Редакция таңдауы
Мемлекеттік қызмет «Blockchain» арқылы көрсетілмек
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Blockchain» технологиясын мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісіне алғаш болып енгізді. Әзірше бұл технология жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу бойынша жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты қолданыла бастады. Алдағы уақытта бұл тәжірибе басқа да кең таралған қызметтерге енгізілуі ықтимал.
29 Желтоқсан, 2020
Тарихи оқиғалар тоғысқан кітап
Ұлттық музейде «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы 4-томының (Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы) тұсаукесер рәсімі өтті.
29 Желтоқсан, 2020
Жақсы бастама жалғасуымен бағалы
Биыл елімізде «Волонтер жылы» болып жарияланғаны белгілі. Осындай кезеңде пандемияның қатар келуі еліміздегі еріктілердің сын сағаты болды десек артық айтқандық емес. Бүкіл әлем бетперде киіп, үйге тығылып отырғанда еліміздің түкпір-түкпірінде волонтерлер тұрмысы төмен, мүмкіндігі жоқ отбасыларға азық-түлік жеткізіп беруге, ауыр сынақты жеңілдетуге жәрдемдесті.
29 Желтоқсан, 2020
Биылғы «Волонтер жылы» әлемде таралған коронавирус індетімен тұспа-тұс келді. Елімізде де таралып жатқан індеттен қорғанудың бір жолы – халықтың амандығы үшін үйден көп шықпау. Жанымызға жақын адамдарды індеттен сақтау, үлкен кісілерге көмек көрсету. Осы тұста волонтер жастардың еңбегі зор.
29 Желтоқсан, 2020
Қытай билігі Alibaba Group-қа қатысты монополияға қарсы тергеу процедурасын бастады. Бұл туралы Wall Street Journal хабарлады.
29 Желтоқсан, 2020
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген отыз жылға жуық уақыт ішінде бір ауыз қазақша үйренуге жарамаған кей отандастың жан-бейнесіне үңілгенде, сонау бір жылдары Жапонияда өткен Қазақстан мәдениеті мен өнері күндері жобасы жадымызда еріксіз қайта жаңғырады.
29 Желтоқсан, 2020
«Су-30см» ұшақтары кеңістігімізді күзететін болады
Қазақстанның көрші Ресей Федерациясымен әскери саладағы ынтымақтастығы жылдан-жылға дамып келеді. Соның бір жарқын дәлеліндей, таяуда Иркутск авиациялық зауытының ұшқыштары шекараны көктей өтіп, «Су-30СМ» ұшақтарын Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы авиациялық базаға жеткізді.
29 Желтоқсан, 2020
Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы отандық вакцина салдырды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы QazCovid-in қазақстандық вакцина ектірді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Желтоқсан, 2020
Pfizer компаниясы елге вакцина жеткізеді
Бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстан Pfizer компаниясымен келісімге келіп, коронавирусқа қарсы вакцина жеткізуге қамданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
28 Желтоқсан, 2020
Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Темірболат Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Желтоқсан, 2020
Жаңа жыл қарсаңында қосымша вагондар іске қосылады
Қазақстанда темір жол саласы жаңа жылдық кезеңдегі жолаушылар тасымалының ағынына дайындалып жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Желтоқсан, 2020
Елімізде қанша өңір «қызыл» аймақта тұр?
Коронавирус індетінің таралуы бойынша төрт облыс «қызыл» өңірде болса, екі қала «сары» аймақта тұр, деп хабарлайды Egemen.kz
28 Желтоқсан, 2020
Қызылордада отыздан астам мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды
Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен 31 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев брифинг барысында айтты.
28 Желтоқсан, 2020
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» тұрақты біріншіліктің өз айдынындағы матчтар сериясын жеңіспен бастады.
28 Желтоқсан, 2020
Қазақстандық жеңіл атлетші, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина спорттық жеке заттарын елордадағы Ұлттық музейге тарту етті.
28 Желтоқсан, 2020
Қазіргі қазақ қоғамында бәрімізді толғандыратын мәселелер жеткілікті. Оларды күнкөріс қамынан бастап рухани құндылықтарға дейін тізбелей беруге болады. Осы қоғамда өмір сүріп жатқан біз күнделікті түйткілдерді шешуге қандай үлес қоса аламыз? Әлде барлық мәселені үкіметке және жергілікті билікке ысырып тастап, тек сын тағып, талап қойып қана жүрміз бе?
28 Желтоқсан, 2020
Жұмыс таппай сенделіп жүргендер жоқ
Осыдан алты жыл бұрын «Серпін» бағдарламасы қолға алынып, оңтүстіктің жастары солтүстік пен шығысқа бет түзеді. Білім алып, жұмыс істеуді мақсат етті. Сол уақыттарда «Серпіндіктер» сенделіп қалмай ма? Оқу орындарының есігі айқара ашылғанымен, ертеңгі күні жұмыспен қамтыла ма?» дегендей ой-пікірлер де айтылған-ды.
28 Желтоқсан, 2020
«Қазақстандық отбасылар-2020» ұлттық баяндамасының жобасы сараптамалық талқылаудан өтті. Құжатты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғыру» қазақстандық әлеуметтік даму институтының отбасы институты зерттеу орталығымен бірлесіп әзірледі.
28 Желтоқсан, 2020
«Астана балет» театрында стриминг сервисі іске қосылады
Астаналық театр спектакльдерді 360 градус форматында тамашалауға мүмкіндік беретін «Ab-media» атты Қазақстандағы алғашқы театрлық стриминг сервисін іске қосады. Жаңа алаңның тұсаукесері «Астана балет» театрында 28 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Желтоқсан, 2020
Қазақстанда мереке күндері ауа райы қандай болады
Жаңа жыл мерекесі кезінде республиканың көптеген облысында аяз болады. Кей өңірде 42-43 градусқа дейін аяз түседі, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидромет мамандарына сілтеме жасап.
27 Желтоқсан, 2020