Редакция таңдауы
Алматы облысында эпидемиялық ахуал асқынып барады
Жұқпалы індеттің таралуы жөнінен «сары аймақта» тұрған Алматы облысындағы эпидемиялық ахуал асқынып бара жатқандай. Өйткені, өткен бір тәулікте өңірде 104 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Осылайша облыс ел бойынша анықталған науқастар саны бойынша Алматы қаласы мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі орынға шығып отыр, деп хабарлайды Еgemen.kz
25 Наурыз, 2021
Жерді жалға алғандардың ашық тізімі болуы керек – Жигули Дайрабаев
Жер пайдаланушылардың кім екенін жердің нақты иесі — халық білуі шарт. Бұл туралы Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Наурыз, 2021
Ақсу-Жабағылы қорығында қар барысы тағы да фототұзаққа түсті
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында қар барысы тағы да фототұзаққа түсті. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Наурыз, 2021
Тараз қаласының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Наурыз, 2021
Ұлттық анимация өнерінің бүгінгі жаңалықтары қандай?
Бүгінде анимация – балалардың ғана қызығы емес, ересектердің де ермегіне айналған жеке өнер түрі. Белгілі кинорежиссер Ф.Хитрук: «Мультипликация – бұл ғажайып. Біз бұл жайлы ұмытпауымыз керек», дейтін еді. Ұлттық анимация өнері жайында сын аз айтылып жүрген жоқ. Десе де анимация өнерінің бүгінгі ахуалы мен осы саланың дамуына үлес қосып жүрген белгілі режиссер-аниматорлар қолтаңбасындағы кейінгі жаңалықтарды сұрастырып көрдік.
25 Наурыз, 2021
Былтыр республикалық бюджеттен Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарына бөлінген субсидияларды алуға өңірдегі шаруа қожалықтарынан 5 мыңнан аса өтінім келіп түсті. Әсіресе жеке қожалықтар мал азығына субсидия алуға айрықша ынталы болды.
25 Наурыз, 2021
Солтүстік Корея екі зымыран ұшырды
Оңтүстік Кореяның Штабтар бастықтарының комитеті (JCS) солтүстіктегі көршісінің екі снаряд-ұшақ ұшырғанын хабарлады. Қысқа қашықтықта ұшатын зымырандар теңізге қарай бағытталған.
25 Наурыз, 2021
Қазақ халқына әділетті қоғам, өркениетті ел мен дамыған орта туралы түсінік жат емес. Қай заманда болсын халқының әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігін жақсартып, жайлы өмір сүруін аңсаған тұлғалар аз болған жоқ. Жұртының дәулетті өмір сүруіне ықыласты болған арыстардың асқақ арманы мен биік мақсаты бүгінгі ұрпаққа өсиет болып жеткендей.
25 Наурыз, 2021
Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталған ойын, әсіресе, балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулитын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі «қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа қой» немесе «асығы алшысынан түсті», «бүге-шігесіне дейін анықтау» т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: «алтын асықтай» немесе «киіктің асығындай шымыр» деп атайтын үрдіс бар. Мұндай фразеологизмдер асықтың символдық мәніне қатысты қалыптасқаны анық. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бастап, аталған ойын заманға сай жаңарып жандана түсуде. Жуықта ғана Мәдениет және спорт министрінің №52 бұйрығымен (26.02.2021) Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілді. Осы тізімде көрсетілген ұлттық мәртебеге ие тоғыз спорттың бірі ретінде – асық ату таңдалды. Осы орайда, республикалық Асық ату федерациясының атқарушы директоры, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Жомарт Сабыржанұлына жолығып, асық ойынының қазіргі жай-жапсары, болашақ жоспары жайлы әңгімелескен едік.
25 Наурыз, 2021
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Әулиеата өңірінде лайықты деңгейде ұйымдастырылуда. Күн мен түннің теңеліп, айдың жаңа туған сәтінде жергілікті жұртшылық аймақты абаттандыру жұмыстарына кірісіп кетті. Сонымен қатар Тараз қаласының бірқатар жерлерінде Наурыз тойы тойлануда.
25 Наурыз, 2021
Домалақ ана (тәуелсіз Қазақстан тарихында жазылған екінші опера)
Ұшы-қиырына көз жетпейтін ұлан-ғайыр дала. Алыстан керуен көрінеді. Ұзақ жорықтан келе жатқан жауынгерлер. Көш басында Бәйдібек батыр, би, қолбасшы... Алдымен осыншама ауқымды оқиғаны шағын дерлік сахнаға сыйғызған театр мамандарының кәсіби шеберлігіне сүйсінгенбіз.
