Пікірлер .
Абай мен домбыраны құрметтеп...
Дүниеде тек Құдай мұңсыз. Тәңірінің құдіретін көрем десең тауға бар. Жалғыздық Құдайға жарасар. Таңғы нәсіп – Тәңірден. Жыртық үйдің Құдайы бар. Құдайсыз қурай сынбайды. Осылай жалғаса беретін қазақтың Құдай туралы сөзінің қашан, қай ғасырда қолданысқа енгенін нақты білмесек те, әзелден жаратылыстың сыры мен сипатын тереңінен тануға құштар екенін көреміз. Халқымыздың қанындағы толеранттылықтың тамыры табиғатпен етене туған жаратылыс тілін жүрекпен түсінуде болар, бәлкім.
14 Қыркүйек, 2022
Әділетті Қазақстан инклюзивті институттардан басталады
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам». Инклюзивті сипатты айқындайтын ізгі ұғымдар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының атауы мен мазмұнынан адам арманын іске асыруға жетелейтін осы асыл мұратты көрдік. Бұл – қоғамды қуантатын қағидаттар.
04 Қыркүйек, 2022
Алакөл – еліміздің інжу-маржаны. Көрер көзге көркем көкпеңбек көл беті көңілді қытықтап, айдыннан ескен ақ самал жан-дүниеңізге айрықша барақат сыйлайды, ақ жал толқынға жанай ұшқан ақ шағалалар сезімді қытықтайды, күн қыздырған құмның ыстығы сүйегіңізге дейін сіңіп бойды балқытады, жеңіл ғана тұзды су сансыраған сананы да, қалжыраған тәнді де сергітеді. Аз күнде құр аттай қунақ қағып, күш-қуат жинап шыға келесіз. Бұл – Тарбағатай мен Барлық жоталарының, Тоқта тауының ортасындағы табиғаттың тамаша тартуы.
04 Шілде, 2022
Жуырда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әлеуметтік желідегі парақшасын ашты. Үш күннің ішінде Үкімет басшысының парақшасына 23 мыңға жуық желі қолданушысы жазылды. Әрине, бұл ресми аккаунт болғандықтан жазылым бойынша көрсеткіштерді белгілі блогерлермен салыстырудың қажеті жоқ. Маңыздысы, алғашқы күннің өзінде-ақ желідегі жұрт 1200-ден астам пікір қалдырып үлгерген.
05 Сәуір, 2022
Ел Президентінің парасаты мен пайымы, сөзі мен ісі қабысатынына жұртшылықтың көзі жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы тоқетер сөзі ұзақ уақыт назардан тыс қалған қазақы өңірлерді тоқ қылар қадамның басы болғай. Қаймана қазақтың тілегі осы. Семей, Талдықорған, Жезқазған, Қапшағай орталықтары болатын Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстары сияқты жаңа әкімшілік аумақтарды құру жөніндегі ұсыныс шын мәнінде бұқараны бір серпілтіп тастады.
18 Наурыз, 2022
«Күміс кездік сүйкімді» дегендей, көптен бері қоғамда қызу пікірталасқа негіз болған Pfizer вакцинасының алғашқы легі елімізге жеткізілді. Pfizer вакцинасының 46 800 дозасы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған қоймасына орналастырылды. Бұл партия алып шаһардың барлық емханалық ұйымына бөлінбек.
12 Қараша, 2021
Тастай берік, гүлдей нәзік адамзат баласының басына тиген пандемия соққысы қаншалықты есеңгіретіп жіберсе де, әлем біртіндеп ес жинап, өзінің күш-жігерінің сарқылмағанын, Жер шарында әлі талай жарқын сәттер болатынын дәлелдей бастады.
