Редакция таңдауы
Қазақстанда 12 градусқа дейін аяз болады
Қазақстанда 12 градусқа дейін аяз болады. «Қазгидромет» синоптиктері 17-19 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Сәуір, 2021
ҰБТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz «Ұлттық тестілеу орталығына» сілтеме жасап.
16 Сәуір, 2021
Жолайрықтар қала көшелерінің тынысын ашады
Жыл өткен сайын Шымкенттегі қалаішілік жолдардың тынысы тарылып, көлік кептелісі көбейе түсуде. Әсіресе қаланың орталық көшелері автокөліктерден иін тіреседі.
16 Сәуір, 2021
Отаршылдықтың езгісінен есеңгірегеніміз сонша, Кенесарының басы ғана емес, Абайдың жеке жазбалары сақталған сандыққа да ие бола алмай қалыппыз-ау. Абайдың үйін тінткенде «ішінде не сайтан бар?» деп, Омбыға әкеткен жерінен қайтарылмағаны «Egemen Qazaqstan» газетінде де жазылды. Сол қалпы сол жерде қалды ма, босқындармен бірге шетел асты ма, өртеніп күлге айналды ма, белгісіз екені айтылды. Не болса да Абайдың шешілмеген бір жұмбағы сол сандықта кеткендей көрінеді. Өткен жылдың соңында шыққан Абай шығармаларының үштомдық академиялық толық жинағын қолымызға ұстаған бетте, кейінгі кездері құлағымыз шалған осы әңгіме бірден ойымызға оралды. «Абайтанушы Зарқын Тайшыбай айтып жүрген бұл сандық іздеуге тұратын үміт бар дүние ме? Осының басын ашып берсеңіз, бек жақсы болар еді» деген сұрағымызға жинақты шығарушы топ жетекшісі, әдебиеттанушы ғалым Кенжехан Матыжанов: «Бұл басы ашық мәселе, әрине іздеуге тұратын асыл мұрамыздың біреуі. Абай тағдырына қатысты әлі де іздейтін дүниеміз өте көп. Абайдың көрген соққысы еліміздің тарихындағы басынан ұрып есеңгіреткендей ең бұралаңы көп жолдың бірі болғанына тәуелсіздік алғаннан кейін көзіміз жетіп отыр. Абайдың өз өмірі де, шығармашылық ғұмырбаяны да талай шырғалаңға түскен. Оны бұрынғыдай өз ортасынан көру аз, отаршылдықтан да көру керек. Патша өкіметінің тұсындағы Абайдың үйін тінтуді айтпағанда, Кеңес өкіметінің кезіндегі тоналған дүниесі орны толмас орасан зор шығын деуге болады», деп жауап берді.
16 Сәуір, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында соңғы жылдарда түрлі себептерге байланысты бәсеңдеп қалған қандастар көшін барынша қолдап, алыстан келген ағайындарды еліміздің демографиялық жағдайы мәз емес солтүстік және шығыс өңірлерге орналастыруды жандандыру қажеттігін қадай айтқан болатын.
16 Сәуір, 2021
Ежелгі гректердің әңгіме жанры шеберлерінің бірі, аңызға айналған сықақшы, мысал жанрының атасы Эзоптың есімі б.з.б VІ ғасырлардан белгілі.
15 Сәуір, 2021
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Сайлау Батырша-ұлы ғүмырының елу жылын мемлекеттік қызметке, соның ішінде ел мен елді табыстырған дипломатия саласына арнаған тұлға екенін ел жақсы біледі.
15 Сәуір, 2021
Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады
Құқық қорғау органдары әлемдегі «көлеңкелі бизнестің» көш басында адам, қару-жарақ және есірткі саудасы тұрғанын айтады. Аталған қылмыстардың алғашқы екеуі Қазақстанда қарқын алып тұрмағанымен, есірткі саудасына қатысты жағымсыз жайттар әлі де тыйылар емес.
15 Сәуір, 2021
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған
Өз тіліңде сөйлеп, салт-дәстүріңді ардақтап, тіліңді құрметтейтін өзге ұлттың өкілін көргенде бауырмалдық сезім пайда болып, ет жүрегің елжіреп қалары бар. Оның үстіне Пайғамбарымыздың хақтығына, пейіліміздің ақтығына құлай беріліп, дінімізге кіріп жатса ше?..
15 Сәуір, 2021
Бензин бағасы кетті шарықтап...
Ішкі нарықта бензин бағасы тағы да қымбаттай бастады. Жанар-жағармай құнының шарықтауы еліміздің барлық өңірінде байқалған. Қазақстан 2015 жылдан бері мұнай өнімдерінің бағасына қадағалау жүргізбейді. Ол нарық заңымен реттеліп отыруы тиіс. Баға шарықтауына әсер етіп отырған басты фактор не? Жыл соңына дейін бензин бағасының өсуі рекордтық межеге жете ме? Ендігі қадам қандай болмақ?
15 Сәуір, 2021
Азия чемпионатында алты жүлде бұйырды
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен Азия чемпионаты аяқталды.
15 Сәуір, 2021
«Шарын» мен «Алтын-Емел»: ұлттық парктерінің жер телімдері пайдаланылады
QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі «Алтын- Емел» және «Шарын» ұлттық парктерінің жер телімдерін туристік-рекреациялық қызметті жүзеге асыруға ұзақ мерзімді пайдалануға беру үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жариялаған конкурсқа қатысатынын хабарлаған болатын. Байқау қорытындысы бойынша QazaqGeography РҚБ Шарын мен «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері бойынша жеңімпаз ретінде таңдалды.
15 Сәуір, 2021
Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны 18 млн 917 мыңнан асқанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
15 Сәуір, 2021
Мемлекет басшысына екі өңірдің әкімі есеп берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан және Павлодар облыстарының әкімдерімен өңірлерде қалыптасқан қазіргі санитарлық-эпидемиялық және әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
15 Сәуір, 2021
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Павлодар облысы Ақтоғай ауданына қарасты ауылдардың бірінің қоқыс үйіндісінде Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы жатқаны туралы желіде жазба пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz
15 Сәуір, 2021
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
13 сәуірде қардың қарқынды еруінен Тюнтюгур өзені арнасынан асып, Қарасу ауданының Қарамырза ауылында 39 тұрғын үйді су басты, деп хабарлайды Egemen.kz Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Сәуір, 2021
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Солтүстік Қазақстан облысы «Смирнов» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бухгалтері 10 млн теңгеден артық мемлекет қаржысын қалтасына басқан, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
15 Сәуір, 2021
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Батыс Қазақстан облысында жанармай дағдарысы әлі реттелген жоқ. Бүгінде өңірдегі жекелеген май құю бекеттері бензин сатуды мүлдем тоқтатқан. Ал облыстың шалғай аудандарында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 200 теңгеге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.
15 Сәуір, 2021
Індеттің бетін вакцина қайтара ма?
«Пандемия», COVID-19, «коронавирус» тақырыптары қанша жерден жауыр болса да, індеттің қаупі сейілмей, бұл мәселені айналып өте алмаймыз. Сондықтан жаһанға ортақ бұл дағдарысқа қатысты әлем елдерінің әрекеттерін жіті бақылап келеміз.
15 Сәуір, 2021
Нанның қадір-қасиетін ұмытпайық
Ашаршылық жылдары адамдар тамағына талғажау таба алмай қырылды. Ал замандастарымыз аста-төкке масайрап, қолда бардың қадірін білмей жатқанда, нанның қасиетіне қалай жетпекпіз?
15 Сәуір, 2021