25 Наурыз, 2021
Махаббат Бигелдиев: Қайта жаңғырту ісінің жауапкершілігі зор
Бүгінде тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, киелі орындардың маңызын арттырудың рухани және экономикалық әлеуеті зор. Ұлы дала тарихындағы құндылықтардың халықаралық маңызға ие болуы еліміздегі туризмнің дамуына ықпал ететінін айғақтап отыр. Байтақ Отанымыздың қай өңірін алсақ та өзінің табиғи, тарихи өзгешелігімен құнды. Осы орайда еліміз өңірлеріндегі тарихи ескерткіштерді қалпына келтіріп отырған «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Махаббат Бигелдиевпен әңгімеміз тарихи-мәдени ескерткіштер мен рухани нысандарды жаңғырту, қайта қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар туралы өрбіді.
25 Наурыз, 2021
Қазақстан XXI ғасырдың басында қоғамдық-саяси бағытын орнықтырып, әлемдік қоғамдастықтың жауапты әрі сенімді серіктесі ретінде танылды. Бұл Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының өзара үйлесімділік пен ынтымақтастыққа, іскерлік пен кәсібилікке негізделуімен түсіндіріледі.
25 Наурыз, 2021
АҚШ-Қытай: Аляскадағы келіссөз нәтижесі қандай?
Өткен аптада Аляскада АҚШ пен Қытай өкілдері кездесіп, екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылады. Бұл кездесу Джо Байден АҚШ президенттігіне сайланғаннан кейін алғаш рет өткізіліп отыр.
25 Наурыз, 2021
Пандемия сақтандыру саласының портфелін әртараптандырды
2020 жылдан бері сақтандыру компанияларының порфелі әртараптандырылып, қосымша қызмет көрсету бағыттары пайда бола бастады, деп жазады Egemen.kz Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы таратқан дерекке сілтеме жасап.
24 Наурыз, 2021
Ет экспорты елді мал бағуға ынталандыра ма?
Еліміздегі мал басы мыңғырған аймақтың көш басында Жетісу өнірі тұрғаны аян. Бұған соңғы бірер жылдың көлемінде облыстағы төрт түліктің саны мен одан алынатын өнімнің де нақты көрсеткіші 3,7 пайызға артқаны дәлел болмақ. Ал мал басының көбеюі ішкі нарықты таза ет өнімдерімен қамтуға жол ашып отыр. Тіпті, шетелге ет экспорттаудан да Алматы облысының асығы алшысынан түсіп тұр деуге болады.
24 Наурыз, 2021
Тегеурінді жырау, текті ақынның ел ішіндегі шығармашылық байланыстары туралы айтылғанда, ең алдымен қаперге алынатыны – оның Жетісу ақындарымен дос-жаран, өнер адамы ретінде тығыз араласқандығы. Туып-өскен өлкесі Жетісу өңірі болғандықтан да, Жамбылдың көбірек қарым-қатынас жасағаны өзінің жерлестері болып келуі табиғи нәрсе. Ал оның басқа өңірдің сөз шеберлерімен байланысы болды ма, жоқ па, деген мәселе арнайы ауызға алына бермейді. Тіпті Жамбылдың Жетісудан өзге өлкелердегі өнерпаздармен шығармашылық әрі тұрмыстық деңгейдегі аралас-құраластығы жөнінде соңғы жылдары мүлде ескерілмей бара жатыр.
24 Наурыз, 2021
Маң-маң басқан ғасырлардың ізіне түссеңіз мұқым түркі жұртының толағай тұлғасы менмұндалап шығады. Сақи дүниеде салтанат құрған бабаларымыздың бауырға басқан бар ізгілігі сарқырап аққан бұлақтай көңіл дариясына құяды келіп. Уығы аспанға ұмсынған ұлттың көкірек көзіне дәл осы күні ыстық жүректің алқымындағы алғаусыз жас ұйиды. Жаңа жылда бейтаныс бір сезім бойды билеп, көктеме лебі жан ерітеді. Содан ба Ұлыстың ұлы күні балбал тастарға басымызды сүйеп жылардай күй кешетініміз бар. Бұл – толайым тарихтың таңғажайып сыйы, сарқылмас сарқыты.
24 Наурыз, 2021
Қостанай облысында мұз жару жұмыстары жүріп жатыр
Қостанай облысында өзендер мен су қоймаларындағы мұз жару жұмыстары жалғасуда. Сең қозғалғанша жүретін мұндай шаралар су тасқынынан төнетін қауіптің алдын алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Наурыз, 2021
Өткен тәулікте елордада айлық нормадан көп қар жауды
Өткен тәулікте елордада 26 мм-ден астам қар жауды, бұл айлық нормадан 8 мм артық, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
24 Наурыз, 2021