Редакция таңдауы
Жылдың басында мұнай қымбаттап, ресейлік рубль нығайған кезде теңге де күшейеді деген болжам жасалған еді. Бірақ ол болжамның «ғұмыры» үш айға да жеткен жоқ, теңге құлдырап кетті.
07 Сәуір, 2021
Тарих толқынындағы сабақтастық
Көргісі келмес қасақы біреу болмаса, бүгінгі Түркістанның кісі танымастай зәулімденіп, тарихи жәдігер шаһардың бір демде ақ шаңқан жаңа қалаға айналып, мүлде тың өріске шыққанын көрер еді. Ақ шаңқан үйлерге қарап отырып, Түркістанның осындай сәтке қалай жеткенін ойлайсың. Облыс орталығын қолмен құрып жатқан басшы, қосшы азаматтарға ризашылық айтқың келеді. Кейбір сәтіне өзің қатысқан, тағы бір сәттерді архив айғақтайтын қуанышты кезеңдер картинаға айналып, елес болып көз алдыңнан өтеді.
07 Сәуір, 2021
Ділдәмен алғаш танысып, әңгімеге тартқанымызда жеңін тартқылап, қолын тыққыштап бақты. Жанарымыз еріксіз сол жең жасырған қолға ауды. Өзі де сезді білем:
07 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанда жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтың 45 пайызын мал ұрлығы құрайды екен. Мұндай қылмыстың орын алуына мал иелерінің өздері де кінәлі. Ол туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев онлайн форматта өткізілген халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
07 Сәуір, 2021
Қытайдың кезекті бесжылдық жоспары
ЛОНДОН. Қытайдың заң шығарушы органы Бүкілқытайлық халықтық конгрестің биылғы жиыны – кейінгі кезеңдегі маңызды оқиғаның бірі. Қазіргі таңда Қытай сыртқы саясатта қиын жағдайға тап келіп отыр. Яғни елдің саяси қуғын-сүргіні мен мәжбүрлі дипломатиясына қарсы мемлекеттердің саны күннен-күнге артып келеді. Сондықтан экономикалық даму моделіне тиісті өзгертулер енгізу бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Бүгінде Қытай көшбасшылары «орта таптың табыс тұзағы» деп аталатын ұғымды айтудан қанша жерден басын алып қашқанымен, олардың бұл қауіптен құтылуға кіріскені айдан анық аңғарылады.
06 Сәуір, 2021
Қазақ деген халықтың бір ерекшелігі, қазіргіше айтсақ бренді – қонақжайлық. Ұлтымыздың осынау дарқан пейілімен мақтануымызға да болар. Рас, біреулер оны орынсыз көреді, дарақылыққа да балайды. Сол қонақжайлық тегінге түспейді, әрине. Қонақ келсе, жалғыз атын сояды демей-ақ қояйық, қолда барын аямайтыны анық. Есептеулі дүниеде сол қонаққа шығынданатыны біраз қиындық та туғызады. Бірақ біреуге жақсылық жасау, риза ету де тегінге түспейді. Соған барған соң да, басқалар халқымыздың жомарттығын бағалайды.
06 Сәуір, 2021
Вакцина ел ғылымының барометріне айналды
Пандемия құрсауы планетаны босатар емес. Үшінші толқын деміктірген кәрі құрлықтағы мемлекеттер шараларды қатаңдатып, вакцинаға үміт артып отыр. Алайда, вакцина бәріне бірдей жетпей жатыр.
06 Сәуір, 2021
Африка мектептердегі жағдайды қалай реттеуі керек?
АБИДЖАН. 15 жастағы сенегалдық қыз Хадидиату Фолл қайтадан мектепке барғысы келеді. Коронавирус пандемиясына байланысты оның мектебі былтыр жыл бойы жабық болған-ды. Сабақ онлайн түрде өткенімен, ол мекендейтін кішігірім қала Руфисте интернет дұрыс ұстамайды. Сондықтан ол маңызды сабақтарды жиі өткізіп алады. Осылайша, білім алуға деген үмітінің күлі көкке ұшты.
06 Сәуір, 2021
Кинотеатрлар коронавирус құрбанына айналды
Былтыр елімізде 368 кинозалы бар 102 кинотеатр қызмет көрсеткен еді. Биыл іске қосылған 89 кинотеатрдың жұмысы енді жандана бастады ма дегенімізде, карантин шектеулері қайта килікті. Кинокөрсетілім нарығының ең ірі сегменті саналатын Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы 31 кинотеатр жұмысын тоқтатты. Осы ретте Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқармасы төрағасының кеңесшісі Бауыржан Шүкенов Қазақстандағы кинотеатрлардың қазіргі жағдайынан хабардар ететін бірқатар деректі атап көрсетті. Оның айтуынша, кинотеатрлар – коронавирустың құрбанына айналды, бірақ оны құтқаруға ешкім құлықты емес.
