп жариялауға мүмкіндік беретін заң жобасы жақын арада қабылданбақ. Осыдан бірнеше күн бұрын ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында заң жобасы жарияланып, көпшілік талқысына ұсынылды. Жоба 23 ақпанға дейін талқыланады.
16 Ақпан, 2022
Үлкен жазушы Мұхтар Әуезов «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп баға берген Сүйінбай Аронұлының бейнесі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары төл валютамыз «үш теңге» арқылы көпшілікке таныс болды. Ақынның бұл фотосы өзі дүниеден өткен соң жетпіс жылдан кейін салынса, оны бейнелеген адам қазақ сурет өнерінің майталманы Әбілхан Қастеев екен.
16 Ақпан, 2022
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметінің іздері Ақтөбе өңірінде қалса да, сол кезең куәгерлерінің естеліктері дер кезінде жинақталмай қалған. Ұлт ұстазының мектебінен оқып, тәрбие алған қариялар Мұғалжар, Алға, Темір аудандарында көп ұшырасатын. Бұлай дейтініміз, 1895 жылы Орынбор мұғалімдер семинариясын бітірген 23 жастағы жас ұстаз Ақтөбе уезінің Қарағаш болысындағы Батпақты ауылында ашылған 4 басқыштық мектепте екі жыл сабақ беріп, осы төңіректегі талай баланың сауатын ашты.
16 Ақпан, 2022
Үйіп-үйіріп құйындата соғатын жел құмды өңірді қабырғалата, айғыздап тастаған: аттың шашасынан келеді, кей-кейде құм көшіп тұрады, бел-белеңі, төбе-қырқасы жаңарып жатады. Бірде қатқылға тартатын қасқа жол біраздан соң құмдауытпен еміс-еміс көрінеді, бусанған із құмды жауып жатады. Құмды өңірде әр бұтаның бағытына ой-жобаң жетпесе, мәңгіріп қаласың. Қауіп-қатерден сүрінбей өтуің алғыр ақылыңа, көрегендігіңе байланысты.
16 Ақпан, 2022
2022 жылға 22 банкпен аяқ бастық. Былтыр төрт банк нарықпен қош айтысты. Оның екеуі Орифджан Шадиевке тиесілі AsiaCredit Bank (ақпан) пен Capital Bank (маусым) болса, бірі – Jusan Bank-ке жұтылған АТФБанк (қазан). Төртіншісі – Пәкістан Ұлттық банкінің еншілес банкі. Мамыр айында өз еркімен лицензиясын қайтарды. 2021 жылы сектордың жиынтық активі 20,7 пайызға өсіп, 37,6 трлн теңгені құраған. Алғашқы бестікте – Halyk Bank (11,6 трлн теңге), «Сбербанк» (4,2 трлн), Kaspi (3,6 трлн), «Отбасы банк» (2,8 трлн) және Jusan (2,6 трлн).
16 Ақпан, 2022
Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың портреті жасалды
Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың портретін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2022