Оқи отырыңыз
Майдан даласынан табылған бәкі
Ұлы Отан соғысында Ленинград маңында ұрыстарға қатысқан қазақ жауынгерінің жоғалған бәкісі 80 жылдан кейін майдан даласынан табылды.
23 Мамыр, 2020
Тараздықтарға 3000-нан астам медициналық маска таратылды
Бүгінде әлем халқын алаңдатып отырған коронавирус індетін жұқтырғандар саны Жамбыл облысында 200-ден асты. Өңірде қазіргі кезде карантиннің барлық талаптары сақталуда. Сонымен қатар, тараздық тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Елімізде төтенше жарияланған күннен бастап жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен мыңдаған медициналық маскалар тігіліп, халыққа тегін таратылған болатын. Бүгінгі таңда да көне шаһарда бұл бастама жалғасын табуда.
23 Мамыр, 2020
Елордада тұрғын үй кешенінің құрылысы қайта жанданды
Елордадағы ең проблемалық құрылыстардың бірі қайта жанданды. Құрылыс жұмыстары «Шығыс» тобының тұрғын үй кешенінің 2А, 2В, 3А, 3В нысандарында басталды.
23 Мамыр, 2020
Асқар Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен танысты
Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы және су шаруашылығының, сондай-ақ тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның дамуын тексерді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
23 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтан автобустары линияға шығар алдында толық дезинфекциядан өтеді
Қоғамдық көліктің жандануына байланысты автобустар мен аялдамаларда күнделікті дезинфекция жасалынады. Линияға шығарылар алдында әр автобус дезинфекцияланады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
23 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтанда Covid-19 жұқтыру қаупі бар орындар залалсыздандырылып жатыр
Елордада саябақтар, гүлзарлар, қоғамдық кеңістіктер, әлеуметтік нысандар аумағы, базарлар, сауда орталықтары, аялдамалар, автобустар дезинфекцияланып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
23 Мамыр, 2020
Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны 4100-ден асты
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы елімізде тағы 72 адамның коронавирустан айыққанын хабарлады.
23 Мамыр, 2020
Елордада жұмысын қайта бастаған сауда орталықтарында маскалар таратылды
Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
23 Мамыр, 2020
Елордада карантин режимі жеңілдемейді
Нұр-Сұлтанда карантин режимі жеңілдемейді, тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Қаланың периметрі бойынша блок бекеттер жұмысын жалғастыруда. Қаланы патрульдеу, кәсіпорындардың санитарлық нормаларды сақтауы, халық арасында түсіндірме жүргізуге полицейлердің барлық құрамы жұмылдырылды. Дәрігерлер мен волонтерлер және тағы басқалары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
23 Мамыр, 2020
Жезқазғанда 13 адам коронавирус жұқтырды
Бүгін Жезқазған қаласында 13 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық негізде расталды, деп хабарлады Жезқазған аймағы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ранова.
23 Мамыр, 2020
Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Жалағаш ауданында болды
Сапар барысында аймақ басшысы елді мекендердің жағдайымен, әлеуметтік нысандардың жұмысымен және «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
23 Мамыр, 2020
Әскерилер ҰОС қатысушысының сүйектерін туыстарына табыстады
1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында Ресей Федерациясының Смоленск облысының аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгер Медет Аманжоловтың сүйектерін туыстарына беру рәсімі елордалық авиациялық базада өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
23 Мамыр, 2020
Бір көшеде екі жердегі жаяуларды екі машина соқты
Кеше Петропавлдың Чайковский көшесінен Астана даңғылына қарай бұрылған кезде «Daimler» көлігі жаяу жүргіншіге бағдаршам талабына сәйкес жол бермей, соғып кеткен. Алғашқыда талып қалған қаланың 23 жастағы тұрғыны ауруханаға жеткізілген соң есін жинап, медициналық тексерістен өткен соң үйіне жіберілді.
23 Мамыр, 2020
Карантинде тигізген көмек ұмытылмайды
СҚО-дағы Ғабит Мүсірепов ауданының Червонное ауылы облыстағы коронавирустық инфекция ошақтарының біріне айналған. Осы шағын ауылдан ғана мамыр айында 3 инфекция жұқтырған адам табылды. Олар үшеу ғана болғанымен жұқтырушылар көп болатыны белгілі. Ал ауыл тұрғындарына қаладағыдай қатаң карантиндік талап орната алмайсың. Бір-бірін жақсы білетін тұрғындар індетті елемей, режімді сақтамай жүре береді. Осы жағдайды ескеріп облыстық Полиция департаментінің басшылығы жедел қимылдайтын арнайы жасақтың он қызметкерін аудандық полиция бөліміне көмекке жіберген еді.
23 Мамыр, 2020
Шымкентте полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық істер бойынша ұсыныстар қаралды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
23 Мамыр, 2020
СҚО-да патрульдер құтқарушының да қызметін атқарып жүр
Өткен жылы Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес Солтүстік Қазақстанның патрульдік полиция экипаждары құтқару құралдарымен жабдықталған болатын. Қазір полицейлерде төтенше жағдай кезінде пайдаланылатын 20 құтқару жиынтығы бар. Бұл жиынтық құтқару жилеті, дөңгелек, арқан, өрт жамылғысы, металл кесетін ара мен қайшы, ауыр балға, шам және тағы басқа тұрады.
23 Мамыр, 2020
Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған әйел қайтыс болды
Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев жергілікті арнадағы тікелей эфирде коронавирус жұқтырған әйелдің жағдайы күрт нашарлап, реанимациялық құтқару шарасына қарамастан көз жұмғанын хабарлады.
23 Мамыр, 2020
Шымкентте мемлекеттік органдар мен оқу орындарында egov.kz порталының бұрыштары ашылды
Шымкенттегі мемлекеттік органдар мен оқу орындарыны ғимараттарында egov.kz электрондық үкімет порталының бұрыштары пайда болды. Енді тұрғындар қаладағы 315 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағынан электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.
23 Мамыр, 2020
Атырау: Полицейлер құжат рәсімдеуге көмектесіп жатыр
Облыстық полиция полиция департаментінің көші-қон қызметі және Халыққа қызмет көрсету орталығының жергілікті филиалымен бірлескен мобильді топтар құрылды.
23 Мамыр, 2020
Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 34 адам анықталды
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша 22 мамыр күні Шымкентте 34 тұрғыннан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Оның 19-ы вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болса, екеуі ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. 12-сі скрининг нәтижесінде анықталған. Біреуі халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.
23 Мамыр, 2020