06 Сәуір, 2021
Жемқорларды жұмысқа қабылдағандарға да айыппұл салынады
Бұрынғы жемқорларды жұмысқа қабылдағаны үшін 300 мың теңгеге дейін айыппұл салынады, деп хабарлайды Egemen.kz
06 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцина алуға жазылу басталды
Елордада егу пункттері көбейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Сәуір, 2021
7 сәуірге арналған ауа райы болжамы
7 сәуірде республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Сәуір, 2021
Данияр Кожан: Қазақты әлем таныса деймін
Алты құрлықты аузына қаратқан Америка құрама штатынан жер жаһанға тарайтын «Freedom FM» радиосынан «Qazaq Time» бағдарламасы ашылғанын бұған дейін сүйіншілеп жазған едік. Нью-Йорктан желіге шығатын радио аптасына бір мәрте қазақтың күмбірлі күйі мен әсем сазын, ұлттық құндылықтарын насихаттайтын хабар таратады. Осынау ақжолтай бастаманы қолға алған Нью-Йорк қаласында тұратын қазақ баласы Данияр Кожан. Күні кеше Алматыға келген Даниярмен жүздесіп, әңгімелесудің сәті түскен еді.
06 Сәуір, 2021
8 мыңнан астам адамға екпе егілді
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған шаралар атқарылып жатыр. 1 сәуір күні өңірде Covid-19 індетіне қарсы вакцинаны 8 653 адам алды.
06 Сәуір, 2021
Несие тарихын жақсартудың жолы қандай?
Несие тарихы банк секторындағы аса нәзік мәселе санатына жатады. Оны мүлде жойып жіберу мүмкін емес. Бірақ жақсартуға болады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық несиелеу сегментін реттеу және халықтың борыштық жүктемесін тежеу туралы мәлімдемесінде осы мәселеге назар аударған.
06 Сәуір, 2021
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп!». Ұлы Абайдың осы ғибратты тәмсілі тіл ұшына оралған сайын осыдан екі жыл бұрын Қап тауының баурайындағы Қабарды-Балқар Республикасына жасаған сапар ойыма түседі. 2019 жылдың қазан айында ҚБР халық ақыны, ҚБР және РКСФР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Әлім Кешоковтың туғанына 105 жыл толуына арналған халықаралық поэзия фестиваліне қатысып едік.
06 Сәуір, 2021
Ілеспе жүкқұжат электронды түрде ресімделеді
Мемлекеттік қызметтер мен құжат айналымын цифрландыру мақсатында тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттары енгізілуде. Бұл көлеңкелі экономика айналымының жолын кесу үшін жасалған қадам.
06 Сәуір, 2021
Еліміздің батысындағы көпсалалы медициналық-профильді мекеме –Ақтөбе Медицина орталығындағы жоғары санаттағы кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Берік Қасымов басқаратын кардиохирургия бөлімшесінің дәрігерлері жүрек науқасына шалдыққан талай азаматты аяқтан тұрғызған кәсіби мамандар. Соның бір дәлелі, былтыр шілденің басында коронавирус өршіген тұста кардиохирургия бөлімшесінің қызметкерлері өз өмірін қатерге тіге отырып, өкпені жасанды желдету аппаратының күші жетпеген науқастарды аман алып қалды.
06 Сәуір, 2021
Халық мемлекеттік қызметтер сапасына разы ма?
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2020 жылы 70 мемлекеттік қызметті көрсету сапасына қоғамдық мониторинг ұйымдастырды. Оның қорытындысынан халықтың еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалық деңгейінің қандай екенін шамалауға болатындай.
06 Сәуір, 2021
Қасиетті Түркістан өлкесі – талай ғұлама ғалымдар мен ақын-жазушылардың, әулие-әнбиелердің, елді аузына қаратқан өнер адамдарының, әлемде теңдесі жоқ «қара күш иесі» атанған Қажымұқанның мекені болғаны әмбеге аян. Әлем мұсылмандары оны «Екінші Мекке» деп те атайды. Осы Түркістаннан түлеп ұшқан орта буын ақындарымыздың бел ортасында болуға құқы бар, бірақ республикамыздың көп оқырмандары біле бермейтін, тасада қалып қойған таланттың бірі – ақын Сұлтанқұл Сәметов дер едім.
05 Сәуір, 2021