27 Тамыз, 2021
Ілкіде интернеттен араб елдерінде ауқатты қожайындардың кейбір жабайы аң-құстарды асырап, дұрысы ермек қылып отырғанын көріп таңғалатын едік. Гепард, гиена, арыстан сияқты түз тағыларын кең сарайларында ұстап, қымбат көліктеріне отырғызып алатын мұсылман елдерінің байшыкештеріне таңдайымызды қағатынбыз да қоятынбыз. Кейінірек елімізде де қасқыр, тауыс сияқты аң-құстарды коттедждерінде ұстап отырған азаматтар туралы ести бастадық. Әлбетте, әуелі тордағы түз тағысына жаныңыз ашиды. Әйтсе де ен дала еркесінің еркіндігін шектегендердің қасында шектен тыс аңшылыққа бой алдырғандар қауіпті ме, қалай?!.
22 Қаңтар, 2021
Қазір қалта телефонымызда қажетті дүниенің бәрі бар. Дүкенге барып сауда жасаймыз. Бұрынғыдай әмиянды ұстамайтын да болдық. Банктің несиесін де бір орыннан қозғалмай отырып-ақ өтей береміз. Банк бөлімшесіне шабылудың қажеті жоқ. Жол жүру немесе концерттік кештердің билеттерін де телефонға үңіліп отырып сатып аламыз.
08 Желтоқсан, 2020
«Тик-токқа» тоқтам салу керек пе?
Жуырда интернеттегі «Тик-ток» желісінде биыл 175 жылдығы аталып өтіп жатқан Абай Құнанбайұлының суретіне жан бітірген бейнетаспасы таралып, әп-сәтте мыңдаған көрілімге ие болды.
07 Қыркүйек, 2020
Он шақты жыл бұрын Семейде Алаш зиялыларына қойылмақ ескерткіштің эскизі қолымызға түсті. Қолында балғасы мен орағы жоқ демесеңіз, шомбал жұмысшы бейнесіндегі әсіреұраншыл пролетариаттың бейнесі болып шыққанын көріп қарадай қарнымыз ашқан. Сонан соң қалалық мәдениет бөліміне хабарласып, мән-жайды біліп мақала жазған едік. Алаш арыстарына тән зиялы келбеттің кескініне сұрау салғанбыз.
01 Қыркүйек, 2020
Кеше ұялы телефонымызға әлдебір спорт ғимаратына кереуеттерді қаптатып қойып жатқан бейнетаспа келіп түсті. Зер салсақ, Covid-19-ға қарсы стационарлық аурухана дайындап жатқан көрінеді. Дұрыс шешім екен дестік. Бастапқыда бұл Өскемен қаласындағы О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі екен десті.
30 Маусым, 2020
Психиатрия ілімінде «анахорет» деген ұғым бар. Грек тілінен аударғанда «аулақ кету», қазақы танымға салсақ «арқасын беру» дегенді білдіреді. Әлбетте, психологиялық ауытқуға жақын саналатын бұл қалып көбіне табиғи қауымдасып тіршілік сүруден безініп, тұйықталуды, қоғамдық өмірден тыс, ешкіммен қатынаспағанды қалайтын адамның еркіндегі таңдау болса керек. Әсіресе көңілінде зор күйзеліс болған, тіршіліктің таяғынан есеңгірете соққы алған адамға тән күй.
26 Маусым, 2020
Биыл ел астанасы ерекше қарлы болды. Коммуналдық қызмет өкілдеріне техника құралдары жетпей, шаһарды қардан тазартып үлгере алмай әбігерге түсті. Әлбетте Арқаның ақша бұлттары кең далада кедергісіз соғатын желмен көсіле көшіп, жауын-шашынның бұл төңірекке түсуіне мүмкіндік бере бермейтіні белгілі.
04 Наурыз, 2020
Былтыр елімізде кедейлік шегіндегі көп балалы аналар мен отбасыларды қолдауға арналған іс-шаралар қабылданғаны белгілі. Биыл атаулы әлеуметтік көмек беру жүйесіне бірқатар өзгертулер енгізіліп, табысына қарамастан 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға тұрақты жәрдемақы және табысы төмендеріне оған қоса атаулы көмек беріле бастады.
22 Қаңтар, 2020
Виртуалды Қазақстан медиакешені болса...
