Оқи отырыңыз
Балқашта су деңгейі 8 см-ге көтерілді
Трансшекаралық Іле өзенінен Балқаш көліне су жіберу жалғасып жатыр. Осыған байланысты Балқаштағы су деңгейі 8 сантиметрге көтерілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
20 Мамыр, 2024
Құлсарыдан 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Құлсары қаласының су басқан аулаларынан 10 тоннадан астам қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылған. «Жылыой Тазалық ЖШС учаскесінің бастығы Асқар Теміржан айтып өткендей, аталған мекеме қызметкерлері су басқан үйлерден күніне 1,7 тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтарды шығарып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
19 Мамыр, 2024
«Бірі - алтын»: Милад Карими Азия чемпионатында үш медаль иеленді
Өзбекстанда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Милад Карими спорттық мансабында алғаш рет керме жаттығуы бойынша чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
19 Мамыр, 2024
«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды
«Атырау – Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суын өткізу жалғасып жатыр. Бұндай шешім өр суының мол келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елді мекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Мамыр, 2024
Батыс Қазақстан облысында тасқын судан зардап шеккен елді мекендердің бірқатарында дезинфекциялау жұмысы аяқталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
18 Мамыр, 2024
Петропавлдың Ойқала шағын ауданын 13 сәуірде тасқын су басқанда үйлерінің төбесіне шығып, ұйықтап қалған ағайынды екі жігіттің бірі жоқ болып кеткені туралы айтылып, оның әзірге табылмай тұрғаны жеткізілген.
18 Мамыр, 2024
Цифрландыру жүк тасымалын жеделдете түседі
Бақыт Ержанов Қазақстандағы теміржол жүк тасымалының 95 пайызға цифрландырған «Networks Energy» стартапын құрған. Осы шешімнің арқасында компаниялар «А» нүктесінен «Б» нүктесіне тауар тасу үшін бума-бума құжат жинап жүрмейді. Қағазбастылық машақатынан арылған. Деректерді стартап жүйесіне енгізсе, ол қажетті жол-тауар құжаттарын дайындап, тасымал құнын есептеп береді.
18 Мамыр, 2024
Қазақстанда ESG күн тәртібін жүйелі қалыптастыру қажет - Мәулен Әшімбаев
Бүгін Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ESG қағидалары теңгерімді орнықты даму идеологиясы саналатынын, соған қарамастан Қазақстанда ESG күн тәртібін үйлестіру әлі күнге дейін орталықтандырылмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Мамыр, 2024
Өзбекстаннан келген Аман Қонысбеков бұрынғы командаласынан жеңілді
71 кг салмақ дәрежесінде ел құрамасы сапына жаңадан қосылған Аман Қонысбеков «Елорда кубогі ІІІ» халықаралық турнирінде бұрынғы командаласы, Өзбекстан чемпионы Хавасбек Асадуллаевқа есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
17 Мамыр, 2024
Найзағай ойнап, бұршақ жауады: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» синоптиктері 18, 19 және 20 мамырға арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Мамыр, 2024
Нұрбек Оралбай қарсыласқа өте ыңғайсыз боксшы - Мырзағали Айтжанов
Төрт жылдықтың басты додасы – Париж Олимпиадасының басталуына санаулы айлар қалды. Ұлттық құрама спортшылары лицензиялық турнирлер мен рейтингтік додаларға қатысып, қоржынды мейлінше көп жолдамамен толықтыруға бар күш-жігерін салып жатыр. Ал лицензия алып қойған отандастарымыз жеке бағдарлама бойынша шеберліктерін шыңдап, маңызды жарысқа тыңғылықты дайындалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
17 Мамыр, 2024
Елімізде жаңа партия пайда болуы мүмкін
Биыл Қазақстанда тағы бір саяси партия пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Мамыр, 2024
Тарихи медаль: Милад Карими Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Өзбекстан астанасы Ташкентте спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз көпсайыс қорытындысында күміс медаль жеңіп алып, ел қоржынына тарихи медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Мамыр, 2024
Алматыда өртеніп жатқан үйден 4 адам құтқарылды (видео)
Алматыда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 3 ересек адам мен 1 баланы аман алып шықты, деп жазады Egemen.kz.
17 Мамыр, 2024
Ертіс-Баян өңіріндегі дала төсі дүбірге толы. Диқандар көктемгі егіс жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Қазіргі уақытта межеленген егіс алқаптарының 8 пайызына тұқым себіліп, ылғал жабылған. Қазіргідей ашық күндер жалғаса берсе, мамыр айының соңына дейін науқан толығымен аяқталады деп күтіліп отыр.
17 Мамыр, 2024
Өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері
Астана қаласында Орталық Азия елдерінің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының алғашқы отырысы өтті. Жиынға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.
17 Мамыр, 2024
Мамандардың дерегіне жүгінсек, елімізде соңғы жылдары ірімшік өндіру көрсеткіші 10 пайызға дейін артқан. Дегенмен отандық өнімдер сұраныстың 55 пайызын ғана қанағаттандырып отыр. Бұл, әрине, аз. Осы орайда өткен жылы Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуді міндеттегенін еске сала кетейік. Сондай-ақ Президент ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу, өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамытуға басымдық беру қажеттігін айтты.
17 Мамыр, 2024
«Қазақмыс» 100 үйдің құрылысына қаржы бөледі
Өткен жолы «Қазақстан халқына» қоры Солтүстік Қазақстан облысының тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына арнап 100 типтік тұрғын үй салуға 2,7 млрд теңге бөлгенін жазған едік. Осы үйлердің құрылысы қазір «Солнечный-2» шағын ауданында қарышты қадаммен жүріп жатыр.
17 Мамыр, 2024
Жетісуда облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың бастамасымен былтырдан бері «Әдеп-құқықтық тәрбие жөніндегі ментор» жобасы қолға алынған еді. Жастар арасында түрлі психологиялық соққыға қарсы иммунитет түзуге жәрдемдесетін жоба өз тиімділігін көрсетіп жатыр. Соның әсерінен өңірде суицид пен қылмыс саны азайған. Оқушыларды рухани байытып, өмір жолына өнеге себетін игілікті іс аудандарды да қамтымақ.
17 Мамыр, 2024
Экономика көрсеткіші халық тұрмысымен өлшенеді
Әлеуметтік қамсыздандыру – мемлекеттік даму көрсеткіштерінің бірі. Республиканың үшінші мегаполисінде әлеуметтік қолдау саласында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр.
17 Мамыр, 2024