Оқи отырыңыз
Халықаралық Qazaq kuresi федерациясына 2 жыл толды
Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы өз жұмысын бастағанына биыл екі жыл.
25 Сәуір, 2019
Бокстан Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгін жартылай финалдық сайыстары өтеді. Қазақстанның ерлер құрамасының жеті мүшесі осы межеге сүрінбей жетті. Әзірге бұл жаман нәтиже емес. Десек те жанкүйерлер алдағы күндері де жерлестерімізден жарқын жеңістер күтеді. Өйткені біздің басты мақсатымыз – барынша көп алтын алып, жалпы командалық есепте көш бастау.
25 Сәуір, 2019
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 25 сәуір күні Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың батысында ғана ашық күн райы болжанады. Жекелеген аймақтарда тұман мен екпінді жел сақталады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
25 Сәуір, 2019
Бүгін «Ауыл» партиясы өз кандидатын жариялайды
2019 жылдың 25 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезі өтеді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
25 Сәуір, 2019
Парасаттылыққа негізделген шешім - Арсений Сивицкий
Қазақстандағы маусым айына белгіленген президент сайлауы ішкі және сыртқы жағдайлар есепке алынған стратегиялық қадам деп есептеймін. Сондықтан сайлауалды және сайлау үдерісі мемлекеттің ішкі заңдары мен халықаралық қоғамдастықтың талаптарына сәйкес ашық және шынайы өтуде.
25 Сәуір, 2019
Түркістан: Ауыр салмақтағы жүк көліктеріне қарсы рейд шарасы өтіп жатыр
Түркістан облысындағы облыстық маңызы бар жолдарда шамадан тыс жүк артқан және ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын шектеуге қатысты рейдтік шаралар басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Сәуір, 2019
«Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мәлімдемесі
«Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Nur Otan партиясының ХІХ съезінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасының ұсынылуына қолдау білдіретіні жөнінде арнайы мәлімдеме жариялайды.
25 Сәуір, 2019
Сенат комитетінде халықаралық құжаттар қаралды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
25 Сәуір, 2019
Рейтинг жоғары болса, көрермен қалауы
Кеше елордада «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бірқатар азаматтың өтініш-тілектерін тыңдады.
25 Сәуір, 2019
Түркістан: Созақ ауданында өңірлік өнім көлемі 245 млрд теңгеден асқан
Түркістан облысы Созақ ауданында 2018 жылдың қорытындысымен 245 млрд 184 млн теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
25 Сәуір, 2019
Көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз еді...
Көзі тірі болғанда абзал азамат, көрнекті ғалым, өнертапқыш, техника ғылымдарының докторы Анвар Акчурин үстіміздегі жылдың 28 сәуірінде 75 жасқа толатын еді.
25 Сәуір, 2019
Мемлекеттік Орталық музейде академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақтың ұлы ғалымы» атты көрме ашылды.
25 Сәуір, 2019
Желтауда табиғи саябақ салынады
Ежелден ел қонысы болған Жылыой жерінің табиғаты таңғажайып. Атырау аймағының ең биік нүктесі – осы ауданның шығыс бетінде орналасқан Желтау.
25 Сәуір, 2019
Жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған «Бала дауысы» ұлттық балалар байқауының төртінші маусымының іріктеу кезеңі Қызылжар өңірінде өтті.
25 Сәуір, 2019
Қостанайлықтарға әдемі әсер қалдырған көрмесін суретші-мүсінші Александр Воткал «Әсерлі сәттер мен жылдар» атапты. Оның мамандығы инженер. Алайда бойға біткен өнер бәрібір өзінің жолына салады екен. Әулиекөлдегі Аманқарағай кентінде туып, қалың қарағай орманын кезіп өскен бала ағаштан мүсін жасауға әуес болды. Рудный индустриялық институтын жақсы бітіргенімен, ол өнерді тастай алмады. Александр Николаевичтің бағына қарай, ол белгілі мүсінші Леонид Белоусовтан тәлім алды. Леонид Прокопьевичпен өткізген он жылда ол өзін шығармашылыққа толық бағыштады. Арнайы білімі болмаса да, мүсін мен сурет өнерінің қыр-сырын ұстазынан үйренді, терең бойлады.
25 Сәуір, 2019
Мың шыбық шаншып өсірсең, халқыңа орман салғаның, халқыңа орман салғаның, өзіңе қорған салғаның, дейді халық даналығы. Бір тал кессең, он тал ек деген қағида тағы бар.
25 Сәуір, 2019
«Нұр Отан» партиясының ХІХ кезектен тыс съезінде ұсынылған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау бойынша өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағалары және олардың мүшелері, кәсіпкерлер, «Жаңғыру жолы» аймақтық жастар штабының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқандөңгелек үстел Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде өтті.
24 Сәуір, 2019
Бақыт Сұлтанов: Әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй кезегі жылдамырақ жылжитын болады
Бүгін қала әкімі көпбалалы аналармен кездесуде тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешілетінін айтты деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
24 Сәуір, 2019
Шымкентте агро-индустриалды аймақтың көлемі 136 гектарға артуда
Шымкентте 136 га агро-индустриалды аймақ құрылады. Бұл туралы «Кооперативер базасында қалалық жағдайда ауыл шаруашылығын дамыту» тақырыбында өткен семинар-шеберлік сабағында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков айтып өтті.
24 Сәуір, 2019
Қ. Серікұлы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
24 Сәуір, 2019