Жуырда Мәскеуге жол түскен еді. Сапар барысында көне шаһардың көрікті жерлерін араладық. Сонда көңілден шыққан бір дүние – қозғалмалы, яғни динамикалық кинотеатр болды. Бұл өзі туристік әлеуетті танытуда таптырмайтын тетік екен. Зарядье паркінде орналасқан «Полет» атты медиакешенге Кремльдің көне мұнараларын аралап шығып, мейрамханада түстеніп алған соң бас сұққанбыз. Бастапқыда біздің жол бастаушы серігіміз «Қазір ұшамыз» дегенде шын мәнінде әлдебір үрлемелі алып шарға отырғыза ма, әлде әткеншекке мінгізе ме, дирижабль ме, әлде не құрал екен деп екіұдай күйде елеңдегеніміз рас.
03 Желтоқсан, 2019
«Айтсам, тілім күйеді, айтпасам, ділім күйеді» дегендей, мемлекеттік тіл маңындағы мәселелерге тоқталсақ, жарасы жазылмаған жануардай хәлден әлі арыла алмай келе жатқан жұрт екенімізді аңдаймыз. Тілімізден емес, мінімізден көретін келеңсіз-ақ жайт.
11 Қазан, 2019
Оқу – мәдениеттің төресі. Осы уақытта оқығанның беті жарық, оқымағанның беті көн шарық. Оқысаңыз білгір боласыз, оқымасаңыз ділгір боласыз. Бүгінде оқу мәдениетінен айырылып қалдық. Қоғамда қарапайым сауаттылықтың қарабайыр мәселеге айналуы осы ойға қазық байлауымызға мәжбүр қылып, беймаза күйде жүретінбіз. Ойдан ой боталайтын осы бір келеңсіз ахуалдан жол табудың нәзира үлгісін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетіп отыр.
20 Қыркүйек, 2019
Таудан арқасы бардың, тастан жүрегі бар. «Асу бермес асқар жоқ» деп аспанмен астаса асқақтаған алкеуде шыңдарға өрмелейтін альпинизм спорты екінің біріне ермек емес. Ердің ері – егеудің сынығы ғана тәкаппар тау қабырғасында қос тігуге жүрегі дауалайды. Батылдық пен батырлықтың, қайтпас қайсарлық пен қажымас қайраттың, мұқалмас күш-жігердің, ең бастысы өршіл рухтың сыналатын спорты осы альпиниада болса керек. Иманың қасым болатын иен таудағы құлама құздар мен қалың қар астында жатқан мұз жыралар, терең үңгірлер мен ұры ұралар «тәуекел түбі – жел қайық» деп салдыртып өте шығатын ашық айдын емес, тас жұтар тәуекелден де құдіретті күш – заңғар биіктікке, адам аяғы баса бермес айрықша сұлулыққа, бірақ қойны-қонышы суық та қаһарлы сұлулыққа деген құштарлық шығар, бәлкім. Оны таудың аққалпақ төбесіне табаны тигендер біледі.
23 Тамыз, 2019
«Отырамын деп еріншек өлер, жаманға жақсылық қыламын деп көңілшек өлер». Қоғамымызда белең алып бара жатқан кей құбылыстар осы сөзді ойға оралтады. Қараңызшы, қайда барсаңыз да жұмыссыздық мәселесі алдымыздан шығады, қайда барсаңыз да қол жайған қайыршыдай бюджет қаражатынсыз қадам баспайтын қалың жобалар қаулап кеткенін көресіз. Бейнебір жалқаулық пен іскерліктің арасы бір-ақ тұтам іспетті әсер қалдырады. Әрине, мемлекеттің қолдауы қажет. Бірақ кез келген саланы өркендетуі, инвестициялауы тиіс кәсіпкерліктің өзі үкіметтік қолдаудың инесіне отырғанын аңдау қиын емес. Бұл – қауіпті үрдіс. Масылдықты маңайлатпау үшін не істеуге болады?
17 Шілде, 2019